Тәуелсіздіктің 30 жылындағы темір жол саласындағы жетістіктер

Инфрақұрылым
02.08.2021, 09:49
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Соңғы онжылдықта Қазақстанның темір жол саласы, оның ішінде жол шаруашылығы бұрын жолшылардың өңі түгіл түсіне кірмеген ғажайып техникалармен толықты. Бұрынғы рельс шпалдарды қолмен көтеріп, қара күшпен атқарылатын ауыр жұмыстар техникаландыруға көшкелі жолды күтіп ұстау әлдеқайда жеңілдеді. 2001-2015 жылдары жол шаруашылығына австриялық «Plasser&Theurer» фирмасының 57 өнімділігі жоғары машинасы, RM балластты тазалау бойынша 8 техника, швейцариялық «Spenо» фирмасының 2 рельс тегістеу машинасы, француздық «Жейсмар» фирмасының шпал ауыстыратын 5 кешені, бағыттама бұрмаларын ауыстыруға арналған DESEC жол машиналары келді. Қол жеткен техниканың күшімен жол жағдайын жақсартуға, қозғалыс жылдамдығын арттыруға мүмкіндіктер көбейді. Нақтырақ айтқанда, рельс тегістеу пойызы рельстердің жарамдылық мерзімін ұзартудың профилактикалық шарасы десе болады. Ал жол төсеуге арналған SMD машиналары өндірістегі кейбір функцияларды, мәселен, рельс шпал торшасын тоқу мен оны тиісті орынға жеткізу қызметін жойды. Мобильді-диагностикалық кешенді өндіріске енгізудің арқасында теміржолдың нақты бір телімдеріне айына 2 рет диагностика жасауға мүмкіндік пайда болды, бұл ретте әр МДК 5 мыңнан 5 500 км-ге дейін жолды жүріп өтіп, қозғалыс қауіпсіздігі деңгейін арттырып қана қоймай жолдың ақауын дер кезінде анықтайды. Компания қазіргі таңда елдің теміржолдарын ағаш шпалдан темірбетонға ауыстыруды жоспарлы түрде жүзеге асыруда. Түйіспесіз жол әлемдік тәжірибеде кең та- ралған және көп пайдаланылатын құрылым. Соның көмегімен жолдың техникалық сипаттамасы жақсарып қана қоймай, жолға қызмет көрсетуге кететін пайдалану шығыны да азаяды. Жол шаруашылығын дамытудың техникалық және ақпараттық дамуы бойынша функционалды стратегиясы осы шаруашылықты жаңа жол машиналары және соңғы үлгідегі жабдықтармен жабдықтаудың арқасында жүзеге асырылады. Осы бағытты дамытудың арқасында жол шаруашылығындағы еңбек жағдайы жақсарды. Еліміздің өңірлері арасында ішкі коммуникацияны қамтамасыз ету, экспорттық және транзиттік әлеуетті арттыру үшін Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанда 2,5 мың км жол салынды. 2021-2025 жылдар аралығында магистральдық желі бойынша 600 км, соның ішінде 400 км транзиттік бағдардағы жолға күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. Ел Үкіметі бекіткен, 2020-2025 жылдарға ар- налған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2025 жылға дейін контейнерлік пойыздардың бағдарлық жылдамдығын тәулігіне 1150 км-ге жеткізу көзделуде.

Аймақтар
24.07.2026
Ақмола облысында қайта жаңартудан кейін екі теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
24.07.2026
Орал – Жилаево аралығында теміржолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық рейд өтті
Жолаушылар тасымалы
24.07.2026
Пойызда қандай заттарды алып жүруге болмайды?
Инфрақұрылым
24.07.2026
Шетпенің жаңа келбеті
Аймақтар
24.07.2026
Таразда теміржолдағы қауіпсіздік бойынша рейд өтті
Қауіпсіздік
24.07.2026
Техникалық тексеріс жалғасуда
Аймақтар
24.07.2026
Қаперде ұстайтын қағида
Қауіпсіздік
24.07.2026
Сайөтес станциясында «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр
Аймақтар
24.07.2026
Атырауда жарты жылда 29,7 шақырым теміржол күрделі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
24.07.2026
Теміржол тарланына тағзым
Спорт
24.07.2026
Ақмолада теміржолшы ардагерлер арасында шахматтан турнир өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
24.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №56 24 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
23.07.2026
Орта дәліздің жаңа кезеңі: Қазақстан мен Өзбекстан транзиттік серіктестікті күшейтіп жатыр
Аймақтар
23.07.2026
Алматы облысында Жетісу теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
23.07.2026
Транскаспий дәлізін дамыту: Олжас Бектенов Маңғыстаудағы стратегиялық жобалардың жүзеге асуын тексерді
Аймақтар
23.07.2026
Теміржолшылар мал иелеріне мал жаю ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.07.2026
Шалқарда ҚТЖ мен Wabtec серіктестігі аясында жаңа өнер мектебі салынып жатыр
Әлемде
23.07.2026
Германияның барлық вокзалында алкоголь тұтынуға тыйым салынады
Жүк тасымалы
23.07.2026
ҚТЖ желісі бойынша жарты жылда 157 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Аймақтар
22.07.2026
Маңғыстау және Павлодар облыстарында теміржол вокзалдарын қайта жаңарту аяқталды