Ақаудың тоқсан тоғыз түрі бар

Инфрақұрылым
06.09.2019, 11:35
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Бурабай курорты станциясынан бастап Ерейментауға дейінгі темір жолдың жарамдылығы Ірілендірілген Астана жол дистанциясының ақаутабу цехының жұмысына да байланысты екені талас тудырмайды.

Кәнігі теміржолшы, өмір бойы ақау табу саласында еңбек етіп келе жатқан шебер Олег Соловьев басқаратын аталған цехта бүгінгі таңда барлығы 44 адам еңбек етеді. Рельстердің ақауын табуға маманданған цехтың ақаутабу операторлары 23 ақаутапқыш арбасымен станция мен перегондар арасындағы жолдардың рельсін күн сайын бақылауда ұстап отыр. Бұл арбалардың тоғызы – регистраторы бар заманауи өнім. Мұны өздері компьютерлік ақаутапқыш деп атайды. Онлайн режимде жұмыс істейтін бұл жаңа дәуір арбалары ақауды анықтап қана қоймай, оны жазып алады, сөйтіп одан әрі мәліметтерді компьютерге береді. Оны арнайы маман – таспаны айырып оқушы оператор зерттеп талдау жүргізеді. Олегтің айтуынша, рельс ақауларының 99 түрі болады. Сонымен қатар олар ақаулы рельстер және өткір ақаулы рельстер деп екіге бөлінеді. Өткір ақаулы түрлері бірден ауыстырылуға тіркеледі.

– Перегондарға арнайы көлікпен барамыз, дистанциядан сол үшін еріп баратын бір адам бөлінеді, белгі беруші де бірге жүреді. Басқа станцияларда цех бөлімдері бар. Оларды аға ақаутапқыштар, былайша айтқанда бригадирлер басқарады. Жылына бір рет жоспар бойынша қанша тексеру жүргізілетіні бойынша паспорт жасалады. Жылдық паспорт бойынша ай сайынғы кесте жасаймыз. Орташа есеппен күніне бір арбамен 100 км рельс қаралады, – дейді цех шебері.

Мамандардың айтуынша, рельстің жағдайы тоннаждығына байланысты, яғни қанша тонна жүктің жүріп өткеніне қарай болады. Жеті жылдан бері осы цехты басқаратын Олег жаңадан келген мамандар алдымен Павлодар мен Қарағандыға 2 айлық оқуға жіберілетінін айтады. Куәлік алғаннан кейін де олар 5 жылсыз нағыз ақаутабушы маман атана алмайды. Осы мерзім ішінде тұрақты жұмыс істегесін барып, рельс құрамы, оның ақаулары туралы толықтай меңгеріп шығатын болады. Бүгінде бұл цехта операторлардың ең үлкенінің еңбек өтілі 30 жылдан асады. Ең жасының келгеніне небары 2 ай болған.

Цех мамандары биыл жыл басынан бері барлығы 145 ақаулы рельсті тауыпты. Бұл өткен жылға қарағанда 45 пайызға өскен. Жалпы дистанцияға қарасты телім бойында сонау 1968 жылы, берісі 1970-80 жылдары салынған рельстер де бар екен. Әрине, соңғы онжылдықта жаңартылғандары да жетерлік. Осындай рельстерді тексеретін ақаутабу құралдары мен арбалар негізінен Молдавия, СанктПетербург, Мәскеудегі кәсіпорындар өндірісінен шыққан. Мамандар ай сайын жоспарлы кестеге сай техникалық сабақтарда білімдерін жетілдіріп отырады. Бірақ Олегтің мәлімдеуінше, ақаутабу операторларын оқыту деңгейі төмендеу. Сол жағына дұрыс көңіл бөлінсе деген тілегін білдірді. 

Жаңалықтар
07.03.2026
ҚТЖ-да әйел теміржолшыларға құрмет көрсетілді
ҚТЖ келбеті
07.03.2026
Бағиланың бақыты
ҚТЖ келбеті
07.03.2026
Қайсарлық – қанға біткен қасиет
ҚТЖ келбеті
07.03.2026
Ерлік емей, немене?!
ҚТЖ келбеті
07.03.2026
Таңдауы емес, тағдыры...
Жаңалықтар
06.03.2026
ҚТЖ және SPSI Cloud Port Development агрологистика саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Жаңалықтар
06.03.2026
Теміржолшы аруларға тарту: ҚТЖ-да 8 наурыз мерекесі ерекше форматта өтті
Жаңалықтар
06.03.2026
Көлік министрлігі Huawei компаниясымен ынтымақтастықты нығайтуда
Жаңалықтар
06.03.2026
Олжас Бектенов Көкшетау теміржол вокзалын жаңғырту барысын тексерді
Жолаушылар тасымалы
06.03.2026
ҚТЖ пойыздарында мыңнан астам әйел жолаушыны 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Аймақтар
06.03.2026
Теміржолшылар коалиция мүшелерімен кездесті
Аймақтар
06.03.2026
Біздің ұжымдық блогер
ҚТЖ келбеті
06.03.2026
Әлемдік рекордтарды бағындырған теміржолшы
Жаңалықтар
06.03.2026
Еңбегі еленген теміржолшы
Жаңалықтар / Мұрағат
06.03.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №17-18 06 наурыз 2026 жыл
Жаңалықтар
05.03.2026
ҚТЖ және Көлік прокуратурасы теміржол мәселелері бойынша жоспарлы отырыс өткізді
Аймақтар
05.03.2026
Айкүннің таңдауы
Аймақтар
05.03.2026
Жүрек қалауы – теміржол
Жаңалықтар
05.03.2026
ҚТЖ Бас көлік прокуратурасы тарапынан жүргізілген тексеріске түсініктеме берді
ҚТЖ келбеті
05.03.2026
Вокзал дикторының хоббиі