Қамқорлықтан кенде емес

Сұхбат
22.04.2025, 09:01
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Кез келген қоғамда әлеуметтік мәселелер – адам өмірінің маңызды аспектісі. Жұмысшылардың еңбек жағдайы, қауіпсіздігі, денсаулығы, тұрмысы – бәрі де жан-жақты қамтамасыз етілуі шарт. Біз бүгін аймақ теміржолшыларының әлеуметтік мәселелері қалай шешілуде, қандай жағдай жасалуда деген сауалмен Атырау магистральдық желі бөлімшесі, персоналды басқару бөлімінің бастығы Анар Жалғасбаевамен аз-кем сұхбаттасқан едік.

– Анар Амантайқызы, әлеуметтік мәселе қай компанияның да өзекті, қазақша айтқанда «жанды жері». Жұмысшыға жағдай жасалса, еңбек өнімділігі де артады. Қазіргі уақытта өңір теміржолшыларының әлеуметтік жағдайы қалай, оған көңілдері тола ма? Жұмысқа алу тәртібі қалай, жалпы теміржолшыларға қандай жеңілдіктер жасалып жатыр?  

– Жұмысшыға жағдай туғызу – әр кәсіпорынның әлеуметтік бағдарламасында белігіленген бұлжымас қағидасы. Біздің бөлімше де соған сәйкес заң шеңберінде әрекет етеді. Бізде 2024 жылы 1 қаңтарда штаттық кесте бойынша 2122 адам тіркелген, оның ішінде 65 адам басқару аппаратында жұмыс істейді. 2-ші және 3-ші топтағы мүгедектер саны 27 адамды құрайды. Қазір темір жолда жұмысқа орналасу деген қиын мәселе емес. Бүкіл ҚТЖ бойынша жұмыс істейтін jоb.railways.kz сайтына вакансиялар саламыз (көбіне орта буын мамандар), оған кез келген үміткер үйде отырып, не басқа қалада отырып-ақ өз түйіндемесін жібере алады, содан кейін тест келеді, вакансия үш күн мерзімде сайтта тұрады, мүмкіндігінше ішкі кандидаттар қарастырылады, егер ол кандидат тест емтиханынан өте алмаған жағдайда сыртқы кандидаттардан іздейміз. Негізгі артықшылық – іштегі мамандардан таңдауға беріледі.  

– Жұмысшылардың жалақы мөлшері өсті ме?  

– «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ филиалдарының жұмысшылары мен қызметкерлеріне еңбекақы төлеу схемаларына (4,5-қосымшаларға) сәйкес 01.01.2025 жылдан бастап 1 және 5 дәреже арасындағы «жұмысшылар» санатынан басқа барлық қызметкерлердің жалақысы 7%-ға артты. 1 және 5 дәреже арасындағы «жұмысшылар» санаты бойынша жалақы 8,5%-ға өсті. Біздің бөлімшеде оларға барлығы 69 бірлік кіреді. Сосын бұрын еңбек өтіліне орай берілетін сыйақы қалпына келтірілді деуге болады: Биылдан бастап «Теміржол саласында 10, 20, 30 жыл мінсіз қызметі үшін» берілетін қосымша ақы төлене бастады. Ол – «Теміржол саласында 10 жыл мінсіз қызметі үшін» – 100 000 теңге; 20 жыл – 200 000 теңге; 30 жыл - 300 000 теңге мөлшерін құрайды. ЕҚК (еңбекке қатысу коэффициенті) 2024 жылы ШЧ, ЭЧ, ВП, ПП, вокзал қызметкерлеріне – электромеханик, электромонтер, қалпына келтіру және өрт сөндіру пойызының қызметкерлеріне және вокзал шаруашылығының қызметкерлеріне 10% мөлшерінде төленсе, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап 15% болып көтерілді, яғни 5% өсті.  

– Теміржолшылардың ерікті медициналық сақтандыру арқылы тегін медициналық көмек алуы қалай жүзеге асырылып отыр, арыз-шағым айтылып жатқан жоқ па?  

– Бөлімшеде ерікті медициналық сақтандыру бойынша көптеген жұмыстар жүргізілді, өткен жылы 1678 адам, отбасы мүшесімен 2480 адам тіркелді. Атырау қаласында теміржолшыларды сақтандыру компаниясы болып «Архимедес» ЖШС бекітілді. Ал биыл ерікті сақтандыру бойынша өзгерістер енгізілді, қызметкер өзімен бірге 3 адамды тіркей алады, не күйеуін, әйелі не кәмелетке толмаған балаларды, 75 жасқа дейінгі ата-анасын қосымша тіркей алады. Ал егер 75 жастан асқан болса, 30 мың теңге жылына бір рет төлейді. Ал бауырлары міндетті құжаттарымен тіркеледі. Сақтандыру компаниясына жұмысшылар тарапынан шағым түскен жоқ. Қаралған адамдар ризашылықтарын білдіруде. Сонымен қатар былтырғы жылы санаторлық-емдік шипажайда демалғандар саны 127 адамды құрады, оның 50-і зейнеткерлер. С.Сейфуллин шипажайында 77 адам демалса, қалғаны басқа санаторийлерге жолдамамен барды. Тағы бір жағымды жаңалық, бұрын осы шипажайға бару үшін еңбек өтілі барлық Ережелерде 5 жылдан жоғары болуы керектігі көрсетілген еді, ал биылдан бастап барлық шипажайға еңбек өтілі қаралмайтын болды. Сонымен қатар «Д» тіркеуде тұрған қызметкерлер медкомиссия арқылы шипажайға жолдама ала алады. Бұл – жаңа Ұжымдық шартқа енгізілген өзгеріс. Сондай-ақ бұрын сыйақы тек Теміржолшылар күні мен Тәуелсіздік күніне берілетін, ал жаңа ұжымдық шартқа сәйкес биылдан бастап Наурыз мерекесі мен Республика күніне орай екі мейрам қосылып, 4 мемлекеттік мерекеде бюджеттің шеңберінде Компаниядан сыйақы берілетін болды. Қысқасы, біздің теміржолшылар қамқорлықтан кенде емес.  

– Әңгімеңізге рахмет!  

 

Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды
Әлемде
26.08.2026
Болгарияда Skoda Group электропойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Әлемде
26.08.2026
Жапонияда Токио – Нагоя маглев желісінің құрылысы қайта жандануы мүмкін
Жаңалықтар
26.08.2026
Қазақстанда қала маңы электр пойыздары жаңартылады
Жаңалықтар
25.08.2026
Бурабай курортының теміржолшысы 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Жүк тасымалы
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты