Өндірістік жарақаттың «нөлдік» деңгейі қалыптасты - Батыр Котырев

Сұхбат
29.04.2022, 10:19
Фото Александра Жабчука
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

28 сәуір – Дүниежүзілік еңбек қорғау күні «ҚТЖ» ұлттық компаниясында ерекше аталып өтеді. Биыл да ком- панияның еншілес ұйымдары мен филиалдарында еңбек қорғау күніне қатысты шаралар өтіп, жыл бойы атқарылған жұмыстар қорытындылануда. Ұлттық компанияда қауіпсіз жұмыс орнын құру, еңбек қорғау және еңбек қауіпсіздігі талаптарының орындалуы жөнінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері – Техникалық саясат департаментінің директоры Батыр Котыревпен сұхбаттасқан едік.

  – Батыр Қуанышұлы, еңбек қорғау күнін біреулер мереке, енді біреулер жұмыста қаза болған әріптестерін еске алу күні ретінде қабылдап жатады. Сіз үшін бұл күннің мән-мағынасы қандай? 

– Халықаралық еңбек ұйымы жыл сайын 28 сәуірде Дүниежүзілік еңбек қорғау күнін атап өтеді. Бұл күн бүкіл әлемде өндірістегі жазатайым оқиғалар мен аурулардың алдын алуды насихаттау мақсатында белгіленген. Яғни, қоғам назарын еңбекпен байланысты өндірістік жарақаттар, аурулар мен өлім санының өсуіне аударады. Ал 2022 жылғы Дүниежүзілік еңбек қорғау күнінің басты тақырыбы – еңбекті қорғаудың оң мәдениетін қалыптастыру үшін барлық мүдделі тараптарды тарту мен әлеумет- тік диалогтың маңыздылығына арналған. 

Әрине, бұл күнді мереке деуге келмес, дұрысы, өндірісте қайтыс болған әріптестерімізді еске алып, өткеннен сабақ алу. Жыл сайын әлемде өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіби ауру-сырқаттар салдарынан орташа есеппен 2 миллион адам өледі. Сондай-ақ, жыл сайын 270 млн жуық жаза- тайым оқиға мен 160 млн кәсіби сырқаттану оқиғалары тіркеледі. 

Сондықтан бұл күннің еліміз үшін маңызы зор. Өндірістік қауіпсіздік мәселелерінің стратегиялық маңыздылығын ескерген «Самұрық-Қазына» АҚ, қор құрамына кіретін компанияларда 2022 жыл – Еңбек қорғау және қауіпсіздік жылы деп жариялады. 

Биылғы жыл біз үшін компанияда нөлдік жарақаттану жағдайына қол жеткізудің кезекті межесіне айналуы тиіс. Оған алғышарт та жоқ емес. 2022 жылдың 1 тоқсаны өндіріспен байланысты жарақатта- ну, оның ішінде өліммен аяқталған оқиғалардың болмауымен, яғни тіркелмеуімен компания үшін тарихи кезең болып отыр. Мәселен, 2021 жылы осы кезеңде 35 жазатайым оқиға болып, оның 13-і есепке алынған-ды. 

– Расымен тамаша жаңалық. Мұндай жетістікке қол жеткізу үшін компанияда атқарылып жатқан іс-шаралар легіне тоқталып өтсеңіз... 

– «Нөлдік жарақаттану» жағдайын туғызуға қатысты қозғалысқа 2019 жылы серпін берілді. Ол үшін «Қауіпсіздіктің іс-қимыл диалогы», Қауіпті іс-қимылдар мен қауіпті жағдайларды анықтау, Ықтимал қауіпті оқиғаларды тіркеу (NEAR MISS), қауіпсіз емес жұмыстарды тоқтату құқығын беретін «Жұмысты тоқтат!» сияқты өндірістік қауіпсіздікті басқару саласындағы үздік әлемдік тәжірибе құралдары таңдап алынды, өйткені, бұл құралдар қауіпсіздік мәдениетін одан әрі жақсартуға ықпал етеді. Осыған байланысты біздің компанияда жарақаттану тәуекелдерін барынша азайту үшін Қазақстан Республикасында баламасы жоқ бірегей «Өндірістік қауіпсіздік» интеграцияланған жүйесі (ӨҚ ИЖ) іске қосылып, жұмыс істеп тұр. Бұл жоба халықаралық деңгейде де жоғары баға алды. 2020 жылы 81 елдің 213 теміржол компаниясы мүшесі болып табылатын Халықаралық теміржол одағының 6-шы цифрлық конференциясы аясында өткен марапаттау рәсімінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Өндірістік қауіпсіздік» ИЖ жобасы «Қауіпсіздік» санатында 2-ші орынға ие болды. ӨҚ ИЖ арқасында компанияның әрбір жұмыскері іс жүзінде заманауи ақпараттық технологиялар- ды қолдана отырып, жұмыстың тиімділігін байқап көру және сезіну мүмкіндігіне ие. ӨҚ ИЖ есеп беруге аса қымбат уақыт пен қағазды жұмсамауға, компания бойынша жағдайды ашық онлайн режимінде көруге және бағалауға, сондай-ақ, жұмысшыны қызықтырған мәселе бойынша қажетті ақпаратты дереу алуға мүмкіндік береді. Ең бастысы – әрқайсымыздың ӨҚ ИЖ мобильді қосымшасын пайдалана отырып, әлеуетті жазатайым оқиғаның алдын алуға, осылайша, өзіміздің және әріптестеріміздің өмірін сақтап қалуға мүмкіндігіміз бар. 

Мәселен, үстіміздегі жылдың 1-тоқсанында біздің қызметкерлер ӨҚ ИЖ-не қауіпті іс-әрекеттер немесе қауіпті жағдайлар (near miss) туралы 7 мыңнан астам дабыл қағу белгісін енгізді, бұл дегеніміз, бірлескен күш-жігердің арқасында осынша жазатайым оқиғаның алды алынып, тіпті, әріптестеріміздің өміріне төнген қауіп сейілді деген сөз. Әріптестерінің жарақаттануына немесе ажал құшуына әкеп соқтыруы ықтимал қауіпті жағдай туралы уақытылы дабыл қаққан әрбір теміржолшының матери- алдық сыйақы алу мүмкіндігі бар, оның ең жоғары лимиті 3 миллион теңгені құрайды. 

– «Өндірістік қауіпсіздік» ИЖ мобильді қосымшасын кез келген теміржолшы пайдалана білу үшін не істеу керек? 

– Мобильді қосымшаны қалай пайдалану керектігін сала еңбек- керлеріне егжей-тегжейлі түсін- діру үшін алдымен компанияның ішкі жаттықтырушылары таңдап алынып, олар оқу курстарынан өтті. Ал кейін олар өздерінің не- гізгі қызметтік міндеттерін атқара жүріп, оған қоса, онлайн-офлайн режимінде әріптестерін өндірістік қауіпсіздік және экология бағыттары бойынша оқытты. Бұл жұмыстар жалғасын таба бермек. Айталық, 2022 жылы 300-ден астам жетек- шілер мен мамандар NEBOSH және IOSH, Еңбек қауіпсіздігіне қатысты халықаралық курстар бойынша білім-біліктіліктерін арттырып, оқу курстарынан өтпек. Сөз реті келгенде, компания өндірістік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ISO 45001 және 14001 халықаралық серти- фикаттарға өзінің сәйкестігін тағы да растағанын атап өткім келеді. 

– Батыр Қуанышұлы, сұхбатымыздың соңын әдемі тілекпен аяқтасақ, биыл теміржолдағы еңбек өтіліңіз 30 жылды құраса, күні кеше ел ағасы елуге толыпсыз, қос мерейтойыңыз құтты болсын! 

– Рахмет, иә, Мәскеу мемлекеттік жол қатынастары университетін инженер-электрик мамандығы бойынша бітіріп, әкем Қуаныш Ыдырысұлының жолын қуып, теміржолды тағдырыма айналдыр- ғаныма да аттай отыз жыл болыпты. Қарапайым электромеханиктен компанияның бас инженері қы- зметіне дейін өскен еңбек жолымда талай тар жол, тайғақ кешуді бастан кештім. Қазіргі қызметім бірыңғай техникалық саясатты, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, экологиялық қауіпсіздік саласындағы басқару стратегиясын әзірлеу және іске асыру, теміржол көлігі саласындағы стандарттау жүйесін жетілдіру, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жоспарлау, өнертапқыштық жүйесін жетілдіру, жаңа өндірістерді игеру сияқты еліміздің темір жол саласын дамытуға бағытталып отыр. Отандық теміржол саласын дамытуға тамшыдай үлес қоссақ, соның өзі үлкен жетістік дер едім. 

– Әңгімеңізге рахмет!

ҚТЖ келбеті
26.07.2025
ҚТЖ машинисі ТМД елдері арасында кәсіпқойлар чемпионатында жүлделі орынға ие болды
Жаңалықтар
25.07.2025
Теміржолшылар өткелдерде рейд жүргізуде
Жүк тасымалы
25.07.2025
Тариф өсімі: кімге тиімді, кімге тиімсіз?
Инфрақұрылым
25.07.2025
Шымкенттегі теміржол өткелінде төрт жолақты көпір құрылысы қарқын алды
Аймақтар
25.07.2025
Жұмыла көтерген жүк жеңіл
Аймақтар
25.07.2025
Ұлы Абайдың ізімен...
Спорт
25.07.2025
ЦЖС командасы шағын футбол турнирінің жеңімпазы атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
25.07.2025
Қазақстан теміржолшысы газеті, №56 25 шілде 2025 жыл
ҚТЖ келбеті
24.07.2025
Астанада локомотив бригадалары арасында байқау өтті
Аймақтар
24.07.2025
Семей жол дистанциясында еңбек жағдайы жақсаруда
Қауіпсіздік
24.07.2025
Балалар қауіпсіздігі бәрінен маңызды
Жолаушылар тасымалы
24.07.2025
«Астана-Павлодар» қала маңы электр пойызының қозғалыс кестесі жаңартылды
Қауіпсіздік
24.07.2025
Машинист дер кезінде әрекет етіп, жолдағы әйелді аман алып қалды
Әлеумет
23.07.2025
Жаз қызығы жалғасуда
Әлеумет
23.07.2025
Медициналық пойыз Қостанай ауылдарына қызмет көрсетіп жатыр
Әлемде
23.07.2025
Орталық Азия Ауғанстанды үнді мұхитына шығатын дәліз ретінде көреді
Жүк тасымалы
23.07.2025
Орта дәліз: Қытай, Қазақстан және Әзербайжан ынтымақтастығы күшейе түсті
Әлемде
23.07.2025
Ұлыбританияда Stadler 99 сериялы жаңа локомотиві таныстырылды
Жаңалықтар
23.07.2025
ҚТЖ бөгде адамдардың темір жолға шығуының алдын алуда
Жүк тасымалы
22.07.2025
Шаньси провинциясынан алғашқы контейнерлік пойыз Орта дәлізбен Әзірбайжанға жөнелтілді