Теміржолдағы бүкіл жұмыстың тіні – қозғалыс кестесіне байланысты

Сұхбат
04.04.2023, 10:32
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-ге қарасты Қозғалыс кестесін әзірлеу департаментінің директоры Гүлнәр Таласпаевамен сұхбатымыз осы құрылымның жұмысы, функциясы, бағыт-бағдары, тағысын тағы туралы өрбіді.

– Гүлнәр Жәукенқызы, Қозғалыс кестесін әзірлеу департаментіне жүктелетін негізгі міндет қандай?  

– Теміржол көлігінде пойыздардың қозғалысы кесте арқылы жүзеге асатыны белгілі. Қозғалыс кестесі темір жолды пайдалану жұмысының жоспарын білдірумен қатар тасымалдауды ұйымдастырудың негізі болып табылады. Ал пойыздар қозғалысын ұйымдастыру бойынша барлық бөлімшелердің жұмысы негізгі нормативті-технологиялық құжатпен реттеледі. Пойыздардың қозғалысы қатаң кестеге сәйкес, станциялардың, локомотив және вагон деполарының, тартымдық қосалқы станциялардың, техникалық қызмет көрсету пункттерінің, жол дистанцияларының, қысқасы, жұмысы пойыздар қозғалысымен байланысты барлық құрылымдардың технологиялық процестерін дәл сақтау арқылы жүзеге асырылады. Осы бөлімшелердің жұмысын біріктіре отырып, қозғалыс кестесі олардың өзара үйлесімді әрекет етуіне мүмкіндік береді.  

– Пойыздардың қозғалыс кестесін жасау, сіздердің тілмен айтқанда «графистер» жұмысының ерекшелігі қандай?

– Теміржолдағы бүкіл жұмыстың тіні қозғалыс кестесіне байланысты десем, артық айтпаймын. Ал қозғалыс кестесін сауатты түзе білу нағыз өнер дер едім. Осы тұрғыда бұл қызмет тізгінін ұстаған «графистер» жұмысы аса жауапты екені айтпаса да түсінікті. Біздің департамент үш бағытта жұмыс істейді, пойыздардың қозғалыс кестесін, пойыздарды құрастыру кестесін және тартым күштерінің, яғни локомотивтер есеп-қисабын әзірлеумен айналысады. Міне, осы жұмыстарды департаментте 35 қызметкер атқарып отыр. Бір тобы қозғалыс кестесін жасаумен айналысса, екінші топ вагондарды құрастыруды жоспарлайды, яғни вагондарды Қазақстан бойынша қайда, қай бағытқа құрастырып жіберу жоспарын жасайды. Ал үшінші топ бүкіл кестені түзу үшін тартым күштерінің есептеулерін әзірлеу ісімен айналысады. Пойыздар жолаушы және жүк пойыздары деп бөлінсе, жүк пойыздарының өзі бірнешеге бөлінеді: контейнерлік, шамадан тыс ауқымды, салмағы жоғары, бос вагондар тіркеген пойыздар дегендей, олардың жүріс уақытын есептеп шығару, кестеге салу тіпті де оңай жұмыс емес. Бұдан бөлек локомотивтер бар, олардың өзі жүк және жолаушы тепловоздары мен электровоздары болып бөлінеді, қайсысы қанша тартады, соның бәріне техникалық сипаттама әзірлеп, есептеулерін жасап, кесте түзушілерге беріледі. Бұл бір тараптан. Екінші тараптан вагондарды құрастыру жоспары жасалып, ол да графистерге келіп түседі. Ал графистер осы есептеулер негізінде және жан-жақтан келген ақпараттарды пайдаланып теміржолдағы пойыздар қозғалысының кестесін жасайды.

– Бұл жұмыстардың бәрі автоматтандырылған жүйе арқылы атқарылатын болар? 

– Тасымалдау үдерісін басқарудың автоматтандырылған жүйесі (АБЖ) аясында автоматтандыру кешеніне және пойыздар қозғалысының кестесін жасауға көп көңіл бөлінуде. Әрине, пойыздарды құрастыру жоспарымен айналысатын бөлімнің жұмысы толықтай автоматтандырылған. Олар жылына бір рет ТМД елдерінің үлкен жиынына қатысып, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан елдерімен пойыздарды құрастыру, яғни вагондарды қайда, қандай мерзімге, қай мемлекетаралық шекаралық түйіспеден жөнелту мәселелерін талқылап, келісімдерге келеді. Өйткені кесте жасау кезінде халықаралық пойыздардың шекаралық станцияларға келісілген уақытта жеткізілуі және пойыздарды өңдеу технологиясын дәл сақтауы көзделуге тиіс. Біз қозғалыс кестесін жасау барысында вагондардың қысқа арақашықтықта жүруіне басымдық береміз, яғни жүк жөнелтушілерге вагондар тез жетуі үшін қай түйіспе арқылы жіберген тиімді екені ескеріледі. Ал графистер жолдағы станциялардың, разъездердің, қай жерде қандай депо бар, бүкіл техникалық сипаттамасын технарьлардан алады да бір графикке салады. Ол жылына бір рет жасалады. Бұл процесс автоматтандырылған, Ресей бағдарламасымен жасалады. Ал екінші бір кесте – нұсқаулық кесте күнделікті жөндеу жұмыстарын жоспарлап, ШЧ, ПЧ, ЭЧ сынды құрылымдардың жөндеу жұмыстарына байланысты өзгеріп отырады. Мәселен, жазғы жол жұмыстары кезіндегі «толаскездер» де нұсқаулық кестеге байланысты беріледі. Жолаушылар тасымалына қатысты жұмыс болса графикке салынады, жолшыларда жұмыс болса олар да кестеге сүйенеді. Бұл график жартылай автоматтандырылған, жартылай қолмен жүзеге асырылады. Біздегі 15 графистің бір бөлігі нормативпен, жартысы күнделікті нұсқаулық кесте жасаумен айналысады. Біз графиктерді жасап, диспетчерлерге жолдаймыз. Ал олар станция кезекшілеріне береді.  

– Өзіңіз басқарып отырған қозғалыстың жүрегі сынды департаменттің алдағы ең үлкен жоспары қандай?  

– Жоспарда осы күнделікті нұсқаулық кесте жұмысын автоматтандыру тұр. Қазір диспетчерлер пойыздың уақытылы немесе кешігіп келетінін көре алмайды. Сондықтан біз нұсқаулық кестені автоматтандыру мәселесін Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясының (ЦДАС) алдына қойдық. Яғни Пойыздар қозғалысы кестесіне қатысты жұмыс орнының автоматтандырылған жүйесі бағдарламасы әзірленіп, іске қосылғанда ол автоматты түрде диспетчерлерге ақпаратты беріп отырады, әрі қарай диспетчер өзі шешім қабылдайтын болады. Ол бағдарлама бүкіл процесті, локомотивтердің, қай құрамға қайсысы баратынын да көрсетіп отырады. Қазір бұл бағдарламаны ЦДАЦ өздері жасауға талпынып жатыр. Отандық өнім болса, әрине бізге де жақсы. Қысқасы, графистер жұмысын едәуір жеңілдететін күн алыс емес деп ойлаймыз.

 

Жолаушылар тасымалы
10.07.2026
Ұлттық тасымалдаушы Алматы бағытында миллионға жуық жолаушы тасымалдады
Аймақтар
10.07.2026
Теміртау вокзалында жолаушылар платформасын жаңғырту жұмыстары аяқталды
Аймақтар
10.07.2026
Құсмұрын станциясында "Қауіпсіз өткел" акциясы өтті
Жүк тасымалы
10.07.2026
Вагон өндірісінен экспортқа дейін: «Қазтеміртранс» жоспары
Сұхбат
10.07.2026
Жүк тасымалы – экономиканың сенімді даму бағыты
ҚТЖ келбеті
10.07.2026
Сайөтесте вагон қараушы апатқа жол бермеді
Жаңалықтар
10.07.2026
ҚТЖ-да жас мамандарға арналған тәлімгерлік жүйе қайта жандануда
Қауіпсіздік
10.07.2026
Өткелден өтудің өз ережесі бар
Жаңалықтар
10.07.2026
Қазақстанның транзиттік әлеуеті халықаралық деректі фильмде көрсетілді
Қауіпсіздік
10.07.2026
Қауіпті аймақта қатер көп...
Жаңалықтар / Мұрағат
10.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №52 10 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
09.07.2026
ҚТЖ теміржол бағыттамаларын жоспарлы түрде жаңартып жатыр
Әлемде
09.07.2026
Ұлыбританияда алғашқы экологиялық таза вокзал ашылды
Жүк тасымалы
09.07.2026
Қысқа дайындық: ҚТЖ көмір тасымалдайтын вагондарды жаппай әзірлеуде
Жаңалықтар
09.07.2026
Елімізде астық экспорты 13%-ға артты
Аймақтар
09.07.2026
«Сарыағаш» теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары тамыз айында аяқталады
Жаңалықтар
09.07.2026
ҚТЖ паркі маусым айында 50 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.07.2026
Алматы-1 теміржол вокзалын қайта құруға 500-ден астам жұмысшы тартылды
Әлемде
08.07.2026
Армения Түркия және Әзербайжан шекараларына апаратын теміржол желілерін қалпына келтіре бастады
Жаңалықтар
08.07.2026
Тәртіп сақшылары балаларды теміржол бойында абай болуға шақырды