Статистика – сан мен сапалық көрсеткіштер ғылымы

Сұхбат
16.06.2025, 11:05
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі  төрт түйіспемен шектеседі.  Түлкібас – Шымкент, Мойынты – Қарағанды, Отар – Алматы, Түркісіб – Қырғыз елімен түйісетін  теміржол желісі арқылы күн сайын жүк және  жолаушылар пойыздары үздіксіз қатынап жатыр.  Күндіз-түні төрт бағытқа ерсілі-қарсылы ағылып жатқан құрамдар,  ондағы әр вагон  туралы мәлімет жинақтап, есеп жүргізетін саламен таныс болайық.    

«ҚТЖ» ҰК» АҚ  –  «Көпсалалы қызмет көрсету орталығы» филиалы Бизнес-талдау департаментінің Тараз өңірлік бөлімі осы есепті жүргізеді. Оларда Жамбыл теміржолына  қарасты барлық құрылымдардың  статистикасы жинақталған, күні бойы есеп және талдаумен айналысатын бөлімнің жұмысы өңірдегі қозғалыстың барометрі, барлық жұмыстың айнасы іспетті. Осы бөлімді үзіліссіз 30 жылға жуық басқарып келе жатқан  Амантай Желдікбаев  статистика жүргізудің хас шебері ретінде мойындалған маман. Білікті басшымен қиын да күрделі бөлімнің жұмысы жайлы аз-кем сұхбаттасудың сәті түсті.    

– Амантай Середаұлы, теміржолдың сан салалы жұмысында сырт көзге байқала бермейтін, бірақ алып саланың  жүрегі мен артериялық қан тамыры сынды статистика қызметі жайлы кеңінен әңгімелеп берсеңіз...

– Математика – ғылымның атасы десек, статистика – анасы. Статистика – сандық және сапалық көрсеткіштер ғылымы. Түбі жоқ тұңғиық әлемге дендеп енген сайын қызықты бола түседі. Басқатырғыш сынды есеп-қисап, жинақтау, өңдеу мен талдаудан да ләззат алуға болады. Жамбыл теміржолының бүкіл статистикасын біздің бөлім жүргізеді. Жамбыл жүк тасымалы және Жамбыл магистральдық желі бөлімшелеріне қарасты барлық құрылымдардың, бас-аяғы жиырма шақты кәсіпорынның бәрінен есеп алып отырамыз. Есептік кезең 20 сағатты құрайды. Күн сайын Жамбыл бөлімшесіне қарасты төрт түйіспе жолмен қатынайтын пойыздарда қанша вагон бар, оның қаншасы қабылданды, қаншасы өткізілді, жалпы локомотивтер мен вагондардың өнімділігі қандай, жылдамдықтарына қатысты телімдік және техникалық көрсеткіштері қандай, соның бәрінің есебі арнайы макетке толтырылып, автоматты түрде Астанаға жіберіліп отырады. Автоматты жүйеге енгізілмей, жазбаша толтырылатын статистика да бар. Мысалға айтар болсақ, пайдалану мерзімі өткен вагондар компьютерлік базадан шығып қалады. Бірақ оларды арнайы рұқсатпен басқа жаққа жіберетін кездер болады. Міне, солардың есебі қағаз жүзінде бөлек жүргізіледі.

Теміржол – цифрлық технологияға қарқынды көшіп жатқан сала, сіздер де оның игілігін  көріп жатқан боларсыздар?

– Әрине, онсыз бола ма,  біздің де бөлім жұмысы автоматты түрде жүргізілетін ақпараттық жүйелер кеңінен қолданысқа енгізіле бастағалы бері айтарлықтай оңтайландырылып,  жеңілдегені рас. Мысалы, тиеу-түсіруді жедел бақылау (ОКПВ) бағдарламасын алайық. Аталған автоматты жүйе арқылы, айталық Мыңаралда цемент зауыты шығаратын өнім Сарышаған станциясында вагондарға тиелді делік, тауарлық касса мәліметті компьютерге жүктейді, сол мезетті ақпараттың бәрі Астанадағы Бас есептеу орталығына (ГВЦ) барады.

Сол арқылы біздің бөлімнің қалыптасқан барлық жұмысы көрінеді. Автоматты басқарылатын ақпараттық жүйелер – уақыт жағынан ұтымды, есеп нақты жүргізіледі. Айталық, локомотивтердің қозғалысы бойынша АСИМ-ЭММ деген бағдарлама бар. Осы жүйе арқылы машинист жол жүріп оралғаннан кейін барлық мәлімет: локомотив қай жерден шықты, қанша вагон тіркеп әкелді, қандай станцияларға қай уақытта тоқтап, қанша уақыттан кейін жүрді, жалпы вагондардың салмағы бәрі-бәрі осы бағдарлама бойынша енгізілген базада жазылып тұрады. Қазіргі кезде АСУ СТ деген бағдарлама қарастырылып жатыр. Бұл бағдарлама енгізілсе, станциялардың жұмыстарының бәрі автоматтандырылады, ІТ мамандар осы бағытта жұмыс жүргізіп жатыр.

 – Осындай ауқымды жұмыс  көлемін жүргізетін команда да осал болмаса керек?

– Бөлімде жұмыс істейтін 8 маманның бәрі де өз жұмысын жақсы білетін, білікті де сауатты қызметкерлер санатында. Онсыз болмайды, статистика қателікті кешірмейді. Олар 5 жылда бір рет аттестациядан өтіп тұрады. Одан бөлек   жылына екі рет өткізетін аса жауапты сынағымыз бар.  Олар – мамыр айында жүргізілетін – вагондар, қыркүйекте болатын – контейнерлер санағы. Екеуіне де алдын ала бір ай дайындаламыз, барлық құрылымдардағы жауапты мамандармен сөйлесеміз, барлық талаптарды түсіндіріп шығамыз. Сынақты ойдағыдай өткізу – ауыр жүк арқадан түскендей болады. Оның рахатын сөзбен айтып жеткізу қиын. Жалпы, мен сізге айтайын, 1998 жылы осы бөлімге басшы болып ауысып келгенге дейін теміржолда мен білмейтін нәрсе жоқ деп ойлайтынмын. Бұл жерде көп нәрсені үйрендім.

– Екінің бірі статист маман болмайды және оны сіз секілді терең түсіне бермейді. Бұл салаға қалай келдіңіз?

Мен жалпы теміржолға бөтен емеспін. Әке-шешем теміржолшылар. Әкем көп жыл Шу – Мойынты теміржолының бойында станция басқарды. Үйде он баламыз, мен үшіншісімін, мектепті бітірген соң бірден теміржол институтына барып түстім.  1979-1984 жылдары Алматы теміржол көлігі инженерлері институтында жоғары білім алып, жұмысымды Шуда пойыз диспетчері болып бастадым.  Кейін Жамбыл бөлімшесіне ауысып, аға пойыз диспетчерінің орынбасары, бірінші санаттағы инженер-техник сынды қызметтерді атқарып, біраз тәжірибе жинаған соң  осы бөлімнің басшысы болып тағайындалдым. Содан бастап менің статистикаға «махаббатым» басталды. Міне, сәл күнде сүйікті кәсібіммен қоштасып, зейнет демалысына да шыққалы отырмын. Жаман жұмыс істеген жоқпын, «Кәсібі бойынша үздік» маман атандым, басқа да марапаттарым аз емес. Маған сенім артып қана қоймай, бөлім жұмысын жүргізуде белгілі бір деңгейде еркіндік берген, бастамаларыма қолдау көрсеткен басшылыққа алғыстан басқа айтарым жоқ.  

- Әңгімеңізге рахмет!

 

Жаңалықтар
13.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ-ның локомотив паркі 146 заманауи локомотивпен толықты
Әлемде
13.08.2026
Қытай теңіз бағыттары үшін контейнерлерді екі қабатпен таситын алғашқы пойызды іске қосты
Жаңалықтар
13.08.2026
Теміржол өткелінде көлік істен шығып, жүк пойызы шұғыл тоқтауға мәжбүр болды
Аймақтар
13.08.2026
Абай облысында 8 теміржол вокзалы жаңғыртылуда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан жүк тасымалы көлемін арттыру шараларын пысықтауда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты дамытуда
Аймақтар
12.08.2026
Түлкібас теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлемде
12.08.2026
Бавария алғашқы сутекті пойызын желтоқсанда іске қосады
Жаңалықтар
12.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы локомотив және жолаушылар паркімен танысты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Спартакиадада тарихи жеңіске жеткен спортшылар командасын құттықтады
Жаңалықтар
11.08.2026
Үкіметте теміржол вокзалдарын жаңғырту мәселелері талқыланды
Инфрақұрылым
11.08.2026
ҚТЖ-да инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында ауқымды жұмыс атқарылуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Маңғыстауда рейдтік іс-шаралар жалғасуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Қауіпсіз өткел: Шымкент жол дистанциясында профилактикалық акция өтті
Аймақтар
11.08.2026
Ақтөбе өңірінде жүк тасымалы артты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ құрамасы – үш дүркін чемпион!
Аймақтар
11.08.2026
Абай мұрасы ұлықталды
Жаңалықтар
11.08.2026
Құрметті демалысқа шығарып салды
Жаңалықтар / Мұрағат
11.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №63 11 тамыз 2026 жыл
Спорт
10.08.2026
Нұржан Сағидоллинов армрестлингтен күміс медаль жеңіп алды