Көпірлер күрделі жөндеуден өтеді

Инфрақұрылым
18.05.2021, 14:54
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Үстіміздегі жылы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы 14 темір жол көпірін жөндеуден өткізуді жоспарлап отыр. 2021 жылдың аяғына дейін Алматы, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында теміржол көпірлері жөнделеді. Атап айтқанда, Ақтоғай-Алматы-1, Арыс-Шымкент, Защита-Зырян, Түлкібас-Жамбыл, Тақибай-Жаңа-Семей учаскелеріндегі жасанды құрылымдарға күрделі жөндеу жүргізілмек. Сонымен қатар, 2021 жылы Орал өзені арқылы өтетін ұзындығы 728 метрлік Желаево-Пойма учаскесіндегі 1917 жылы салынған үлкен көпірге де жөндеу жұмыстары басталмақ. Жалпы «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісінде 3500-ден астам көпір бар. Өткен жылы бір көпір жөндеуден өткен. Ал биыл жөнделетін көпір саны бірнеше есеге артып отыр. «Теміржолдағы көпірлердің көбісі өткен ғасырдың басында, ортасында, қала берді соңында салынған. Жөндеу жұмыстарын кім жүргізеді деген мәселеге келсек, алдымен Компанияның Сатып алулар департаменті байқау жариялап, өзінің шарттары мен ұсынылатын бағаны жариялайды. Осы шарттар талабының үдесінен шыққан кәсіпорын жеңімпаз деп танылып, сәйкесінше олармен келісімшарт жасалады. Біз осы жөндеу жұмыстарын бақылап, біткен соң қабылдап аламыз. Әрине, техникалық қадағалаушы орган көпірлерге жөндеу жүргізу барысында қолданылатын құрылыс материалдарының сапасын, жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының технологиясының сақталуын, яғни бәрін-бәрін қадағалайтын болады. Әрине, көпір жөндеу ісінде тәжірибесі мол кәсіпорындар жеткілікті. Байқау ашық өтеді және оған осы салада маманданған және қызығушылық танытқан кез келген заңды тұлға қатыса алады. Біз тек тапсырыс беруші және қабылдаушы тарап ретінде рөл атқаратын боламыз. Жалпы, көпірлер арқылы тек жолаушылар пойыздары ғана емес, салмағы бірнеше есе ауыр жүк құрамдарының да өтетінін ескерсек, жасанды құрылымдардың техникалық жағдайы қашанда талапқа сай болу қажет», – деп ақпарат берді Жол және құрылыстар департаментіне қарасты Жасанды құрылымдарды жөндеу бөлімінің бастығы Ардақ Төлеуғалиев. Жалпы Ұлттық компания Өндірістік бағдарлама шеңберінде теміржол инфрақұрылымының негізгі қорларын жаңартуға, қозғалыс қауіпсіздігі деңгейін көтеруге және жолаушылар мен жүк пойыздарының жылдамдығын арттыруға бағытталған шараларды жүзеге асыруды жалғастырып келеді. Соның жарқын көрінісі ретінде, биыл қолға алынып отырған, көптен бері жаңартылмаған теміржол көпірлерінің күрделі жөндеуін айтар едік.

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды