Тасымалға тосқауыл жоқ

Инфрақұрылым
25.07.2018, 16:47
Оқуға 2 мин
Бүгінгі күні мұнай мен газ саласының даму қарқыны жоғары. Салаға жаңа цифрлы технологиялар енгізілуде. Бұл саланың дамуына темір жолдың да үлесі мол екені анық. Қазақстан темір жолы өз еліміз ғана емес, көршілес елдердегі ірі мұнай-газ кәсіпорындарына көліктік қызмет көрсетіп, жүк жеткізуді жүзеге асырады. Қолда бар техникалық және технологиялық мүмкіндіктер жүк тасымалындағы бүгінгі тасқынды жоғары деңгейде еңсеріп отыр. Оның үстіне Қазақстанның үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы Атырау облысында бірқатар инвестициялық жобаны жүзеге асырды. Соның бірі – Атырау мұнай өңдеу зауытындағы хош исті аромат және мұнайды терең өңдеу кешендері. Ол жобалардың тұтас еліміз үшін маңызы өте зор. Міне, осыған қажетті өндірістік өнімдерді тасымалдау, басым бағытта темір жол арқылы орындалғаны белгілі. Сөз жоқ, бұған өлке теміржолшылары мен басшылықтың істі ұйымдастыра білуі де үлкен сеп болуда. Әйтсе де, теміржол тасымалына мұнай өндіруші және өңдеуші кәсіпорындар кінә артпасы үшін мәселені түпкілікті шешу жолдары қаралып, Теңдік станциясы қайта жарақтандырылды. Атырау мұнай өңдеу зауытына келетін вагон-цистерналар енді Теңдік станциясынан әрі қарай зауыттың сұрыптау станциясы арқылы өткізіледі. Бөлек жоба бойынша салынған зауыт ішіндегі Промышленная станциясында 11 жол бар. Вагондар сонда сұрыпталады. Бүгінде станцияда тәулігіне 240 вагон тиеліп, 30-40 вагон жүк түсіріледі. Мамандардың айтуынша, өлке тасымалын арттырудың тағы бір жолы – алдымен, инфрақұрылым нысандарының техникалық жарақтануын, жалпы жағдайын жақсарту, станциялар мен разъездердің өткізу қабілетін арттыру. Сонымен қатар, ірі көліктік-технологиялық, жөндеу-қамтамасыз ету нысандарын құрып, олардың жалпы көлік жүйесінде қызмет етуін қарастырған жөн. Барлық тасымалдаушылар бірыңғай тиімді өзара қарым-қатынасты ойластырғаны абзал. Ол үшін кешенді логистикалық көлік орталықтарына инвестиция төгуге дайын ірі жеке компанияларды тартқан игі. Мәселен, өлкеде ондай компаниялар ретінде «Болат жол», «Алтын қыран» кәсіпорындарын айтуға болады. Олар бүгінгі темір жол нарығында өздерін сенімді серіктес ретінде танытып үлгерді. «Болат жол» – темір жол нарығында көптен еңбек етіп келе жатқан кәсіпорын. Негізгі қызметі – темір жол көлігімен мұнай, мұнай өнімдерін, газ және күкірт тасымалдауда қызмет көрсетіп, жолаушылар тасымалын ұйымдастыру. Шынын айтқанда, бүгінде Қызылқоға, Мақат, Құрманғазы, Исатай аудандарына қатынау қиындық келтіріп отыр, ал егер тағы да жаңа маршруттар ашылса, онда халыққа тиімді болары анық. «Алтын Қыран» өңірдегі темір жолдардың өткізу қабілетін арттыру бағытында еңбек етіп, жекелеген станцияларды қайта жаңғыртуға үлес қосуда. Осындай инвестиция құюшы кәсіпорындар көбейсе, онда тасымалға тосқауыл болмасы кәміл. Қосұйым Мұқашев, Атырау  
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды