Даму тетігі - сапалы инфрақұрылым

Инфрақұрылым
10.09.2019, 10:58

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев Сеулде өткен жаһандық инфрақұрылымдық ынтымақтастық бойынша конференцияға қатысты.

Алқалы жиында сөз алған вице-министр кез келген елдің табысты экономикалық дамуы – көлік пен адамдардың жүріп тұруының, жүк айналымының негізгі көзі болып табылатын көлік инфрақұрылымының сапасымен тікелей байланысты екенін атап өтті.

«Халықаралық тұрғыдан алғанда, бұл мәселелердің шешімі Шығыс пен Батыс арасындағы транзит пен логистиканы дамытуда да өте маңызды мәселе болып табылады, өйткені Қазақстан Азиядан Еуропаға бағытталған барлық жердегі бағдарлар жолында орналасқан, бұл халықаралық жүк тасымалы үшін кедергілерді жоюға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Берік Камалиев өз сөзінде.

Еуропа мен Азия арасындағы құрлықтағы негізгі транзиттік дәліз бола отырып, Қазақстан экономиканың жоғары табыс көзі болып табылатын транзит үшін базалық инфрақұрылымдық жағдайлар жасап отыр. Айталық, елімізде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі, Жезқазған – Бейнеу темір жолы, Қытаймен шекарада «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА Құрғақ порты салынса, батыста Ақтау теңіз порты жаңғыртылып, Құрық порты салынды. Бұл инфрақұрылымдық жобалар Қазақстанның көлік дәліздерінің халықаралық желіге кірігуін жеделдетуге мүмкіндік берді. Қазақстанда қазірдің өзінде, теміржол инфрақұрылымын дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Мәселен, ағымдағы жылы Қазақстан – Қытай консорциумдарының қатысуымен мемлекеттік-жекеменшіктік әріптестік схемасы бойынша іске асырылатын Алматы станциясын айналып өтетін ұзындығы 73 км құрайтын темір жол желісін салу жобасы бойынша инвесторды анықтау жоспарлануда. Бұл жаңа желі Қытайдан Орта Азия елдеріне бағытталған транзиттік жүкті тасымалдау мерзімін орташа есеппен 2 тәулікке дейін қысқартуға мүмкіндік бермек.

Ал теңіз көлігіне келер болсақ, Қазақстан Каспийдегі негізгі жүк құрушы мемлекет болып табылады және Каспий бассейніндегі жүк айналымының жалпы көлеміндегі Ақтау және Құрық теңіз порттарының үлесі шамамен 30%ті құрайды. Биыл Ақтау – Баку порттары арасындағы контейнерлік тасымалдардың фидер желісі іске қосылды. Ақтау және Құрық порттары арқылы тасымалдардың өсімін қамтамасыз ету үшін 2 паром және 4 фидерлік кемелерді (контейнерлік тасығыштарды) сатып алу көзделіп отыр.

Қауіпсіздік
14.08.2026
Сексеуіл мен Аралда ауқымды рейд өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
Теміржолшылар Құрылтай сайлауының маңызын талқылады
ҚТЖ келбеті
14.08.2026
«Алтын кітапқа» арқау болған теміржолшы
Инфрақұрылым
14.08.2026
Орта дәліз кәсіподағын дамыту – ортақ міндет
Жаңалықтар
14.08.2026
Арнайы пойыз жолға шықты
Әлеумет
14.08.2026
Жаз қызығы жалғасуда
Спорт
14.08.2026
Маңғыстауда аңызға айналған теміржолшы Сағынай Қошқарбаевтың мерейтойына орай турнир өтті
Спорт
14.08.2026
Шу станциясында теміржолшылар арасында тораптық жарыс өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы электр орталықтандыру маневрлік бекетінде болып, Астана-1 вокзалының құрылыс барысымен танысты
Жаңалықтар / Мұрағат
14.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №64 14 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
13.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ-ның локомотив паркі 146 заманауи локомотивпен толықты
Әлемде
13.08.2026
Қытай теңіз бағыттары үшін контейнерлерді екі қабатпен таситын алғашқы пойызды іске қосты
Жаңалықтар
13.08.2026
Теміржол өткелінде көлік істен шығып, жүк пойызы шұғыл тоқтауға мәжбүр болды
Аймақтар
13.08.2026
Абай облысында 8 теміржол вокзалы жаңғыртылуда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан жүк тасымалы көлемін арттыру шараларын пысықтауда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты дамытуда
Аймақтар
12.08.2026
Түлкібас теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлемде
12.08.2026
Бавария алғашқы сутекті пойызын желтоқсанда іске қосады
Жаңалықтар
12.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы локомотив және жолаушылар паркімен танысты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Спартакиадада тарихи жеңіске жеткен спортшылар командасын құттықтады