Байланыс құрылғылары бабында

Инфрақұрылым
07.11.2020, 09:38
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясының теміржолшылары пойыздардың қауіпсіз қозғалысын сақтап, кәсіби міндеттеріне сай еңбектеніп келеді. Құрметті теміржолшы Әкімжан Қосанов басқаратын ұжым пойыздық және маневрлік жұмыс кезінде қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жағдайлардың орын алуына жол бермеген.

Дистанция бойынша ағымдағы жыл басынан бері байланыс құрылғыларын жұмыстан тыс қалуы сирегенмен, 5 рет сигналдың тұйықталуы, ал негізгі байланыс құрылғыларының 1 рет жабылып қалуы тіркелген екен. Жүріп келе жатқан пойыз құрамына бөгде заттардың жабысып салбырап келе жатуын бақылайтын құрылғылардың жұмысы да тұрақты жүргізіліп, УКСПС, КГУ құрылғылары көмегімен 2 жағдай тіркелген. Олардың бірінде КГУ желісінің үзілу салдарынан сигнал беріліп, қызыл жануына байланысты пойыз вагоны тексеруге алынып, кемшілік анықталған екен. 

– Біздің ұжым өздеріне белгіленіп берілген күнделікті ағымдық жұмыстарды кәсіби деңгейде атқаратын нағыз теміржолшылар болып саналады. Олардың байланыс құрылғыларына ағымдық күтім, техникалық баптау жұмыстарын нәтижелі орындауынан, басшылықтың жұмысты тиімді ұйымдастыруы әсерінен осы уақытқа дейін құрылғылардың жұмыстан тыс қалуы тіркелген жоқ деп айта аламын. Жұмыс техникалық құрылғылармен байланысты болғандықтан кейде аздаған қиындық-кедергі ұшырасқанмен оларды дер кезінде орнына келтіруге күш салып, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігінің сақталуына жұмыс жасаудамыз. Осылайша биылғы жылды жақсы нәтижемен аяқтаймыз деп межелеп отырмыз. Сонымен қатар дистанциядағы кешенді жұмыстар жоспарына сәйкес кейбір ескірген байланыс құрылғыларын кезегімен жаңарту жұмыстарын жүргізудеміз, – дейді дистанцияның техникалық бөлімінің басшысы Нұрлан Жүсіпбаев ұжымның атқарған жұмыстары жайлы мәлімет ұсынып. 

Дистанциялықтар қыркүйек айында 16647 пойызды КТСМ құрылғысымен бақылаудан өткізіп, олардың ішінен 2 пойызды тоқтатып, тексеруден өткізіпті. 

Пойыздың тоқтатылуы себебі вагон буксының қызуы салдарынан «дабыл 1» сигналының іске қосылуынан болған. Сонымен қатар бұл айда құрылғылардың «жалған көрсетуі» мен байланыс құрылғыларының жұмыстан тыс қалуы тіркелмеген екен. Ал жыл басынан бері бақыланған 144442 пойыздың ішінен 19 пойыз тоқтатылып, тексеруден өткізілген. Тоқтатылған пойыздар 8 рет вагон буксының қызуынан, 10 мәрте тежелу себебінен тоқталса, 2 вагон құрамнан ажыратылып сараптама жасалып тоқтатылуы жүз пайыз дәлелденген екен. 

Дистанция теміржолшылары пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауды арттыру мақсатында алдымен құрылғылардың техпроцесс бойынша жұмыс жасауын назарда ұстайды. 

Сонымен қатар олар қыркүйекқазан айларында учаскелердегі кетеуі кеткен құрылғыларды жаңалап, ауыстыру жұмыстарын да жасауда. 

Мәселен, Бақтысай, Екпінді, Бәйгеқұм, Төменарық, Шорнақ, Бөрітескен, Бесарық, Жайылма, Жаңақорған және Бөріойнақ бекеттерінде МТ-2 релесін ДИМ-1 RWD-мен алмастыру, ТалапБесарық учаскесінде нөмірі 2, 7, 4, 5 бағдаршамдарды жарықдиодты модульдермен жаңалау, Сауран, Шорнақ станцияларында нөмірі 11, 5, 9 және 1, 3, 5, 10 секілді тағы да сегіз дана бағыттамалық бұрманың электрожетегін ауыстыру жұмыстарын сәтті орындаған. Және де Жалағаш станциясында ЧДП шлейфінің жол-желілік қорабын, Қызылорда, Белкөл, Қараөзек бекеттерінде 24 бағыттамалық бұрмаға қойылған СП-6 гарнитуралық типіндегі электрожетекті Р80 типті электрожетекпен жаңалау жұмыстары атқарылған екен. 

Сонымен қатар дистанциялықтар Ақмая бекетіндегі шығыс бағдаршамдары Ч2, Н2 монтажын РШ сызбасына сәйкестендіріп, Екпінді мен Ақмая бекетінде 24 дана ТШ-2000 типіндегі реленің трансмиттерін ТШ65В типіне ауыстырған. Анакөл, Қызылтам, Қараиірім бекеттеріндегі ЗКТ типті КПТШ релелерін ТМ18 блогымен жаңартып жаңалаған, телімдердегі жерасты СЦБС2 мен Р2 муфтыларының кабельдік желілерін жаңартқан. Жалпы тәулік бойы телім 

бойында жұмыс жасайтын байланысшылар уақытпен санаспай еңбек етіп, жылжымалы құрамның қауіпсіздігін қамтамсыз етуде.

Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті