Жүз ғимарат жөндеуден өтеді

Инфрақұрылым
04.07.2023, 10:32
Суретті түсірген Александр Жабчук
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Магистральдық желі дирекциясы Өндірістік ғимараттарға жөндеу жүргізу бағдарламасын бекіткен. Аталған бағдарлама аясында 2026 жылға дейін 1431 объектіге ағымдағы жөндеу және 191 объектіге күрделі жөндеу жүргізіп, жаңарту жоспарланған.  

Үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында Магистральдық желі дирекциясы 100-ден астам өндірістік ғимаратты жөндеуді жоспарлаған болатын. Қазіргі таңда өндірістік ғимарат пен үй-жайларды жөндеу жұмыстары басталды. Бүгінгі таңда магистральдық желінің Қостанай, Шымкент және Маңғыстау бөлімшелеріндегі 14 нысанда өндірістік процестер аяқталды. Ал Апановка станциясындағы тартымдық қосалқы станциясы мен байланыс желісі ауданының ғимараты, Игілік, Шойтөбе, Дарбаза және басқа да объектілердегі табельдер жөнделген. Сонымен қатар 50-ге жуық нысанды жаңарту бойынша жұмыстар аяқталуға жақын. Жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде объектілердің қысқы кезеңде жұмысқа дайындығына ерекше назар аударылып отыр.  

Ал Компанияның еншілес ұйымы «Кедентранссервис» АҚ болса, өз қызметкерлеріне модульдік санитарлық-тұрмыстық үйлер сатып алуда. Осындай үйлердің алғашқысы аталған компанияның Қарағанды филиалына орнатылды. Ол кран машинистері мен қабылдап-тапсырушыларға арналған. Модульді үй сантехникамен, кондиционер, су жылыту, қуат көзі, өрт белгісі, жылыту жүйелерімен жабдықталған. Тіпті, үйде, асүй аймағы жабдықталып, жиһаздар қойылған. Өндірістік персоналдың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту бағытында еңбек қорғау бойынша кешенді шаралар қабылдаған кәсіпорын жылдың соңына дейін тағы үш үй сатып алуды жоспарлап отыр.  

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда