15-ші бекеттегі станциялық жолдың 1650 метрге ұзартылуына орай құрылғылар тексеріліп жатыр

Инфрақұрылым
12.10.2021, 12:56
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясының жұмыс тобын өткен айда ғана жолы ұзартылған 15-ші бекет басындағы құрылғыларды бақылаудан өткізіп, ағымдық күтім жасау жұмысы барысында кездестірдік. Бекеттегі станциялық жолдың 1650 метрге ұзартылуына байланысты кешенді өзгеріс жасалған, бекет жолдарындағы байланыс құрылғыларының жұмысында осы уақытқа дейін іркіліс болмапты. Жаңа ординат бойынша орналастырылған бекеттің ішкі, кіріс-шығыс бағдаршамдары, бағыттамалық бұрмалардағы құрылғылар, желі жалғастырғыштары, байланыс желілері арнайы құрылғылармен тексеріліп, теміржолшылардың назарынан тыс қалмай, түгел бақылауда тұр. Бұл байланысшылардың пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауды арттырудағы ең басты жұмысы саналады. Бұл жұмыстарға станция мен жол шаруашылығының мамандары да атсалысуда екен. Бекет жолындағы бағыттамалық бұрмалардың Алстом жаңа құрылғысын ауыстырып, байланыс желілерін стандартқа сай монтаждау жұмысын атқарып жатқан дистанциялық бір топ теміржолшының жұмысын дистанция басшысының орынбасары Аянбек Бостанұлы ұйымдастырып жүр. Олардың тексеру барысын, жұмыс жайын сұрағанымызда жұмыстардың түгелі телімдерден жылжымалы құрамдарды кедергісіз өткізу, қозғалыс қауіпсіздігін арттыру үшін жасалып жатқандығын және де теміржолда «кішкентай» нәрсе болмайтындығын, дайындық не тексеру барысында назардан тыс қалып кеткен кез келген жайттың салдары қауіпсіздіктің бұзылуына ықпал етуі мүмкін екенін, сондықтан барлық құрылғының сүйем қарыс бөлшегінің технологиялық талапқа сай монтаждалуына аса мән берілетіндігін айтып берді жұмысшылар. Олардың сөзінен рельс бойындағы әр өлшемнің аса маңызды рөл атқаратындығын білдік.

– Бағыттамалық бұрмаға пойыз қарсы бағытта келе жатқанда қажетті жолға бұрылу үшін пайдалану ережесіне сай бұрма үшкірінің рельске жанасатын ұшы мен рельс қаңқасының арасындағы аралық 2 мен 4 мм өлшемде болуы шарт. Жалпы бағыттамалық бұрмаларды монтаждау немесе байланыс құрылғыларына ағымдық күтім жасау жұмысы болсын, технологиялық талап шеңберінен ауытқымауы керек. Қазіргі жаңа құрылғылар бұрынғы қолданыстағылармен салыстырғанда монтаж кезінде белгіленген өлшемнен айнымайтын беріктігімен ерекшеленеді. Дегенмен де қауіпсіздіктің сақталуы үшін бақылау, тексеру біздің жұмысымыздың басты қағидасы болып саналады, – деді Аянбек Бостанұлы.

Иненің көзінен жіп өткізгендей дәлдікпен атқарып, оны сенімділік үшін қайта-қайта өлшеп, жанындағы әріптестерінің әрбір өлшеміне мән беріп саралап отырған дистанциялықтардың қимыл-қозғалысы олардың өз ісін жетік меңгергендерін аңғартып тұрды.

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда