Теміржол техникасын өндірушілер бас қосты

Инфрақұрылым
29.06.2021, 08:57
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Үстіміздегі жылдың 28-29 маусымында «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «Теміржол техникасын өндірушілер бірлестігі» коммерциялық емес серіктестігі ұйымдастырған «Инфрақұрылым және теміржол жылжымалы құрамын өндіру және қызмет көрсету кезіндегі инновациялық технологиялар мен материалдар» атты бірлескен халықаралық конференция өтті. Қазақстанда тұңғыш рет өтіп отырған шараға еліміздің және Ресейдің теміржол техникасын пайдалану және өндіру ісімен айналысатын жетекші кәсіпорындарының өкілдері қатысты. Жиынның ашылу салтанатында сөз алған Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы, ҚР Президентінің штаттан тыс кеңесшісі Мейрам Пішембаев: «Теміржол саласы – экономика үшін аса маңызды саланың бірі. Екі мемлекеттің кәсіпорындары арасындағы өзара іс-қимылды нығайту өндірілетін өнімнің экспорттық әлеуетін арттыруға және осы бағыттағы өсімді жеделдетуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті. Сонымен қатар «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов пен «ТТӨБ» КБ президенті Валентин Гапанович қатысушыларға құттықтау жолдап, бұл халықаралық конференция екі мемлекеттің өндіріс саласындағы ынтымақтастығын арттыратына сенім білдірді. – Жылжымалы теміржол құрамын өндіру және қызмет көрсету кезінде инновациялық технологияларды дамыту – бүгінгі күнде өзекті мәселенің бірі. Бүгін Қазақстан аумағында алғаш рет өтіп жатқан халықаралық конференция екі мемлекеттің теміржол техикаларына қажетті өнімдерді өндіретін кәсіпорындардың өз өнімдерін көпшілік назарына ұсынып, экспорттық көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік береді. Мұнымен қатар тәжірибе алмасу, ой-пікір бөлісу алаңына айналып отыр. Қазір «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы заманауи инновациялық технологияларды жұмыс процесінде қолдануға, пайдалануға мүдделі. Әрине, кейбір күрделі теміржол техникаларының бөлшектерін, жабдықтарын шетелден сатып алуға мәжбүрміз. Бәлкім, осындай жиындар екі елдің отандық өнім өндірушілерінің бірінде жоғын екіншісі толықтыратын бірлескен өндіріс кәсіпорындарын ашуға ықпал етер. «Теміржол техникасын өндірушілер бірлестігі» коммерциялық емес серіктестігі құрамына «ҚТЖ» ҰК» АҚ 2014 жылы кірді. Бұл бірлестіктің тағы бір ерекшелігі, ол елімізде құрастырылып шыққан техникалардың Ресейде сертификатталуына, стандартизациядан өтуіне ықпал етеді. Сондықтан аталған серіктестікпен ынтымақтастықта болу Ұлттық компания үшін де, қазақстандық өндірушілер үшін де маңызды, – деді Қанат Есмұханұлы. Пленарлық отырыс барысында қатысушылар «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Батыр Котыревтің теміржол машинасын жасауды дамытудағы ҚТЖ рөлі туралы баяндамасын зор қызығушылықпен тыңдады. «Қазақстан Республикасында теміржол өнімдерін оқшаулау және өндіру деңгейін арттыру аясында Компания теміржол компоненттерінің негізгі номенклатурасына қатысты импортты алмастыру мәселелері бойынша жұмыс кездесулерін өткізеді. Құрамдас бөлшектерді өндірушілермен кооперацияны күшейту арқылы барынша локализациялау міндеті қойылды. Компания материалдардың жаңа түрлерін қолдану және теміржол өнімдерін пайдалану сынақтарын жүргізу бойынша техникалық шешімдерді қарастыруда, – деп атап өтті Батыр Котырев. Конференция аясында теміржолшылар, машина жасау саласын әзірлеушілер мен өндірушілер теміржол көлігін одан әрі тиімді дамыту туралы пікір алмасты. Жылжымалы құрам мен инфрақұрылымның энергия тиімділігін арттыруға, қажетті сынақтар жүргізуге ерекше назар аударды.

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды