Қауіпсіздікке қалтқысыз қызмет

Инфрақұрылым
28.01.2019, 20:09
Оқуға 4 мин

 Теміржолда қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары ешқашан көптік етпейді. Өйткені, қос рельстің үстіндегі пойыздар қозғалысы тоқтаусыз, сондықтан қауіпсіздік шаралары да үздіксіз жүреді. Соңғы жылдары барлық өндірістік мекемелерде қозғалыс қауіпсіздігі бойынша бас маманның арнайы штаты ашылып, жұмыс істеуде. 

Қауіпсіздікті нығайта түсу үшін ревизорлар мен басшылар қызметіне көмек ретінде құрылған сол қызметті Астана белгі беру және байланыс дистанциясының қозғалыс қауіпсіздігі бойынша бас маманы Әділ Жұлдызбаев атқарады. Көп уақыты жол бойында, рельс үстінде, желілер мен перегондар арасында жаяу тексеру жүргізумен өтетін маманның басты ұраны қауіпсіздікке айналғалы қашан. Әрине, қауіпсіздікті тексеретін адамның өзі оны меңгеруі керек. Теміржолшылар қаласы Аягөз станциясында туып-өскен кейіпкеріміз теміржол саласында жоғары білім алып, алғашқы еңбек жолын Ақтоғай станциясында 3-ші разрядты электр монтеры болып бастаған екен. Астанаға қоныс аударған соң қала іргесіндегі Қырқыншы станциясында механик, бас механик қызметін атқарып, 2016 жылы қазіргі қызметіне басшылық білікті маман ретінде таңдап алды. Құжатпен жұмысқа да, желі бойындағы барлық белгі мен байланыс құрылғы-құралдарының жұмысына қатысты да білімі мол азамат жаңа қызметін бірден игеріп кетті. Теміржол бойындағы титтей де кемшілік оның қырағы назарынан қалыс қалған емес. Былтыр ол жоспарлы 524 тексеріс жүргізген болса, соның барысында 800-ге жуық кемшілікті анықтапты.

– Менің тексеру жүргізу аумағым – Ерейментаудан Астанаға дейінгі және Жалтырдан Астанаға дейінгі аралық. Сонымен қатар осы Астана маңы мен Қырқыншы станциясы, Нұрлы жол вокзалы аумағын да назарда ұстаймын. Бұдан бөлек дистанция басшыларымен бірге де тексеруге жиі шығамыз. Мәселен, былтыр басшылықпен бірге 250 рет, өзім бөлек жоспарлы емес 540 тексеру жүргізіппін. Тексеруге дрезинамен де, арнайы көліктермен де шығамыз. Жасаған жұмыстарымыздың есебін Ақмола ЖТ жол бөлімшесіне, сондағы қауіпсіздік бөліміне, ревизорларға тапсырамыз. Жолдың бойындағы «отказдарды» қараймын. Механиктерде жылдық кесте болады, соның күнделікті қалай орындалғанын тексеремін. Сонымен қатар «Поведенческий диалог» деген болады. Жұмысшыларды жұмыс істеп жатқан жеріне барып сырттай бақылап отырамын. Бәрін талапқа сай атқарып жатыр ма, еңбек қорғау, қауіпсіздік талаптары сақталуда ма, дұрыс істемесе нұсқаулыққа сай түсіндіремін, ескерту беріп, журналға акт жазып, тіркеймін. Сол қателіктерді жоюға мерзім белгілеймін. Жоспардан тыс тексеруге күндіз де, түнде де шыға береміз, жұмыс уақытында өз орындарында отыр ма, қалай істеп жатыр, киімдері қалай, одан басқа бағдаршам, бұрма, коробка, шкаф, тоқ, релелер, ғимарат ішінде құрылғыларды тексеріп, кем-кетігін анықтау біздің күнделікті жұмысымыз, – дейді ӘдІл.

      Маңызды шаралардың бірі – түрлі тақырыптарда айлық өткізу. Былтыр ол қауіпсіздік бағытында 6 айлық өткізіпті. Сонымен қатар жеделхаттармен жұмыстар жүргізіп, департамент, басқармадан келетін жеделхат мазмұнына қарай өзге өңірлерде болған апаттар мен қауіпті жағдайларға байланысты өз аумағындағы нысандарды тексеруден өткізеді екен. «Мысалы, басқа бір өңірде өткелде бағдаршам жанбай қалған» деген хабарлама келсе, өз аймағымдағы өткелдердің бағдаршамын тексеріп, бізде ондай жағдайдың болмауын қадағалаймын», – дейді маман.

 Әр айдың 10-на дейін комиссиялық тексеру жүргізіледі. Басшылармен бірге өткізілетін бұл тексеруде де барлық нысан түгел сүзгіден өткізіледі. Сол тексерулер нәтижелері бойынша 2017 жылы дистанцияда 23 «отказ» анықталса, 2018 жылы олардың саны төртеуге түсті. «Отказ» деген, мысалы, пойыздың тоқтап қалуы, бағдаршамның жанып қалуы, тағысын тағы олқылықтар.

       Әділдің айтуынша, салада жаңашыл жүйелер біртіндеп енгізілуде. Олардың барлығы жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған. Мәселен, АРМДЦ атты биыл енгізіліп жатқан автоматтандырылған жұмыс орны жүйесі қағазбастылықтан құтылуға септік етеді. Схемалар, бәрі компьютерде болады, әзірге оны қосуға дайындықтар жасалауда. Бір жыл бойы 6 адам оқытылады. Келесі жылдан бастап өндіріске енгізілмек. 5-6 жылдан бері АСУША атты жүйе енгізіліп, жұмыс жүргізілуде. Оның артықшылығы – кез келген жабдықтың жарамдылық мерзімі өтуіне жақын қалғанын айы, күніне дейін компьютер өзі көрсетіп, ескертіп отырады.

 Міне, бүгін де Астана белгі беру және байланыс дистанциясының қозғалыс қауіпсіздігі бойынша бас маманы Әділ Жұлдызбаев қыс ауасына қарамай жолға шығып барады...

Райхан РАХМЕТОВА 

Суретті түсірген автор


Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті