Пандемия жүк тасымалын тоқтата алған жоқ

Сұхбат
14.08.2020, 11:22
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау теміржолына 2017 жылы енгізіле бастаған келісім және коммерциялық жұмыстардың автоматтандырылған басқару жүйесі бұған дейін де өз тиімділігін көрсеткен болатын. Қазір, әсіресе, пандемия жағдайында бұл жоба клиенттермен жұмыс істеуге өте қолайлы әрі таптырмас мүмкіндік болып тұр. Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің логистика және тасымалды ұйымдастыру бөлімінің бастығы Айбек Өтековпен сұхбатымызда бөлімшенің осы тұрғыдағы және өзге де жұмыс көрсеткіштерімен таныстық.

 − Айбек Құмарғалиұлы, өзіңізге белгілі, Сovid-19 пандемиясы ел экономикасына қандай зиян келтіргені. Соның ішінде індеттің салдары Маңғыстау теміржолына қалай әсер етті?

− Иә, қазіргі пандемия жағдайы түбек теміржолының жалпы жүк айналымына әсер етпей қоймады. Жарты жыл ішінде 3 017,0 млн ткм нетто жүк тасымалданды. Көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 96,2 пайызды құрады. Транзиттік жүктер мен бізге басқа бөлімшелерден тиелген жүк көлемі кеміп кетті. Соған байланысты бөлімшеге жүк аз келіп, былтырғыға қарағанда жалпы жүк айналымы орындалмай қалды.

Мысалы, өткен жылы Бейнеу станциясында ұлутас шығатын карьерлерден күніне 70-80 вагонға дейін жіберілетін. Осы жылы ол 45-50 вагонға дейін төмендеп кетті. Карьер тастары батыс аймақтардағы құрылысқа алынатын. Пандемия болғандықтан Атырау жақтан сұраныс та азайған. Дегенмен осыған қарамастан жүк тиеу жоспарын орындадық.

− Көрсеткіштерге тоқталып өтсеңіз...

− Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесі жартыжылдықта компания қойған жалпы жоспардың бәрін орындады. Алты ай ішінде жүк айналымына техникалық жоспар орындалды, жоспар 2868,0 млн ткм нетто болатын. Нәтиже 3 017,0 млн ткм неттоға жетіп, көрсеткіш 105,2 пайызды құрады. Ал жеті айдағы жүк айналымы 102,9 пайызға шықты. Сондай-ақ бөлімше бойынша жүк тиеуде де алты айға белгіленген межеге толық қол жеткіздік. Жоспарда 1 595,0 мың тонна жүк тиеуіміз керек болған. 1 774,7 жүк тиеліп, 113,3 пайызды құрады. Былтырғымен салыстырғанда 0,4 мың тонна жүк артық тиеп, компанияның кірісін осылай жоғарылаттық.

– Логистиканың дамуы, бағыттары мен жалпы географиясы қалай?

− Ең ірі клиентіміздің бірі – «КазАзот» ЖШС, бұл мекеме химиялық тыңайтқыштар тасымалдайды. Серіктестік жарты жылдағы өз жоспарын 116,7 пайызға орындап, биылғы жартыжылдықта өткен жылдан 33 000 тонна жүкті артық жүктеді. Кешегі шілде айында 37 500 тонна химиялық тыңайтқыш жөнелтсе, соның ішінде 21 000 тоннасы Орта Азияға кетті. Бұрын Орта Азиядан ондай көп сұраныс болмайтын, ал өткен айда сұраныс көбейіп, тасымал күрт артты.

Біздің негізгі көрсеткішімізге оң ықпал етіп отырған тағы бір мекеме – «КаспийЦемент» ЖШС. Пандемияға қарамастан осы аталған кәсіпорындар өткен жылғыдан жұмыс қарқынын күшейтіп, жүк жөнелтуін арттыруда. Біз оларды вагондармен уақытында қамтамасыз етіп, қызметті дер кезінде кешіктірмей көрсетудеміз.

Сондай-ақ, тағы бір айта кететін нәрсе – Шетпе станциясынан қиыршық тас тиеудің де көлемі артты. Ол жердегі жөнелтушілер жақсы жұмыс істеп келеді. Қазір Шетпеден Атырау өңірінде Ресейдің Астраханға қарай салынып жатқан жолға қиыршық тас жөнелтілуде.

Бұрындары теміржол тасымалында Бейнеу станциясынан жүктелетін ұлутастың да орны ерекше еді. Ұлутасты бүкіл батыс өңірінің құрылысына пайдаланатындықтан көптеп тиелетін. Кейінгі уақыттарда ол күніне 50 вагонға дейін түсіп кетті. Қазір қайтадан жанданып, 60-65 вагонға дейін көтерілуде.

Сонымен қатар №6 бекетте мұнай тиелетін «Қарақұдықмұнай» мекемесі де биыл жұмысына қайта кірісуде. Өткен жылдары жұмысын тоқтатып тастаған еді. Қазір Орал бағытына мұнай жіберуде. Өткен айда 4500 тонна жөнелтті, осы айда да 3500 тонна жібермек.

Оның 2000 тоннасы тиеліп кетті. Көрсеткішті одан әрі жоғарылатамыз деп отыр. Батыс аймақтарда жол құрылысының жүруіне байланысты «Каспий Битум» ЖШС де өткен айда еліміздің өңірлеріне 39 000 тонна битум жөнелтті. Сонымен қатар, бүгінде «Қазтеміртранс» компаниясымен бірлесіп клиенттермен жұмыс тиімділігін арттыруға жұмыстанудамыз. Өзіміздің осы жердегі жүк жөнелтушілерді «Қазтеміртранс» вагондарымен тасымалдауға тартып, тасымалданатын жүктер номенклатурасын кеңейту жайы қарастырылуда. Соның ішінде химиялық тыңайтқыштар, ПГС, Шетпеде шығатын шебень де бар.

− Халықаралық жүк, транзит тасы-малының қарқыны қалай болып отыр?

− Былтырдан бастап ТМТМ, яғни контейнерлік тасымалдау бағдарламасы іске қосылған. Соған байланысты бүгінде бізден Иранға қарай контейнерлер кетіп жатыр, ол жақтан да келіп жатқан жүк бар. Ақтау портынан Алтынкөлге алты айда алты контейнерлік пойыз жөнелтілді. Бұрын ондай болмаған. ТМТМ маршруты Қытайдан шығатын жүк Қазақстанға өтіп, Каспий теңізімен Әзербайжан, Грузия, әрі қарай Түркия мен Еуропа елдерін қамтиды. Осы жобамен былтыр Ақтау портымен 5603 контейнер, биыл тек алты айда 6194 контейнер жөнелтілді. Оның ішінде ТМТМ бойынша 3570 контейнер. Жалпы 2018-2019 жылдарға қарағанда бізде осы жоба жоғары деңгейде дамуда. Тасымал қарқыны жылдан-жылға артып, жоспар орындалып жатыр.

– Екі-үш жыл бұрын енгізілген келісім және коммерциялық жұмыстардың автоматтандырылған басқару жүйесінің нәтижесі жайлы айтып берсеңіз.

– Айтары жоқ, бүкіл теміржолға енгізілген АСУ ДКР/ККЖ АБЖ бағдарламасының нәтижені жоғарылатуға септігі мол болып тұр. Онымен түгелдей қағазсыз тасымалдауға көштік. Сол бойынша клиенттер онлайн тапсырыс беріп, жұмыс барысы қағазбастылықтан арылды. Бұрынғыша станцияға келмейді және баяғыдай тауар кассасына келіп ақшасын төлеп жүрмейді. Енді ақшасын өз есеп шоттарынан аударады. Программа жүк тиеуге вагонды өзі қабылдайды. Қай бағытқа тиеп жатыр, өзі керек ақшасын алады. Тек клиенттің шотында қаржы болса жеткілікті. Тұтынушыларға бұл өте тиімді болды. Бұл жүйенің уақытында енгізілгені, әсіресе, бүгінгідей карантин кезінде «іздегенге – сұраған» болды. Алғашқы кезде тек қана онлайн тапсырыс беруге болатын. Одан бері тағы да өзгертіліп, өткен жылы түгел қағазсыз технологияға көштік. Ал ағымдағы жылдың бірінші қаңтарынан бастап жоба арқылы клиенттермен қолма-қол ақшасыз есеп айырысу мүмкіндігі туды.

− Тағы да елдегі індеттің салдарына оралсақ. Көп нәрсенің бағасы бірден шарықтап кетті. Бұл жүк тасымалының құнына қандай да бір өзгерістер әкелді ме?

− Пандемия кезінде теміржолда жүк тасымалының құны көтерілген жоқ. Біз, керісінше, пандемияны пайдамызға асыруға емес, өзгелердің пайдасы үшін қолдау көрсетуге тырысудамыз. Яғни, осындай қиындық сәттерде клиенттерге барынша жағдай жасап, жүк жөнелтуші, жүк алушыларға көмектесудеміз. Себебі карантинда кейбір клиенттердің жұмыстары жүрмей, түрлі қиындықтарға тап болды. Біреулерде жүгі келсе де түсіруге адам таппай, алып кетуге көлік жүргізушілері болмай қалды. Сондай себептерден вагондар станция жолында тұрып қалуы мүмкін. Бұрын ол үшін вагонды уақытында түсірмесе, айыппұл салынатын. Жағдайды ескеріп, бүкіл айыппұлдарды алып тастадық. Биыл ең негізгі жұмыс жүк айналымын, жүк тиеу мен түсіру көлемін экономикалық дағдарысқа қарамастан төмендетіп алмай, керісінше, арттыруға қол жеткізсек, ұтқанымыз. Жарты жылдағы көрсеткіштеріміз жаман емес, мақсатымыз – алдағы уақытта да осы қарқынды ұстап, жалғастыру

− Еңбектеріңіз табысты болсын!   

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады