«Теміржолсу» АҚ темір жол көлігі жүйесінің 100-ден астам нысанын жөндеді

Инфрақұрылым
09.02.2023, 12:06
Оқуға 2 мин

«Теміржолсу» АҚ 2022 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісі бойынша станциялар мен разъездерде теміржол көлігі объектілерін сумен және жылумен жабдықтау жүйелерінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Мәселен, Достық станциясында апатты жағдайда тұрған орамішілік жылу және су құбыры жүйесі желілерінің 10,8 км күрделі жөндеуден өтті. Бұл жылыту кезеңінде 78 тұрғын үйді үздіксіз жылумен қамтамасыз етті.

111 теміржол вокзалында жылыту жүйелерін жуу және сығымдау жүргізілді. 21 вокзалда 1 км астам инженерлік желілерді ішінара ауыстыра отырып, жөндеу жұмыстары жүргізілді.

«Теміржолсу» АҚ қызметкерлері Екібастұздағы төтенше жағдай кезінде жылумен жабдықтаудың зақымдануын жоюға белсенді қатысты. 15 бригаданың күшімен қалалық тұрғын үй қорының 10 көппәтерлі үйінде сумен және жылумен жабдықтау желілері және «ҚТЖ» ҰК» АҚ 15 объектісінде жылу желілері толық қалпына келтірілді.

Бұдан басқа, «ҚТЖ» ҰК» АҚ кәсіпорындарында қызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту шеңберінде «Теміржолсу» АҚ іс-шаралар кешенін өткізді. Локомотив және жол шаруашылығының 64 ғимараты мен құрылыстары жөнделді. 300 қызметтік-техникалық үй-жайларды (тамақтану және жылыту бөлмелері, душ, киім-кешек бөлмелері және т.б.) жаңарту бойынша жұмыстар орындалды. Электр монтаждау жұмыстары, ішкі үй-жайлар мен қасбеттерді әрлеу жүргізіліп, сантехникалық құрылғылар, терезелер, есіктер, төбе жабындары ауыстырылды. Жылы едендер орнатылып, ішкі және сыртқы инженерлік желілерді жылыту жүйелері жөнделді және т. б шаруалар да атқарылды.

«Теміржолсу» АҚ – «ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес ұйымы, шалғайдағы теміржол станциялары мен разъездерінде сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау қызметтерін ұсынады.

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды