Шаруашылық қысқы маусымға толық дайын

Сұхбат
29.10.2019, 13:55
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Шымкент магистральдық желі бөлімшесінің директоры Марат Оңаловпен сұхбатымыз бөлімшенің ағымдағы жұмысы, қыс маусымына дайындық және Арыстағы инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмыстары жайлы өрбіді.

 – Марат Әденұлы, алдымен Шымкент магистральдық желі бөлімшесі құрылымы туралы қысқаша мәлімет бере кетсеңіз.

– Шымкент магистральдық желі бөлімшесі құрамына екі жол дистанциясы, екі белгі беру және байланыс дистанциясы, бір электрмен жабдықтау дистанциясы, бір материалдықтехникалық база, екі қалпына келтіру, 3 өрт сөндіру пойызы, 10 теміржол вокзалы кіреді. Бөлімшедегі бас жолдардың жалпы ұзындығы 466,3 км құрайды. Станция жолдары – 390,2 км. 1359 жинақ бағыттамалы бұрма, 667 көпір мен құбыр, 29 теміржол өтпесі, оның ішінде 13-і күзетпен қамтылған, сигнализация және байланыс автоблоктаумен қамтамасыз етілген нысан – 405,6, электрмен қамтамасыз етілген жолдардың ұзындығы – 320,8 км, электрмен қамтамасыз етілмегені – 159 км.

– Есепті мерзім ішінде пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігі мен жоспарлы жұмыстардың орындалуына қалай баға бересіз?

– Бөлімше бойынша биыл апаттық жағдайлар орын алған жоқ. Көрсеткіштерге тоқталсақ, жол шаруашылығы бойынша жолдың күтімі – 82 балл, бұл «жақсы» деген бағаны білдіреді. СОБ және байланыс құрылғылары бойынша – 6,2 балл, бұл да жақсы, ал электрмен жабдықтау құрылғылары бойынша – 15,3 балл, яғни «өте жақсы» межеде орындадық.

– Өзіңіз білесіз, соңғы кездері компанияның басым бағыттарының бірі – пойыздар жылдамдығын көтеру болып отыр, оның ішінде контейнерлік пойыздар мен жүрдек пойыз-дар айрықша назарда. Осы ретте қандай нәтижелер бар?

– Пойыздардың жүріс жылдамдығын арттыру ең алдымен жол шаруашылығының жай-күйіне байланысты болғандықтан біз жол сапасын арттыруға күш салып жатырмыз. Шаруашылық тәсілмен жоспарланған жұмыстар орындалуда. Көлемі 11,49 км құрайтын теміржол күшейтілген орташа жөндеуден өткізілді. 24,76 км ескі жарамды рельс төселіп, 1,85 км ескі жарамды рельс бунағы ауыстырылды. Ауыр типті машиналарды қолданумен 40 км жолды сауықтыру жұмыстары жасалды. ПРСМ машинасымен 232 түйіспе дәнекерленді. МКТ және СЗ машиналарымен 24760 текше метр жанама арықтар тазартылды. 2018-2019 жылдары атқарылған осы жұмыстардың нәтижесінде 118 км Шымкент-АрысТүркістан бағытындағы телімдерде Тұлпар-Тальго жүрдек пойыздарының жылдамдығы сағатына 140 шақырымға дейін көтерілді. Атап айтсақ, Тальго пойызының жылдамдығы 30 шақырымға, өзге жолаушылар пойыз дары 30,4 шақырымға, контейнер пойыздары 43,32 шақырымға, ал жүк пойыздары 13,62 шақырымға артты.

– Алдағы қысқы маусымға әзірліктеріңіз қалай?

– Бөлімше шаруашылығы қысқы мерзімге толықтай дайын. Онша-мұнша кем-кетікті күзгі байқау кезінде түзедік. Бөлімше бойынша өндірістік жарақат алу фактілері болған жоқ. 2019 жылға берілген тапсырыс негізінде 20 атаудан тұратын жазғы арнайы киімдер, 18 атаудан тұратын қысқы арнайы киімдермен толық қамтамасыз етілді. Бас киім, аяқ киім, аккумулятор костюмі, әйелдер және ерлер халаты, т.т.

– Негізгі жұмыстарыңыздан бөлек, компания көлемінде қолға алынған қандай да бір жаңа жобаларға үн қосуларыңыз туралы не айта аласыз?

– 2019 жылдың 13 мамырынан бастап Компания бастамасымен біздің аймақта ерекше «пилоттық жоба» жұмысын бастады. Ол бойынша бос орындарға адам қабылдау сыртқы жүйелер арқылы жүзеге асырылады. Бұл – сыбайлас жемқорлыққа қарсы жасалған қадам. Қызметкерлерді, жұмысшыларды тамыр-таныссыз жұмысқа алудың тиімді тетігі. Осы жоба бойынша 37 адам жұмысқа қабылданды. Оның ішінде 4 адам – басшылық қызметке, 2 маман, өндірістік орындарға – 7 маман, тағы 24 жұмысшы қабылданды. Бұдан бөлек, тағы да бір жағымды жаңалық, ол бөлімшеде әлеуетті жеткізушілермен сатып алу рәсімі өткізілетін кабинет ашылды. Ол жерде ешқандай да жемқорлық пен жең ұшынан жалғасқан әрекеттерге жол берілмес үшін арнайы бейне және аудио тіркеушілермен қамтамасыз етілген кабинет жабдықталған.

– Вокзалдар жұмысында нендей жаңалықтар бар? Жолаушыларға ыңғайлы жағдай жасауға қатысты қандай да бір іс-шаралар қолға алынды ма?

– Шымкент темір жол вокзалы ғимаратының қайта құру жұмыстарын жүргізу мақсатында «Конструктор-80» ЖШС жобалау ұйымымен 2018 жылы  

10 қыркүйекте №124-ЦРКП келісімшарты жасалған болатын. Соның негізінде 67,0 млн теңге сомасына вокзал ғимаратының тәуліктік жолаушыларды өткізу қабілетін 5500-ден 9000 жолаушыға дейін көбейту есебімен жобалау-сметалық құжаттарын дайындау жұмыстары аяқталып жатыр. Сонымен қатар, Түркістан облысының перспективалық өркендеуі туралы өткізілген үкіметтік комиссия отырысының 2018 жылғы 27 маусымдағы хаттамалық шешімімен Түркістан қаласында да жаңа вокзал салу үшін 26,02 га жер телімі белгіленді.

– Биыл 24 маусым күні Арыс қаласында болған жарылыс салдарынан бүлінген теміржол инфрақұрылымдары сіздерге қарайды ғой. Қайта қалпына келтіру жұмыстары қалай жүрді, сол туралы айтып өтсеңіз?

– Арыста орын алған жарылыс салдарынан инфрақұрылымның 56 объектісі зардап шекті. Атап айтқанда, 7 әкімшілік ғимараты, 2 теміржол вокзалы, 3 орталықтандырылған электрлік қосыны, 3 сұрыптау дөңесінің ғимараты, 1 тартқыш қосалқы станциясы, 10 трансформаторлық қосалқы станциясы, 1 материалдық базасының зат қоймасы және әртүрлі мақсаттарға арналған 30 қызметтік техникалық ғимарат. Айта кетейін, мұның барлығы да бөлімше инфрақұрылымының жұмыстары үшін қажетті нысандар. Әрине, аз жұмыс жасалған жоқ. 176 млн 516 мың теңгеге «Теміржол-Су» акционерлік қоғамы мердігер компаниясымен жасалынған келісімшарт бойынша зардап шеккен нысандар толығымен қалпына келтірілді. Оған қоса 6 692 000 теңгеге жаңа кеңсе жиһаздары, тұрмыстық техникалары қабылдап алынып, орнатылды. Бүгінгі таңда барлық 56 объект қолданысқа берілді. «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының кұралдары есебінен Арыс-1 темір жол вокзалында күрделі жөндеу жұмыстары өткізілді. – Әңгімеңізге рахмет! 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады