Бағыттама бұрмалары жаңарды

Инфрақұрылым
04.09.2019, 12:53
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Ауа-райының қолайлылығына қарай еңбек өнімділігі артатын жолшылар жаздың соңғы шуақты күндерін мейлінше тиімді пайдаланып қалуға тырысуда. Тамыздың соңғы күндері Ірілендірілген Астана жол дистанциясының ұжымы өздеріне қарасты телімдердегі төмендеп кеткен бағыттама бұрмаларын орнына көтеру үшін бірнеше аптадан бері күн сайын 6 сағаттық «толаскез» жариялады.

Дистанцияның №2 жол колоннасы бастығының орынбасары Мұрат Шыныбековтің айтуынша, бұл жұмыстар жоспар бойынша бекітілген телімдерде жүргізіледі. Бүгінгі таңда колоннаның 3 бригадасы, 2 жол шебері жұмыс істеуде.

– Бір бұрма бойынша 303 метр жер төсемін көтеру жұмысы жүргізіледі. Жалпы бір бұрманың төсемін көтеруге бір күн кетеді. Бүгін көріп тұрғандарыңыздай, колоннаның 20 адамы осы жұмысқа жұмылдырылған. Таңғы сағат 10-да басталған жұмыс 16.00-ге дейін жалғасады. Жұмысты бастағанымызға бір аптадан асты, арасында шпалдардың да жарамсыз екенін анықтап жатсақ, оны да дереу ауыстырып кетіп отырмыз, – дейді М.Шыныбеков.

Станция аумағындағы бір алқымның өзінде 50-ден астам бағыттама бұрмасы бар. Бұған дейін олар 15 бұрманы жоғары көтеріп, орнына келтірген екен. Осы айда жұп парктің бұрмасын көтерсе, келесі айда басқа да телімдерде жалғасын таппақ. Бұл жұмыстар бағыттама бұрмаларының жағдайын жақсарту шаралары аясында жасалуда.

Жолшылардың бір тобы алдымен гидравликалық домкратпен бұрмалар тұрған тұстағы шпалдарды көтеріп, екінші топ соның астына қиыршық тас әкеп төгуде, ал тағы 4 жолшы оны электрлі шпал нығыздағышпен шпал астына қарай жаймалап нығыздап жатыр, сол аралықта шаблондармен жол түзулігі, деңгейі қадағалануда. Дистанция жолшылары ағымдағы күтіп ұстау жұмыстарымен айналысса, күрделі немесе орташа жөндеу сынды көлемді жоспарлы жұмыстармен колонналар жолшылары айналысады. Аталған №2 колоннаның торап бойынша қызмет көрсететін 3 телімі бар. Бүгінгі жұмыстарын сол телім бастықтары қабылдап алады екен. Жалпы колоннада 84 адам еңбек етеді. Оның алтауы – жол шебері.

Жолшылардың ішінде еңбек өтілі 2025 жылдан асатын тәжірибелі жолшылармен қатар алғашқы қыстаушылар да бар. Жұмыстары ауыр саладан саналатын жаңадан келгендер көп жұмыс істей алмай жиі шығып кетіп жатады екен. Негізі күш бұрыннан келе жатқандар тәжірибелі жолшыларға түседі. Осы жұмыстарды қабылдап алушы телім бастығы Мұратбек Ареновтың айтуынша, үшінші басты жолдың бойындағы бұрмаларды көтеру жұмыстары сәтті жүзеге асырылуда. Оның телімінде 37 жолшы еңбек етеді. 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті