Асыл - тастан, өнер - жастан

Сұхбат
20.12.2019, 13:38
Асхат Райқұл

ҚТЖ жастар саясатының арқасында қаншама жас буын өсіп жетіліп, биік мақсаттары мен армандарына қол жеткізді. Жастар жылы қорытындыланып жатқан тұста солардың бірі – Шу жол дистанциясы бастығының орынбасары Дәулетбек Жолдасбаевты аз-кем әңгімеге тартып тілдескен едік.

– Дәулетбек, 10-14 желтоқсан күндері Елордада өткен жас теміржолшылардың кезекті Х форумынан алған әсерің қандай?

– Бұл дәстүрлі форумды біз жыл сайын асыға тосатынымызды неге жасырайын. Өйткені, онда көптеген келелі әңгімелер айтылады, көшелі бастамалар көтеріледі. Ең арысы, бір-бірімізбен тәжірибе алмасып, көрген-баққанымызбен бөлісеміз. Биыл да осы үрдістен жаңылған жоқпыз. Аталған алқалы жиынға Жамбыл облысынан он алты жас теміржолшы барып-қайтты. Көп дүниені үйрендік, көңіл көкжиегін кеңейттік. Форум «БЛАГО» (қауіпсіздік, көшбасшылық, амбиция, мақтаныш, жауапкершілік) тақырыбымен өтті. Саламызға қатысты соңғы технологиялармен таныстық, өзге өңірлердегі әріптестерімізбен емен-жарқын әңгімелесіп, пікірлерімізбен бөлістік. Қайырымдылық шарасына атсалыстық. Ең бастысы, елордаға барып, келген он алтымыздың да дайындықтарымыз жоғары деңгейде болды.

– Былтырғы форумда «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев: «Жастар – өзгеріс көшбасшысы» деген ұжымдық бағдарлама әзірледік. Соның аясында келесі жылы компанияның жүз жаңа есімін анықтаймыз. Қызметте өте белсенді, тың қабілеті бар жас мамандар ғана іріктеуден өтеді» деген еді. Бұл жүздікке біздің өңірден ілінген жастар бар ма?

– Әрине, әлгінде айтылған он алты әріптесімнің ішінде бес маман жүз жаңа есімнің қатарынан табылдық. «Жастар – өзгерістер лидері!» жаңа корпоративтік бағдарламасы шеңберінде «ҚТЖ Лидері», Professional skills, «Үнемді өндіріс бойынша үздік жоба» мен «Цифрлы ҚТЖ» байқауларының жеңімпаздары МВА бағдарламасы бойынша білім алуға, халықаралық тәжірибеден өтуге және «Worldskills Hi-tech» Еуразиялық чемпионатына қатысуға мүмкіндік алды. Басшылықтың өзі осы жүздікке енген жастарды айрықша қолдауды, олардың қызмет жолдарын әркез бақылауда ұстауды тапсырды. Бұл біздің жұмысымызға деген жауапкершілігімізді арттырып, серпін берері сөзсіз. Реті келгенде айта кетейін, жастар форумы осымен 10-шы жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Ал осы аралықта 2000-нан аса жас маман біліктіліктерін арттырып үлгерді. 70 қызметкер түрлі лауазымдарға тағайындалды, 2 маманға шетелде білім алуларына жолдама берілген екен. Көріп отырғаныңыздай, біздің компаниямыз техникалық жұмыстардан бөлек, жастар саясатын жоғарғы деңгейде жүргізіп келеді. Тағы да бір мысал келтіре кетейін, қазіргі таңда «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясында 52 мыңдай жас маман жұмыс істейді. Олардың 13 мыңы жетекшілік қызметтерді атқарады екен. Бұл – сөзсіз жоғарғы көрсеткіш. Компания басшылығы белсенді жастарға қашан да қолдау көрсетуге әзір екенін осыдан-ақ байқауға болады.

– Былтырғы форум аясындағы «Болашақ басқарушылар» және «Менеджмент жобасы» конкурстарында біздің өңірімізден ұсынылған екі жобаның топ жарғаны есімізде. Қателеспесем, оның бірінің жетекшісі сіз болуыңыз керек...

– Дұрыс айтасыз, былтырғы жиында жанжақтан келген жас теміржолшылардан 200-дей жоба ұсынылып, 45-і таңдап алынған. Басшылық тарапынан олар жіті сараланып, зерделеніп, үздіктері марапатталды. Бірінші орынды «Жамбыл магистральдық желісі» филиалының жол диспетчері Ұлан Жүндібаев «Сигналист» датчигі жобасымен жеңіп алған еді. Бұл датчиктің ерекшелігі сол, жылжымалы құрамның жақындап қалғандығын, жұмысшыларға дер кезінде жолды босатуы керектігін алдын ала ескертеді. Сол жолы үшінші орынды да біздің өңір еншілеген болатын. Менің жетекшілігіммен жұмыс істеген топ – №3 телім басшысының орынбасары Асхат Райымқұлов, жол монтері Азамат Құндызбаев, бригадир Бақытжан Тілепбергенов, машинист-автомотористер Азамат Сыдықов пен Жандос Нұрқалықов ұсынған «Электрондық деректер базасы – түйіспейтін жол» жобасы үздіктердің қатарынан көрінді. Ал бұл жобаны түйіспейтін жолдың жағдайын бақылауға арналған бағдарлама (ЭБД-БП) деуге әбден болады. Алдыңғы жылы да Жамбыл өңірінен ұсынылған жоба бірінші орынды жеңіп алған болатын.

– Биылғы бәсеке қалай болды? Ұсынған жобаларыңыз іріктеуден өтті ме?

– Бұл жолы да құрқол қайтқан жоқпыз. Аталған форумға «ҚТЖ-ескертпе» жобасымен барған едік. Іріктеуден оң баға алып, үшінші жүлдені қанжығаладық. Бұл мобильдік қосымшаның артықшылығын айтайын, біздің салаға қатысты барлық ережелер, ескертпелер, техникалық қауіпсіздік шаралары бір бағдарламаға жинақталған. Оны ұялы телефонына жүктеп алған кез келген теміржолшы кез келген жерде, тіпті ғаламтор желісі ұстамайтын аймақтан да көре алады.

Мұндай мобильдік қосымша жасауымыздың себебі де жоқ емес. Теміржол қай кезде де қауіпті аймаққа жатады. Оның бойындағы төтенше оқиғалар, жұмыс барысындағы қателіктер қай кезде де орын алып жататынын жасыра алмаймыз. Олардың көпшілігінің себебі сол, ескертпелерді білмегендіктен, ережелерді ескермегендіктен. Демек, біздің бағдарламамыз жол бойындағы қауіпсіздікті жетілдіруге бағытталған деп біліңіз.

– Бәрекелді, «ақыл – тастан, өнер – жастан» деген, еңбектеріңіз жемісті бола берсін!   

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады