Құлсары жолы жаңарып жатыр

Инфрақұрылым
21.08.2025, 08:53
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Қозғалыс қауіпсіздігін сақтау, станциялардың өткізу қабілетін, пойыздар жүрісінің жылдамдығын арттыру үшін жол сапасы жақсы болуы шарт. Соған сәйкес Атырау өңірінде әлі де болса жаңартатын жолдар күрделі жөндеуден өтетін болып бекітіліп, қазіргі уақытта оның біраз бөлігі салынып бітті.  

«Соның ішінде Құлсары жол дистанциясы бойынша 8 тамызда басталған күрделі жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Қазір дистанция бойынша 10,4 шақырым жол салынып бітті. Яғни былтырғы Қоркөл-Рзд-464 аралығында белгіленген 31,5 шақырым жолдар әрі қарай жалғасып салынуда. Аталған участокте бұрынғы ағаш шпалдар түгел алынды. Жердің негіздемесі төселіп, шебін төсеу, жерді нығыздау, басқа да технологиялық талаптарға сай жұмыстар жасалды», - дейді Құлсары жол дистанциясының өндірістік-техникалық бөлім маманы Кәмшат Жапалова.  

Ия, аймақта жолды күрделі жөндеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Биыл өңірде 66,7 шақырым жол күрделі жөндеу жасауға жоспарланған еді. Соның ішінде Құлсары жол дистанциясы бойынша 26,321 шақырым.  Соған сәйкес қазіргі таңда ол жұмыстардың 10, 4 шақырымы жүргізілді, қалған 12 шақырымдай жолды салу жалғасып жатыр.  

Жұмыстар рзд.465-Майкөмген-рзд.467-468 аралығында 6 сағаттық «толаскез» алынып, Құлсары-Бейнеу учаскесінде жүргізілуде. Атап айтқанда, рзд465-Майкөмген аралығында 18,20 шақырым жолды күрделі жөндеу керек болса, сол учаскедегі 1170-1189 шақырымның 2,400 м салынды.  

Бұл жолдарды «Интегра» компаниясы салуда.  Сол секілді ст.Майкөмген-рзд467 арлығындағы 1189-1197, яғни 8 шақырым жол «Ағадыр» мердігер компаниясымен салынды. Сонда дистанция бойынша бүгінге жоспарланған жолдың 10,4 шақырымы түгелдей салынып бітті.  

Сондай-ақ, биыл 8 шақырым жолда ескі Р-50 рельстерін жаңа Р-65-ке ауыстыру көзделіп, қазіргі уақытта Құлсары станциясы, Рзд-Қоркөл-461-463-464 бекеттерінде оның басым бөлігі орындалды.  

Сонымен қатар, Құлсары станциясында 10 жиынтық темірбетон бағыттамалы бұрмаларды ауыстыру жұмыстары да жүргізіліп, 5 ескі бұрма жаңа Р-65-ке ауыстырылған. Жалпы, жыл басынан бері станция жолдары мен бағыттамалы бұрмалардың жағдайын жақсарту және нығайту бойынша 21,85 шақырым жұмыс жасалған. Бағыттамалы бұрмалардың желінуін азайту мақсатында 10 бұрмаға протекторлар орнатылған. «Бұл қозғалыс қауіпсіздігін жақсартуға мүмкіндік береді» дейді мамандар.  

 

Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті