Жігіттің жігітіне сын

Инфрақұрылым
15.11.2019, 10:43
Оқуға 3 мин

Ірілендірілген Астана жол дистанциясының бірнеше телімдерінің бірі – Макинка станциясындағы №1 телім Нұр-Сұлтан-Көкшетау бағытындағы жолдың 273-328 км арасындағы 56 км жолдың күтіміне жауапты.

Бөрлі бекеті – Макинка және Жасыл станцияларын қоса алғандағы теміржолдың күтімін жасап отырған бұл телімді салада 20 жылдық тәжірибесі бар Жанат Мусин басқарады. Оның қарамағында телім бойынша 20 адам және колонна бойынша 20 адам еңбек етеді. Соның ішінде телімде 2 жол бригадирі мен 3 жол шебері – оның басты көмекшілері.

Өткен апталарда солтүстікке қалың қар түсіп, қармен күрес шаралары күшейтілді. Мұндай жылда қайталанатын ауа-райының құбылуына үйреніп қалған жолшылар үшін жолды қардан тазалап, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндет. Ол үшін түнгі кезекшіліктер ұйымдастырылады, өзге де құрылымдық бөлімшелер қызметкерлері қармен күрес жұмыстарына жұмылдырылады. Жалпы алты ай қыс болатын арқада теміржолшылар үшін, әсіресе жол шаруашылығында еңбек ететін жолшылар үшін бұл маусым тіпті де оңай өтпейді.

Жігіттің жігіті шыдайтын жұмысқа бел буып келгендер, міне, сайдың тасындай іріктелген осы бірінші телімнің жолшылары нағыз жүрек жұтқандар десек, артық айтпаймыз.

– Өткендегідей қалың қарды тазалап алдық. Әзірше аяз жоқ. Әдеттегі ағымдағы күтіп ұстау жұмыстарымызды жасап жатырмыз. Бұл телімде биыл күрделі жөндеу жүргізілген жоқ. Себебі жол жағдайы жаман емес. Рельстер темірбетон түріне ауыстырылған. Жыл басынан бері 1 км жерге малға қарсы қоршау салдық. Отыратын орталығымыз – Макинкада, табельный орынымыз бар. Сонда күнде таңертең жұмыс уақыты басталар алдында әр күнге жоспарымызды бекітіп, нұсқаулықтар береміз, – дейді телім бастығы.

Оның айтуынша, ағымдағы жөндеу жұмыстары жол өлшегіш вагондар мен өлшеу бойынша жол шеберлерінің берген ескертулеріне қарай жүргізіледі. Әр шақырымға 8 жолшыдан бөлініп, күн сайын жолдың жағдайы қаралады. Бұрандасы мен жолдың жоғары төсемдері тексеріледі. Перегондарға жолшылар дрезиналар немесе арнайы жұмыс пойызы арқылы жеткізіледі.

Телімге қарасты станция-бекеттер бойында 4 күзетілмелі өткел бар. Оларда 16 өткел кезекшісі еңбек етеді. Жолшылардың ең үлкені 38 жылдық еңбек өтілі бар, зейнеткерлік жасқа бірнеше жыл қалған азаматтар болса, кішілерінің келгеніне 2 жылдай болған. Барлық жолшылар айына 2 рет техникалық сабаққа қатысады, сонымен қатар дистанция басшылығының шақыртуымен орталыққа да келіп сабақ өтеді. Мұндай сабақтарда олар жоғарыдан келген жеделхаттар бойынша ақпараттар алады. Олар көбіне өзге елдер мен өз елімізде болып жатқан апаттар немесе қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуына байланысты жайттар талқыланып, бейнематериалдармен танысады.

«Өткен нәрсенің жаманы – сабақ, жақсысы – өнеге» демекші, қайғылы жайттардан сабақ алып, қателіктерді қайталамау да көп жағдайда ауыр апаттардың алдын алып, жол қауіпсіздігін сақтауға көмектеседі, дейді жолшылар. 

Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті