Отандық өнім қолданысқа енгізілді

Инфрақұрылым
28.11.2019, 21:48
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясының теміржолшылары өндіріске жаңа технологияны енгізіп, жылжымалы құрамдардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауды арттыруға үлес қосуда.

Дистанция байланысшылары Қызылорда станциясының оңтүстік алқымында қолданыстағы электрожетектерді «Альстом» Р80 бағыттауыш бұрмасын ауыстыру үшін «толаскез» алды. Теміржолда таңертең басталған толаскезге бөлімшенің қауіпсіздік бөлімі басшысы Бекжан Өтеулиев, станция бастығының орынбасары Сағымжан Есмаханов, Қызылорда жол дистанциясының бас инженері Ақыл Әбілдаев және дистанциялық электромеханиктер, станциялықтар, жол жөндеуші теміржолшылар қатысты.

«Альстом» Р80 бағыттауыш бұрмасы еліміздің болат жолында 2012-13 жылдардан бастап орнатыла бастаған екен. Бұған дейін жамбылдықтардың үлгі нұсқада өткізген толаскезіне біздерден өкілдер барып қатысып көріп, сабақ алып келген. Енді өз телімдерінде алғаш рет қолға алып, қолданыстағы ескі құрылғыларды жаңарту жұмыстарын жасауда. Бүгін осы бекетте және Белкөл станциясында да толаскез белгіленіп, «Альстом» Р80 бағыттауыш бұрмасын орнату жүргізіліп жатыр.

Міне, осыған дейін тозығы жетіп, 25 жылдан артық жұмыс жасаған СП-6 электрожетегінің орнына Р80 типті «Альстом» бағыттауыш бұрма-жетегі орнатылды. Мұның артықшылығы, электр қуатын аз пайдалануымен бірге жұмыс күшінің жоғарылығы, бұған тоқсан сайын бір мәрте өлшем алу, күтім жасау жүргізіледі екен. «Альстом» Р80 бағыттауыш бұрмасының негізі Италияның Балония қаласында жасалынғанмен, жинақтап құрастырған Алматы қаласындағы KazElektroPrivod (КЕР) мекемесі.

Таратып айтсақ, нөмірі 35 және 37-электрожетектердің орнына «Альстом» Р80 бағыттауыш бұрмасы алмастырылды. Ауыстырылғаннан кейін Р80 бұрмасына технологиялық талапқа сай тексеріліп, баптау жұмысы жүргізілді. Бағыттамалық бұрманың негізгі рельспен кірігетін үшкір ұшының кем болуы, оның негізгі рельске кіріге жанасып жымы білінбей қабыса жабысуы, саңлау қалмайтындай жымдасуы тексерілді. Бұрма ұшы үшкірінің негізгі табандық төсеммен рельс арасындағы аралық, шпалдың рельске бекітілуі секілді жұмыстар тиянақты жүргізілді. Бұрманың электр желілерінің сызба бойынша жалғануына жауапты телім басшысы Бағдат Жүсіпбеков, механикалық жұмыстарды электромеханиктер Бауыржан Асқаров, Дастан Нұрымбетов және электржелілерінің жалғануын Бауыржан Шынтақов басқарып, атқарылған жұмыстарды қайтақайта тексерістен өткізіп, бақылаудан өткізді.

– «Альстом» Р80 бағыттауыш бұрмасының бұған дейінгі электрожетектерден артықшылығы көп. Мәселен, Р80-де рамалық рельстің бұрма ұшы үшкірінің (остряк) 4 мм және онан да көп алшақтықпен жанасу жағдайына диагностика жасау функциясының болуы бір ерекшелік деп айтар едік. Онан бөлек ішкі құрылғыларына техникалық-сервистік күтімді көп талап етпеуі, электр қуатын көп қажетсінбеуі, бұрынғы қолданыстағы жетекке қарағанда қуаты көп болуы да артықшылығы саналады. Және де аталған жаңа құрылғының мұнан бөлек көптеген тиімділігі бар, – деді толаскез жұмысына жауапты дистанция бастығының орынбасары Аянбек Бостанбекұлы.

Отандық үлгідегі жаңа технология бұрынғыларға қарағанда апта сайын жүргізілетін графикалық, ағымдық күтім, тексеру жұмыстарында көп талап етпейді дегенмен, технология болғандықтан адамның әсеріне басымдық берілетініне дау жоқ. «Альстом» Р80 бағыттауыш бұрмасы бұған дейін қолданыста болған құрылғылармен салыстырғанда 5 есе ауқымды жұмыс жасайтын қабілетке ие деп сипаттама берген мамандар оның пайдалану ұзақтығы 20 жылға есептелетінін айтты.   

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?