25.09.2026 — Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Биыл қармен күреске 284 қар тазалағыш техника жұмылдырылмақ

Инфрақұрылым
06.12.2022, 09:26
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Иә, қылышын сүйретіп қыс келді. Қарашаның соңына қарай республиканың солтүстік және шығыс аудандары мен орталығында қар жауып, бұрқасын соғып, қатты аяздар басталды. Ал қыстың алғашқы айы желтоқсанның келуімен оңтүстік аймақтарда да қар түсіп, күн күрт суытты. «Қыс шанасын жаз сайлап» үйренген теміржолшылардың биылғы қысқа қамданысы қалай?

Биыл қармен күреске Магистральдық желі дирекциясы бойынша 284 қар тазалағыш техника жұмылдырылмақ. Бүгінде оның 90%-ы тұрақты жұмыс істеуге сақадай сай тұрса, деполық және күрделі жөндеуден өткізуге 68 арнайы жылжымалы құрам кіргізілген. Бүгінге дейін 50-ден астам техника жөндеуден өткен.  

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС локомотивтер мен вагондардың қыс маусымына әзірлігіне биыл да ерте қам жасаған. Соның арқасында бүгінде межеленген 1370 локомотив қысқы режимге толық көшірілген. Жалпы, ұлттық компания бойынша биылғы қатал маусымға 1354 бірлік жолаушылар вагоны мен электропойызын қысқы режимге көшіру жоспарланған. Нақтысында 1276 бірлік жылжымалы құрам толықтай әзірліктен өткен. Сонымен қатар байланыс желілерінде мұздың қатуын болдырмау үшін 19 вибропантограф дайындалса, ЭСО, ФРЭС роторлық машиналарына тартымдық қызмет көрсету үшін 22 локомотив сынақтан өткен.  

Ұлттық компанияның филиалдары мен еншілес ұйымдары 2022-2023 жылдардың қыс маусымына дайындық барысында 231 іс-шараны орындауды жоспарлаған. Бүгінде бұл шаралардың 90 пайыздан астамы жүзеге асырылған. Сондай-ақ, биыл қыс маусымына 461 қазандық пен 84 жылу трассасы және төрт мыңға жуық ғимарат пен жасанды құрылыстар дайындықтан өткен. Қазір олар қалтқысыз қызмет етіп тұр.  

Компанияның желілік бөлімшелерінде «алғашқы қыстаушылар» мәселесіне де айрықша көңіл бөліп, олар арнайы оқытылып, тәжірибелі мамандарға бекітіледі. Осы ретте, атап өтерлігі, қолданыстағы Ұжымдық шартқа сәйкес тәлімгер теміржолшыларға еңбекақының тарифтік мөлшерлемесінің 20% мөлшерінде қосымша ақы төленеді. Биылғы жылы Компания бойынша барлығы 5822 адам алғашқы қысын қарсы алмақ, олар қыс маусымында жұмыс істеудің қыр-сырына қанығып, тиісті емтиханнан өткен.  

Желтоқсан айында-ақ қыса бастаған «кәрі құда» кәріне мінсе, қосымша резервтер іске қосылады. Демек, алдағы қысқа теміржолшылар сақадай сай деген сөз.  

 

Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде