Кешенді техника көмегімен

Инфрақұрылым
29.08.2019, 10:36
Асел Танатарова

Күніне жүздеген, мыңдаған тонна жүк тиеген вагондар зулап өтіп жататын теміртабанды жолдың да тозатыны ақиқат. Сондықтан теміржолшылар оның сапасына көз жеткізіп, уақытылы сауықтырып отырады.

Жамбыл жол дистанциясы директорының орынбасары Нұрмахан Қалиевпен Аспара-Шу арасын жалғайтын қос рельстің бойындағы қауырт шаруа барысында кездестік. Жұмыстың көрігін қыздырып жатқан соңғы заманауи техникалар – австриялық кешенді машиналар тізбегі. Маңдай терін жеңімен сүрте әңгімесін бастаған дистанция өкілі алдымен әлгі техникалармен таныстыра жөнелді.

– Мынау ПБР деген шағыл тас төсейтін техниканың кереметі сол, шпалдардың арасына қажетті тастарды өзі реттеп, жайып отырады. Ал ДГС – төмендеп кеткен жолды көтеріп, ұрғылап, қайта қалпына келтіретін ғажап техника. Бұлардан бөлек, 200 метрлік, 500 метрлік рельстерді дәнекерлеп, жалғау қызметін атқаратын ПРСМ техникамыз тағы бар. Бұл кешенді техникалар Шу механикаландырылған жол дистанциясына тиесілі екенін айта кеткенім жөн. Австриялық кешенді жол машиналары арнайы кесте бойынша жылына бірнеше рет темір жолдарды сауықтырып отырады. Яғни, бұрын біздің жүз жолшының жаз бойы жасайтын жұмысын бір сәтте жасап өтеді, осылай бірте-бірте баяғыдай жолшылардың ауыр қол еңбегі техникаға ауысып жатыр, – дейді Нұрмахан Құралбайұлы.

Күзгі дайындық жұмыстарына тартылған алты адамнан тұратын бригада колонна жұмысымен қабаттаса жол бойында жүр.

Дистанция директоры орынбасарының айтуынша, күзгі дайындық шараларының аясында бұл жолы отыз шақырымдық рельстің жағдайына бақылау жасалады. Ал осы аралықтағы темір жолмен күніне орта есеппен 70-80 пойыз өтеді, жаз маусымында олардың саны тіпті жүзден асып жығылатын көрінеді. Олардың арасында жолаушыларды тасымалдайтын «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойыздары да бар. Сондықтан жол шаруашылығының сапасы сын тудырмайтындай болуы шарт.

– Алда әлі жоспар көп. Жақында бұрандаларды ауыстырмақпыз. Одан кейін қыркүйек айында ЛуговойҚорағаты аралығындағы темір жол бойына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргіземіз, біздің жақта жаймашуақ жылы болып ұзақ тұратын күз айлары оған толық мүмкіндік береді, – дейді Нұрмахан Құралбайұлы.

Бірінің соңынан бірі ілесіп қос рельстің үстінде жылжып келе жатқан машиналар тізбегінің жұмысын үйлестіріп жүрген колонна бастығы Қамсейіт Құрмановтың мақсаты – кешенді техниканың сапалы жұмысын қамтамасыз ету.

Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты