Жолдың жақсы болмағы – күтімінен

Инфрақұрылым
01.11.2019, 11:01
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазақстандағы темір жол көлігі қоғам мен елдің өмірінде, оның индустриялық-инновациялық дамуында ерекше стратегиялық айқындаушы мәнге ие. Теміржол көлігінің жұмыс сапасы мен жағдайына әлеуметтік-экономикалық дамудың ары қарайғы перспективалары ғана емес, ұлттық тәуелсіздікті нығайту, азаматтардың тасымалдарға деген қажеттілігін қамтамасыз ету, сондай-ақ аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын теңестіру үшін жағдай жасау сияқты өзге де маңызды функцияларды тиімді орындауға қатысты.

Осы ретте, халықаралық теміржол дәліздеріне бәсеке бола алатын және тасымалдарда елдің қажеттілігін толық қанағаттандыра алатын жағдайы болу үшін қолданыстағы инфрақұрылымдарды қалпына келтіріп, жаңғыртып, күшейтіп және күтімін жасау теміржол саласының басты міндеттерінің біріне айналып отыр десек, қателеспейміз.

Теміржол инфрақұрылымындағы күрделі салымдар жоспарына алдымен желінің өткізу қабілетін қолдау, оның беріктілігі мен қауіпсіздігін арттыру сияқты шаралар кіру керек. Ал теміржол инфрақұрылымдарын жаңғырту бірінші кезекте, оның негізгі инфрақұрылымдық элементтерін техникалық жағдайы бойынша барлық шектеулерді алып тастай отырып, жаңғырту мен қалпына келтіру бойынша жұмыстар кешенін орындауды қарастырады.

Енді осы бағытта биыл қандай шаруалар атқарылып жатыр дейтін мәселеге келсек, 2019 жылға жоспарланған күрделі жөндеу жоспары 401,2 км жолды құраған. Соның ішінде 346,5 км жолға жөндеу жүргізу тәжірибелі мер дігер компаниялар – «Теміржол жөндеу» және «Integra Construction KZ» ЖШСлеріне жүктелген еді. Ал 54,7 км жолға жөндеу жұмысы шаруашылық тәсілмен жүргізілді.

Бүгінгі таңда күрделі жөндеу мәресіне жетіп қалды деуге болады. Қазір Екібастұз, Павлодар шекараларындағы жол телімдерінде соңғы шақырымдар жөнделіп жатыр.

– Жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан бұл екі кәсіпорын теміржолды жөндеу бойынша қызмет көрсету нарығындағы доменанттар болып табылады. Мердігер ұйымдар күрделі жұмыс барысында австриялық, ресейлік Duomatic (түзету-қағу машинасы), DGS (жол тұрақтандырғышы), PBR (балласты жоспарлаушы), RM (қиыршық тас тазалау машинасы), ВПО (түзету-қағу-өңдеу машинасы), ЭЛБ (балласты мөлшерлеуге арналған жол машинасы, рельс-шпал торының деңгейі бойынша көтеру және жылжу, тегістеу және орнату, сондай-ақ еңістерді жоспарлауға арналған жол машинасы), ПР (Балашенко жолды әрлеу машинасы) сияқты қазіргі заманғы жол техникаларын қолдануда. Теміржолдарды жаңғырту жолаушы және жүк пойыздарының қозғалыс жылдамдығын арттыруға бағытталып отыр.

Бұдан бөлек, транзиттік дәліздердің өткізу қабілетін арттыру, контейнерлік пойыздардың қозғалыс жылдамдығын ұлғайту, сондай-ақ, пойыздардың кедергісіз өтуі үшін жағдай жасау мақсатында өзге де жөндеу түрлері жүргізілуде, – дейді Жол және құрылыстар департаментінің күрделі жөндеу жөніндегі бас менеджері Саят Бакиров.

Оның айтуынша, биыл шаруашылық тәсілмен 120,5 км жолға күшейтілген орта жөндеу, ал 132,64 км жолға жай ғана орта жөндеу жүргізу қарастырылған. Осы арада бұл екі жөндеу арасында қандай айырмашылық бар дейтін болсақ, күшейтілген орташа жөндеу талап етілетін өлшемдерді қамтамасыз етуге және балласт призмасы мен жер төсемінің негізгі алаңының көтеру қабілетін арттыруға арналған. Сондай-ақ, бұл жөндеу құрамына рельсті-шпалды торды ауыстырудан басқа, жолға күшейтілген күрделі жөндеу кезінде орындалатын барлық жұмыстар кіреді. Ал жолды орташа жөндеу қиыршықтас балласт призмасын жаппай тазалауға, ақаулы шпалдар мен бекітпе элементтерді техникалық шарттарда көзделген көлемдерде ауыстыруға арналған. Демек, бұл жөндеу жұмыстары кезінде де біраз шаруаның басы қайырылатынын байқаймыз. Айтқандай, бүгінде бұл жұмыстардың жартысынан көбі орындалыпты.

Пойыздар жүрісі жатық болу үшін рельстерді дәнекерлеу машинасын қолдана отырып, түйіспесіз рельстер дәнекерленуде екен. Саят Қанатұлы, жөндеу жұмыстары нәтижесінде 338 шақырымдағы жолдың ағаш шпалдары темірбетонды негізге көшіріліп, ал 41 шақырымда асбестік балластардың қиыршық тасқа алмастырылғанын атап өтті. Сондай-ақ, 72 шақырымда Р50 маркасындағы рельстер едәуір берік Р65 түріне ауыстырылса, 357 км бөлікбөлік жолдар түйіспесіз, яғни барқыт жолдар кейпіне енген. Сонымен қатар жоспар бойынша 36,5 шақырымда рельс ауыстырылуы керек болса, бұл тапсырма 8 км артық орындалған. Жалпы, ағымдағы жылы 769 шақырымда жазғы-жол жұмыстары жүргізіліп, теміржолдардың кедір-бұдырлары жазылып, тынысы кеңейе түскені анық.

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?