Транзиттік тасымалды дамыту үшін бірқатар инфрақұрылымдық жобалар жүзеге аспақ

Сұхбат
15.04.2022, 08:31
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ кірісін жүк тасымалы, оның ішінде транзиттік тасымал құрайтынын ескерсек, осы қозғалыс процесінің үздіксіз қамтамасыз етілуі теміржол инфрақұрылымына тікелей байланысты екені талас тудырмайды. "ҚТЖ" ҰК" АҚ Өндірістік процестер жөніндегі басқарушы директоры міндетін атқарушы Бауыржан Орынбасаровпен сұхбатымыз инфрақұрылымды дамыту, жүк тасымалы үдерісінің тиімділігін арттыру,т.б. мәселелер төңірегінде өрбіді."

– Бауыржан Пазылбекұлы, Қазақстан – транзиттік әлеуетті дамытуға мүдделі ел, әңгімемізді жүк тасымалынан бастасақ, өткен жылы жүк айналымы рекордтық көрсеткішке жеткенін жаздық ...

– Былтыр пайдаланымдағы жүк айналымы 239 млрд ткм нетто құрап, жоспардан да, алдыңғы жылғы көрсеткіштен де асыра орындалды. Бұл – расымен, бұрын-соңды қол жеткізбеген рекордтық көрсеткіш. Экспорттық тасымал жоспары Қытай тарапынан жүкті қабылдауға шектеу қою салдарынан орындалмады. Бұл еліміздің өндіруші және өңдеуші кәсіпорындары арасында ішкі тасымалдың және жекелеген жүк номенклатура- сына сұраныстың төмендеуіне әкелді. Есесіне, импорттық және транзиттік қатынастарда жоспар асыра орындалды. Ал Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы 20 млн тоннадан асқанымен, 2020 жыл деңгейінен 6% төмен болды. Көрші елден жүкті қабылдауда мәселе туындаған жоқ, алайда, СУАР үкіметі тарапынан пандемияға байланысты қабылдаған қатаң шаралар мен Алашанькоу станциясында жүргізілген қайта құрылымдау жұмыстары салдарынан жүк тапсыру көлемінің төмендеген жайы бар. Қытаймен арадағы жалпы тасымал көлемі азайғанына қарамастан контейнер тасымалы 22% өсті.

– Жүктің басым бөлігі теміржол көлігімен тасымалданатын болғандықтан инфрақұрылымды жетілдіру мен жаңарту ешқашан маңыздылығын жоймаса керек?

– Әлбетте. Теміржолды дамыту әсіресе транзиттік бағыттарда айрықша жүргізілмек. 2025 жылға дейін Қазақстанды дамытудың ұлттық жоспарына сәйкес бір- неше жоба бар. Соның ішінде өткізу қабілеті шектеулі Достық – Мойынты транзиттік теліміне басымдық беріліп отыр. Өткен жылы екінші жол салуға қатысты жобалық шешімдер өзгертіліп, оны жүзеге асыру Үкімет тарапынан қолдау тапты, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасына енгізіліп, жобаның қаржылық-экономикалық негіздемесі әзірленді. Достық станциясын дамытудың бас жоспары бекітіліп, техникалық-экономикалық негіздемесі жасалып, экологиялық және мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр. Өткен жылы жүргізілген ұйымдастыру және дайындық жұмыстары 2024 жылға дейін екінші жолды салу бойынша директивті мерзімді орындауға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, біздің тарапымыздан аталған телімді жаңғырту бойынша бірқатар шаралар қабылданды. Достық – рзд.19 аралығында 25 км екінші жол салынды, 48 км жолда күрделі жөндеу жүргізілді. Сондай-ақ, Балқаш станциясында жол дистанциясының өз күшімен 1650 м қосымша жол салынды. Сонымен қатар ұзынқұрамды пойыздарды өткізуді қамтамасыз ету үшін жергілікті жол дистан- цияларының күшімен Қызылорда бөлімшесінің 4 жекелеген пунктінде қабылдап-жөнелту жолдары ұзартылып, Алтынкөл станциясында екі жаңа жол салынды. Бұдан басқа Теректі, Түйемойнақ және 60-шы разъ- ездерде бір жолдың құрылы- сы басталды. Атап өтерлігі, ұзынқұрамды пойыздардың өткізілімін қамтамасыз ету бағдарламасын 2024 жылға дейін жалғастыру көзделіп отыр.

– Жыл сайын жүргізілетін жоспарлы жөндеу жұмыстары да бар. – Иә, жоспарлы жолжөндеу жұмыстары кестеге сай жүре береді. Мәселен, былтыр біз 1031 км жолға түрлі жөндеу жұмыстарын жүргіздік. 582 шақырым күрделі жөндеуден өтті, оның 310 км – транзиттік телімдер. Жол машиналарымен 6 мың км жол сауықтырылып, кедір-бұдыры тегістелді. Былтыр бағыттауыш бұрмалардың 500-ден астам жиынтығын сатып алып, біразын ауыстырдық, биыл да жалғасуда. Осы жұмыстардың нәтижесінде жолаушылар пойыздарының қозғалыс жылдамдығы 774 км, ал жүк және контейнерлік пойыздарда 542 және 1037 шақырымда артты. Жол күтіміне кететін шығындарды азайту мақсатында ресурсжинақтаушы технологияларды, яғни қайта пайдалануға жарамды ескі материалдарды да пайдаланудамыз. Айталық, рельс дәнекерлеу кәсіпорындарында қайта өңделген ескі жарамды рельстер 123 км жолды жөндеу барысында қолданылды.

Сонымен қатар 5 телімде түйіспесіз жолдың ұзындығы ұзартылды. Рельс түйіспелерін азайту нәтижесінде қозғалыстың жұмсақтығы артып және түзетіп, тегістеу жұ- мыстары толығымен жойылып отыр. Ал Қапшағай көпірінің құрылыс бригадасы 5 металл көпірде тоттануға қарсы жұмыстарды аяқтады, оның бірі Ертіс өзені арқылы өтетін ұзындығы 670 м көпір, онда 43 000 м2 металл конструкциясы қайта сырланды. Бұдан бөлек, 2019 жылдан бері Қапшағай көпір жасағының күшімен 343 жасанды имаратта, соның ішінде, 172 көпірге ағымдық жөндеу жүргізілді. Міне, осындай жұмыстар нәтижесінде 3,8 млрд теңге мөлшерінде экономикалық тиімділікке қол жеткізілді.

– Теміржолдың басқа қандай салалары осындай жаңарту-жаңғырту жұмыстарына зәру? Олардағы ахуал қандай?

– Инфрақұрылымдық жаңартуды бірқатар шаруашылықтар қажет етеді. Мысалы, электрмен жабдықтау шаруашылығында 4237 км электрлендірілген телімді токпен қоректендіріп отырған 75 тартымдық қосалқы станция бар, соның 77%-ның қызмет ету мерзімі біткен. Осыған орай, соңғы үш жылда электротехникалық жабдықтарға элементтік жаңғырту – модернизациялау жүргізіліп келеді. 2021 жылы қатерлі тозу аймағында орналасқан 19 тартымдық қосалқы станцияда, оның ішінде, негізгі 7 тартымдық қосалқы станцияда күштік трансформаторлардың негізгі жабдықтары алмастырылды. Бұл қабылданған шаралар жалпы ұзындығы 684 км болатын транзиттік учаскелерді екіжақты сенімді тартымдық электрмен жабдықтауды қамтамасыз етті. Екінші бір ерекше тоқталатын шаруашылық – бұл локомотив паркі. 2021 жылы локомотив паркіндегі жетіспеушілік 83 бірлікті құрады. Локомотивтер жетіспеушілігінен, бұзылып, сынып қатардан шығуы салдарынан былтыр тастанды пойыздардың да көп болғаны жасырын емес. Осы мәселеге қатысты биыл локомотив паркінің сенімділігін арттыру шараларын жүзеге асыруды, жаңа локомотивтер сатып алуды жоспарлап отырмыз. «Самұрық-Қазына» қорымен локомотив паркінің тапшылығын жабу үшін локомотивтерді жалға алу немесе лизингке беру мәселесін келісу бағытында жұмыстар жүргізіп жатырмыз.

– Биылғы 2022 жылы алға қойылып отырған негізгі міндеттер қандай?

– Басты міндеттер, жоғарыда айтып өткенімдей, Ұлттық жобаға сәйкес «тар» учаскелерді кеңітіп, жоюға бағытталған, яғни инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру болмақ. Бізге транзиттің әлеуетін арттыратын жобалар ауадай қажет. Достық – Мойынты телімінде екінші жолдарды салу, Жетіген – Қазыбек бек айналма теміржол желісінің құрылысы да биыл басталады. Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің жобасы бойынша өзбек тарапымен келісу және ТЭН әзірлеу жоспарланып отыр. Ұлттық жобаларды жүзеге асырудан бөлек, қолданыстағы және жаңа жекелеген пункттерді дамыту бағдарламасын да жалғастыру көзделіп отыр. Мәселен, Қызылжар – Жезқазған учаскесіндегі 3 разъезде жол салып бітіру және Жарық станциясында үш жолды ұзарту іске аспақ. Сонымен қатар, Жаңаарқа – Қызылжар – Жезқазған және Шұбаркөл телімдерінде жекелеген станцияларда, Шұбаркөл – Арқалық телімінде де 3 жекелеген пунктте жол салуға кірісеміз.

Сондай-ақ, Арыс станциясында дөңесті қайта іске қосу және Шу станциясында 4 жол салуды қарастырып жатырмыз.

– Әңгімеңізге рахмет!

Жаңалықтар
12.03.2026
Көлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған жаңа техника табысталды
Жаңалықтар
12.03.2026
Жолаушылар үшін жаңа бағыттар ашылып, вагондар паркі жаңартылып жатыр – Тоқаев
Жолаушылар тасымалы
12.03.2026
ҚТЖ төтенше ауа райы жағдайында пойыздардың үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етуде
Жолаушылар тасымалы
12.03.2026
ҚТЖ тас жолдардың жабылуына байланысты 390 жолаушыны пойызбен жеткізді
Әлемде
12.03.2026
Дрондар теміржол жұмысын өзгертуде
Әлемде
11.03.2026
Әлемдегі ең жүйрік CR450 пойызы 453 км/сағ жылдамдықты еңсерді
Аймақтар
11.03.2026
Жамбылда теміржолшы арулар марапатталды
Жаңалықтар
11.03.2026
Елімізде теміржол вокзалдарын модернизациялау жұмыстары жалғасуда
ҚТЖ келбеті
11.03.2026
Атыраулық теміржолшы «Құрмет» орденімен марапатталды
Аймақтар
11.03.2026
Жамбыл филиалының еңбекқор арулары
Жаңалықтар
11.03.2026
Теміржол алпауыттары Сочиде бас қосты
Аймақтар
11.03.2026
Қызылордалық теміржолшылар нәзік жандарға құрмет көрсетті
Инфрақұрылым
11.03.2026
Қызылжар – Сексеуіл учаскесін жаңғырту қарқыны кестеден озып тұр
Жаңалықтар
11.03.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту талқыланды
Жаңалықтар
10.03.2026
ҚТЖ: су тасқынына дайындық ерекше бақылауда
Жаңалықтар
10.03.2026
ТХКБ бойынша тасымал көлемі соңғы 7 жылда 5 есе өсті
Инфрақұрылым
10.03.2026
Қазақстанның теміржол инфрақұрылымын жаңғырту
Жүк тасымалы
10.03.2026
Қазақстан мен Ресей арасындағы контейнерлік тасымал 5 жылда 8,3 млн тоннаға дейін өскен
Әлемде
10.03.2026
Түркия алғашқы жүрдек электр пойызын сынақтан өткізбек
ҚТЖ келбеті
09.03.2026
Еңбегі берекелі билет кассирі