Жылу берілді

Инфрақұрылым
29.10.2019, 12:35
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Алдағы қыс маусымына тиянақты дайындық жасап, нысандардың жұмысқа әзірлігіне көз жеткізген «Теміржолсу-Қызылорда» мекемесі тұтынушыларына түгел қазан айының 15-нен бастап жылу берді.

Оған дейін 8 жылу қазандығында, 29 сумен қамту пунктінде, 16 су қыспақты мұнарада және 3 су құбырлық сорғы станциясында ағымдық жөндеу, тексеру, дайындау жұмыстарын ұйымдастырған ұжым алдағы қатал маусымға тас-түйін дайындықтан өткен екен. Шиелі, Жаңақорған және Белкөл станцияларындағы жылу қазандықтары көгілдір отынмен жылыталады. Ұжымның қыс маусымына дайындығы жайлы мәлімдеген мекеменің бастығы Марат Шайжан алдағы уақытта да барлық жұмыстардың бақылауында болатынын білдірді.

– Алдағы қыс маусымына дайындық барысында барлық нысандар ағымдық жөндеуден өткізілді. Жылуды тұтынушыға дейін жеткізетін 1,621 км жылу құбырын, 30 ілмекті арматураны жуыпшайып, қысыммен тексеруден өткіздік. Қатты отынмен жылытылатын жылу қазандықтарына керекті 980 тонна көмірге тапсырыс келісімшарты жасалған. Тапсырыстың алғашқы легі, яғни 211 тонна көмір қазандықтардың отын қоймаларына түсірілді. Қалған тапсырыстар алдағы күндері орындалады, – деп ақпар берді Марат Шайжан.

Жылу маусымы басталған сәттен бастап мекеме мамандары тарапынан жылу жүйелері күнделікті бақыланып, апатты ақаулы жағдай орын алса, дереу қалпына келтіруге дайын. Жылу пештері мен қазандықтардың шығу нүктесінен 55-60 градус шамасында берілетін жылу температурасы қолданушыға дейінгі аралықта айтарлық өзгермейтіндей етіліп жылу сақтау орамаларымен қапталған. Жылу көздерінен сағатына 0,363/гкал көлемінде таратылатын жылу қуаты тұтынушыларға толық жеткізіліп, жұмыс бөлмесін қажетті температурада тұрақты жылытатын болады.

Сонымен қатар мекемеде техникалық және өрт қауіпсіздігі шаралары қатаң бақылауға алынған. Ұжым теміржолшыларына қажетті қыстық киімкешектер, суықтан қорғану заттары берілген. Атқарған жұмыс санатына орай теміржолшыларға сүт өнімдері берілуде екен. Ұжымдағы еңбек қорғау шараларына белгіленген қаржы толық игерілуде. 

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?