Александр Ширяев: Қажетті вагон паркі мен тиімді тасымал ұсынамыз

Сұхбат
04.04.2025, 08:32
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес ұйымы «Қазтеміртранс» АҚ – еліміздегі жүк вагон паркінің ірі операторы. Жиырма жылдан астам уақыт нарықта жүк тасымалдаушыларды қажетті жүк вагондарымен қамтамасыз етіп келе жатқан компания 2024 жылды қалай аяқтады, қандай табысты көрсеткіштерге қол жеткізді, алдағы күн еншісіне нендей міндеттерді қойып отыр? Осы сынды тағысын тағы мәселелер хақында акционерлік қоғам бас директорының орынбасары Александр Ширяевты әңгімеге тарттық.

– Александр Сергеевич, әңгімемізді компания меншігіндегі вагон паркінен, алдағы даму бағыттары мен артықшылықтарынан бастасақ...  

– «Қазтеміртранс» АҚ Қазақстандағы жүк вагон паркінің ең ірі жалғыз операторы деуге болады. Компанияның жекеменшік вагон паркіндегі вагондар саны 38 мың бірлік шамасында. Олар ашық және жабық вагондар, платформалар, астық және цемент тасушылар, тағы басқа да вагон түрлері. Енді компания қызметіне келсек, ол жүк вагондарын бағдарлау, арнайы жылжымалы құрамдарды жалға беру сияқты бағыттарды қамтиды. «Қазтеміртранс» АҚ вагондарымен тасымалданатын жүктердің басым бөлігін сусымалы, яғни көмір, шағыл тас, кен сияқты жүктер құрайды. Сонымен қатар ыдысты-даналанған жүктер, астық, құрылыс жүктері, тағы басқа тауарлар да тасымалданады. Компания перспективалы даму бағыттарына айрықша ден қойып отыр. Олардың қатарында жүк тасымалдаушы жылжымалы құрамдар паркін жаңалау, корпоративті басқару жүйелерін жетілдіру, сондай-ақ қызметтер сапасы мен әлемдік стандарттар үлгісіне сәйкес келу сияқты басты бағыттар бар. «Қазтеміртранс» АҚ-ның басты артықшылығы неде дейтін мәселеге келсек, ол әлбетте жаңа айтып өткенімдей, бізде ең үлкен вагон паркі болғандықтан, вагондармен қамтамасыз етудің ең үлкен мүмкіндігі туып отыр. Екіншіден, клиенттерге жеке кабинеттері арқылы онлайн режимде ең қолайлы сервис қарастырылған, үшіншіден компания ең ашық тарифтік саясатты ұстанады.  

– Жүк вагондарының ұлттық операторы өткен 2024 жылды қандай жетістіктермен қорытындылады, қандай жобаларды жүзеге асырды, осыған тоқталып өтсеңіз.  

– «Қазтеміртранс» АҚ бүгінде 2024 жылдағы жұмысын толық қорытындылап болды. Осы арада компания қызметкерлерінің бір команда болып, ұйысып ұжымдаса еңбек етуінің арқасында «ҚТТ» АҚ өте жақсы нәтижелер көрсеткенін айтар едім. Яғни кірістің айтарлықтай өсіміне қол жеткізілді, тұтынушыларға қызмет көрсету жақсарып, вагондарды жөндеу көлемі де ұлғайтылды. Егер қаржылық көрсеткішіне келсек, 2024 жылдың қорытындысы бойынша компанияның түпкілікті кірісі бастапқы межеден 76,8%-ға артық шықты. Бұл өсудің негізгі факторы жөндеу шығындарын үнемдеу және жаңа вагондар жөнелтімдерінің көбеюі есебінен болып отыр. Жүк вагондарының ірі операторы ретінде біз үшін клиенттер сұранысының қанағаттанарлық деңгейде болуы аса маңызды. Сондықтан біз бұл мәселеге айрықша мән беріп, жұмыс істейміз. Қуантатыны, бұл бағытта да жемісті нәтиже бар. Мәселен, 2024 жылы клиенттердің қанағаттануы 2023 жылмен салыстырғанда 4% артып, 89,17% құрады. Бұл арада қанағаттануды арттыруға бірнеше факторлар ықпал етті, олар: вагондар санын көбейту, жылжымалы құрамды жаңарту және қызмет көрсетілімінің автоматтандырылуын жақсарту. Компания вагондарды ағымдық ағытып алып жөндеуге жөнелту санын азайту арқылы да айтарлықтай табысқа қол жеткізді. Мәселен, 2024 жылы ағытып алу саны 2023 жылмен салыстырғанда 8% төмендеді. Бұл жөндеу мен техникалық қызмет көрсету сапасын арттырудың арқасында мүмкін болды. Өткен жылы жөндеуге кіргізілген вагондар санын алдыңғы жылмен салыстырғанда 5% немесе 756 вагонға арттырдық. Яғни 2024 жылы барлығы 14 353 вагон жөнделді. Сонымен қатар ҚТТ-ның негізгі өндірістік көрсеткіші болып табылатын тасымал көлемі 2024 жылы 100% орындалды. Бұдан басқа біз экспорттық нарықтарға шығу бойынша жұмыстар жүргізіп, жұмыс паркін ұлғайттық. Ал өткен жылы қандай жобалар қолға алынып, жүзеге асырылды дейтін болсақ, былтыр «Multicode» немесе «Өндірістік қызметті басқарудың бірыңғай платформасы» жобасының бірінші кезеңі аяқталды. Бұл жоба бизнес-процестерді автоматтандыруға және жақсартуға бағытталған. Бұдан басқа, «Бағдарлауда жүк вагондарын бөлу регламенті» әзірленіп, бекітілді, сондай-ақ 2025 жылдан бастап вагондарды жөндеу моделі анықталды. Инновациялық тасымалдау жолдары да қарастырылды. Бірінші рет ашық вагондарда астықты тасымалдау ұйымдастырылды. Келешекте желідегі кестені оңтайландыру үшін мұндай тасымалдарды ұлғайту жоспарланып отыр.  

– Әңгімемізді 2025 жылға қойып отырған жұмыс жоспарымен аяқтасақ...  

– 2025 жылы да компания даму бағытындағы жұмыстарын жалғастырып, жетістіктерін арттыруға күш салады. Алға қойып отырған негізгі мақсаттар арасында: экспорт үлесін 15% ұлғайту, 2025 жылға жоспарланған барлық көрсеткіштерді 100% орындау, клиенттердің қанағаттануын 87%-ға дейін, компанияның әлеуметтік тұрақтылық рейтингін 80%-ға дейін арттыру, сондай-ақ компанияның 3000 жаңа ашық вагонын толық пайдалану және экспорттық келісімшарттарда іске қосылған вагондардың үлесін 15%-ға дейін ұлғайту (4000 вагон) бар. Компания қызмет көрсету сапасын жақсарту, техникалық қайта жарақтандыру және тасымалдау мүмкіндіктерін кеңейту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде, бұл нарықтағы позицияларды нығайтуға және клиенттердің сенімін арттыруға ықпал етеді. Қорыта айтқанда, 2024 жыл – «Қазтеміртранс» АҚ үшін айтарлықтай жетістіктер жылы болды деуге толық негіз бар. Өткен жыл нәтижелері ұжым алдында қойылған міндеттердің тұрақты өскенін және табысты іске асырылғанын көрсетіп отыр. Яғни компания кірісін ұлғайта білдік, барлық межеленген бюджеттік параметрлер мен жөндеуге қатысты өндірістік бағдарламаларды табысты орындадық. 2025 жылы да ҚТТ өзінің бәсекелестік артықшылықтарын нығайтуды, сервисті жақсартуды және клиенттерге тиімді тасымалдау мен қызмет көрсету үшін инновациялық шешімдерді дамытуды жалғастыратын болады. ҚТТ клиентке қажетті вагон паркі мен тиімді тасымал түрлерін кез келген уақытта және мерзімге ұсынады.  

– Әңгімеңізге рахмет!  

 

Жолаушылар тасымалы
15.05.2025
9,5 мыңнан астам жолаушы пойыз бен вагонды ауыстырып отыру қызметтерін пайдаланған
Аймақтар
15.05.2025
Аралда теміржол өткеліне көпір салынды
Аймақтар
14.05.2025
«Әкем – асқар тауым»: Қызылордада әкелер мен ұлдар сайысы өтті
Қауіпсіздік
14.05.2025
20 мыңнан астам азаматқа теміржолдағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Әлемде
14.05.2025
Қытайда сутегімен жүретін пойыз алғаш рет жолға шықты
Жаңалықтар
14.05.2025
Мас жолаушы пойыздың тоқтау-кранын жұлып алып, тоқтауына себеп болды
Жаңалықтар
14.05.2025
Қытай Қазақстанға алғашқы CEA1 магистральдық электровозын жеткізді
Жүк тасымалы / Апта саны
13.05.2025
ҚТЖ желісінде жүк тасымалы 4,5%-ға артты
Сұхбат
13.05.2025
Қанат ӘЛМАҒАМБЕТОВ: «Шиеленісті жағдайды уақытылы шешуге мүдделіміз»
Аймақтар
13.05.2025
Ғибратты ғұмыр
Аймақтар
13.05.2025
Жүз жасаған кейуана
Станция тынысы
13.05.2025
Болашақ станциясы өсім жолында: жаңа дәреже – жаңа міндеттер
Аймақтар
13.05.2025
Теміржолшылар Жеңіс күні бірлік пен рухты паш етті
Жаңалықтар / Мұрағат
13.05.2025
Қазақстан теміржолшысы газеті, №36 13 мамыр 2025 жыл
Жүк тасымалы
12.05.2025
Қытайдан Орталық Азия елдеріне контейнерлік тасымал 104%-ға өсті
Жаңалықтар
12.05.2025
Қазақстан бидайы алғаш рет БАӘ нарығына шықты
Жаңалықтар
12.05.2025
Алты ел еуразиялық дәлізді қалыптастыру барысын талқылады
Спорт
12.05.2025
Бес вагон сүйреп рекорд орнатты
Аймақтар
12.05.2025
Шымкент вокзалы маңындағы алып сағат қайта іске қосылды
Жүк тасымалы
12.05.2025
Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан теміржолшылары жүк тасымалдау көлемін ұлғайтуды талқылады