«Теміржол жөндеу» жоспарын асыра орындады
Оқуға 1 мин
«Теміржол жөндеу» ЖШС теміржолдарға күрделі жөндеу жүргізудің биылғы мамыр айына межеленген жоспарын асыра орындады. Яғни, 45 км орнына 50,8 км жол аталған жөндеу түрінен өтті. Жоспардың орындалуы 113%.
Мамыр айында 131 мың текше метр көлемінде жол қиыршық тастарына балластау жұмысы жүргізіліп, 12,2 км көлемінде ескі жарамды рельс иіндері инвентарлық рельстермен алмастырылды.
Сондай-ақ, 16,3 км көлеміндегі инвентарлық рельстердің орнына ұзын- өлшемді түйіспесіз рельс иіндері төселді. «Теміржол жөндеу» ЖШС Астана, Бірлік, Ақтөбе филиалдарының және Шар өндірістік өз күшімен 87,8 км көлемінде рельс-торкөздерін төсеу жұмыстары орындалды.