Қазалы теміржолшылары күрделі жұмыс-желі айқастырмасын сәтті ауыстырды

Инфрақұрылым
07.09.2021, 11:05
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Шілденің ми қайнатар аптап ыстығы басылып, күздің жанға жайлы жайма-шуақ күні. Болат жолдың бабын жасап, технологиялық талапқа сай келтіріп, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауды кәсіби міндеті санайтын жолшылар қауымы үшін жұмыс қызған. Қазалы жол дистанциясы жолшыларының бір тобы бүгін Қазалы станциясының солтүстік алқымындағы алтыншы жолдың №202 бағыттамалық бұрмасының крестовинасын ауыстыру жұмыстарына кіріскен. Ақаутапқыш арбамен жолды тексерген кезде анықталған крестовинаны ауыстыру жұмысына жол бригадирі Руслан Ибраймов басшылық жасауда.

– Бекеттегі маневрлік және пойыздық жұмыстар әсерінен бұрма крестовинасының аргонмен дәнекерленген жерлері ұрылып, майысып, қалыпты нормадан ауытқуына байланысты жаңасына алмастырамыз. Крестовинаның кемшін тұсын арнайы құрылғылардың көмегімен босатып алып, орнына жаңасын техталапқа сай орналастырып, бекіту, одан кейін диспетчерлерге және жауапты тұлғаларға қосымша хабарлап, тексеруден өткізілгеннен кейін және бір бақылаудан өткізіліп барып қолданысқа беріледі, – дейді бригадир.

Бірнеше сағат бел шешпей қимылдаған бригаданың крестовинаны алмастырудың барлық технологияларын сақтауды қадағалаған бригадир жолдың, бағыттамалық бұрманың технологиялық талапқа сай болуын қосымша тексеруден өткізіп, барлығы талап дейгейінде атқарылуын бақылауда ұстады. Бұл ағымдық күтім барысында атқарылған жұмыс болса да күрделі процесс болғандықтан оған бригаданың тәжірибелі жолшылары, 3-4 разрядты жол жөндеушілер Қуаныш Зейналиев, Жеңісбай Жәлиев, Тілекбай Қапашов, Алмас Жаңабаев пен Айбек Тәшенов қатыстырылып отыр екен.

– Кешенді жол машиналары, ақаутапқыш арбалардың және күнделікті шаблонмен жол өлшемін алу кезінде анықталған кемшіліктер деңгейіне қарай дер кезінде жойылып отыруы тис. Бүгін, міне, №202 бағыттамалық бұрмадан анықталған кемшілікті жойып, ақаулы крестовинаны жаңасымен ауыстырып шықтық, жігіттерге рахмет, жұмыс талапқа сай, сапалы орындалды, – деп мәлімдеді жол бригадирі Руслан Ибраймов.
Аймақтар
24.07.2026
Ақмола облысында қайта жаңартудан кейін екі теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
24.07.2026
Орал – Жилаево аралығында теміржолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық рейд өтті
Жолаушылар тасымалы
24.07.2026
Пойызда қандай заттарды алып жүруге болмайды?
Инфрақұрылым
24.07.2026
Шетпенің жаңа келбеті
Аймақтар
24.07.2026
Таразда теміржолдағы қауіпсіздік бойынша рейд өтті
Қауіпсіздік
24.07.2026
Техникалық тексеріс жалғасуда
Аймақтар
24.07.2026
Қаперде ұстайтын қағида
Қауіпсіздік
24.07.2026
Сайөтес станциясында «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр
Аймақтар
24.07.2026
Атырауда жарты жылда 29,7 шақырым теміржол күрделі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
24.07.2026
Теміржол тарланына тағзым
Спорт
24.07.2026
Ақмолада теміржолшы ардагерлер арасында шахматтан турнир өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
24.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №56 24 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
23.07.2026
Орта дәліздің жаңа кезеңі: Қазақстан мен Өзбекстан транзиттік серіктестікті күшейтіп жатыр
Аймақтар
23.07.2026
Алматы облысында Жетісу теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
23.07.2026
Транскаспий дәлізін дамыту: Олжас Бектенов Маңғыстаудағы стратегиялық жобалардың жүзеге асуын тексерді
Аймақтар
23.07.2026
Теміржолшылар мал иелеріне мал жаю ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.07.2026
Шалқарда ҚТЖ мен Wabtec серіктестігі аясында жаңа өнер мектебі салынып жатыр
Әлемде
23.07.2026
Германияның барлық вокзалында алкоголь тұтынуға тыйым салынады
Жүк тасымалы
23.07.2026
ҚТЖ желісі бойынша жарты жылда 157 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Аймақтар
22.07.2026
Маңғыстау және Павлодар облыстарында теміржол вокзалдарын қайта жаңарту аяқталды