25.09.2026 — Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Транскаспий дәлізін дамыту: Олжас Бектенов Маңғыстаудағы стратегиялық жобалардың жүзеге асуын тексерді

Инфрақұрылым
23.07.2026, 12:24
Сурет: Үкімет сайтынан
Қазақстан теміржолшысы

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірдің экономикалық әлеуетін арттыру және көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысымен танысты. Сапар аясында негізгі назар Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) дамытуға бағытталған жобаларға аударылды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Ақтау халықаралық әуежайында Премьер-министрге Маңғыстау облысының көлік-логистикалық мүмкіндіктері туралы баяндалды. Каспий теңізіне тікелей шығу мүмкіндігі мен Ақтау портының инфрақұрылымы өңірді Транскаспий халықаралық көлік бағытының негізгі буындарының біріне айналдырып отыр.

Соңғы үш жыл ішінде Қазақстан порттары арқылы контейнерлік транзит көлемі 3,8 есеге өсіп, 42 мың жиырма футтық эквивалентке (ЖФЭ) жеткен. Сонымен қатар порттардың жиынтық өткізу қабілеті жылына шамамен 200 мың ЖФЭ-ге дейін ұлғайтылды. Бұл көрсеткіштер Қазақстанның Еуропа мен Азияны байланыстыратын маңызды транзиттік хаб ретіндегі рөлінің күшейіп келе жатқанын көрсетеді.

Жұмыс сапары барысында Олжас Бектенов Каспий теңізінің жағалауында салынуы жоспарланған заманауи кеме жасау верфі жобасымен де танысты. Инвестиция көлемі кемінде 125 млрд теңгені құрайтын жоба Транскаспий бағытының инфрақұрылымын күшейтуге бағытталған маңызды бастамалардың бірі саналады.

YDA Group директорлар кеңесінің төрағасы Хусейн Арсланның айтуынша, жаңа кәсіпорында кемелерді жобалау, жасау, техникалық қызмет көрсету және күрделі жөндеу бойынша толық өндірістік цикл іске қосылады. Сонымен қатар экипажсыз суүсті аппараттарын шығару жоспарланған.

Жоба жүзеге асқаннан кейін кәсіпорын жылына сегіз жаңа кеме құрастырып, 24 кемеге жөндеу жұмыстарын жүргізе алады. Сондай-ақ 1,5 мың тұрақты жұмыс орны ашылып, технологиялар трансфері жүзеге асады, халықаралық өндірістік стандарттар енгізіледі және қазақстандық мамандарды даярлайтын оқу орталығы ашылады. Өндірістік кооперацияға отандық шағын және орта бизнес өкілдерін тарту көзделген.

Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту Қазақстанның халықаралық логистикалық әлеуетін арттырып қана қоймай, Каспий өңіріндегі өнеркәсіптік өндірісті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және елдің жаһандық транзиттік дәліздердегі бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге мүмкіндік береді. Маңғыстау облысында жүзеге асырылып жатқан жобалар осы стратегиялық мақсаттарды іске асырудың маңызды бөлігі ретінде қарастырылып отыр.

Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде