«Шұғыл штаб шешімдеріне сай әрекет етудеміз»

Сұхбат
29.09.2020, 20:39
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Коронавирус пандемиясы биыл барлық салаға үлкен өзгерістер әкелді. Соның ішінде теміржолдың кәсіподақ ұйымының жұмысында да біршама жаңашылдық бар. Ұжымдық шарттың карантиндік жағдайда орындалу барысы туралы «Қазкөліккәсіп» ҚБ «Астана» филиалының директоры Серік Сәрсекеев айтып берді. 

– Ел басына төнген індет ҚТЖ кәсіподағының жұмысына қалай әсер етуде? 

– Негізі біз ғана емес, бейқам өмірге үйренген бүкіл адамзат баласына бұл нәубет оңайға түспегенін айта кеткен жөн. Осы орайда, сала кәсіподағы барлық жұмысын Компания басшылығы шұғыл түрде құрған штабтың шешімдеріне байланысты үйлестіріп отырғанын айтып өтпекпін. Ең алдымен Компания басшылығымен «Қазкөліккәсіп» ҚБ-нің хаттамалық шешімімен жұмыстың мәжбүрлі түрде тоқтап қалуына байланысты барша жұмыскерлерге 50 пайыздық жалақы мөлшерін төлеп тұруға келісім жасалды. Әр аймақтағы кәсіподақтар шама-шарқынша жұмыс берушілерге және жұмысшыларға көмек көрсетті. 

Олар – сақтық шараларына байланысты маскалар сатып алып немесе өз күштерімен тігіп тарату, антисептиктермен, сабын, т.б. қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету, волонтерлік қозғалыс, қала берді күнделікті қажетті тұтыну өнімдерін, азық-түліктер сатып алып, жұмыскерлермен мұқтаж зейнеткерлерге жеткізу сияқты тірліктер. Осының бәрі биылғы Еріктілер жылына орай Компанияда қолға алынған «2020 қайырымдылық іс» аясында өтуде.

– Биыл теміржолшылар балалары жазғы лагерьде демалмады. Ал зейнеткерлер мен еңбек демалысына шыққандардың жолдамалары қалай игерілуде?

– Өкінішке орай, жағдайдың күрделі болуына байланысты биыл балалардың жазғы демалысын және зейнеткерлер мен жұмысшылардың санаториялық-курорттық емделуін ұйымдастыруды да тоқтату туралы шешім қабылданды. 

– Пандемияға байланысты Ұжымдық шарт қайта қарастырылуы мүмкін бе? 

– «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен оның еңбек ұжымы арасындағы Ұжымдық шарттың жалпы бағасы 9 млрд теңге шамасында. Компания басшылығы кәсіподақпен бірлесе отырып жұмыскерлермен зейнеткерлерді қолдау шараларына бөлінген қаражатты қысқартпауға шешім қабылдады. Ол жұмыс беруші мен жұмыскерлер тарапының әлеуметтік жауапкершілігін көрсетеді деп ойлаймын. 

– Кәсіподақ ұйымын басқаратын, сол ұйымда жұмыс істейтін қызметкер үшін ең алдымен не қажет деп ойлайсыз? 

– «Қазкөліккәсіп» ҚБ Орталық Кеңесі басшылығы, аймақтағы төрағалар мен төрайымдар – өз істерін абыроймен атқарып отырған азаматтар. Негізі кәсіподақта жұмыс істейтін адамдар – өздерінің ұстанымдары бар, қоғамда болып жатқан жағдайларға немқұрайлы қарай алмайтын адамдар. Бастауыш ұйымдарымызды да нағыз жанашыр жандар басқарып отыр деп айта аламын. Кәсіподақ Федерациясының съезіндегі бағдарламалар бізді еңбек адамының әлеуметтік экономикалық құқықтарын қорғауға, оларға еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ең бастысы еңбекақыларының лайықты болу мәселелерін назарда ұстап, шешуге жұмылдырады. Демек, кәсіподақ лидері болу үшін ең алдымен жан-жақты белсенділік қажет деп ойлаймын. 

– Өзіңіз осы салада неше жылдан бері қызмет етіп келесіз? Осы аралықтағы жұмыс нәтижесі сізге не үйретті? 

– Мен теміржол саласына осыдан 20 жыл бұрын әлеуметтік саясат басқармасының бас маманы болып келдім. Содан бері бірнеше әлеуметтік жобалардың іске асуына мұрындық болдым, оның ішінде «Отан», «Жеңіс», «Түрксібке 75 жыл», «Менің Қазақстаным», «Астанаға махабатпен» әлеуметтік пойыздарының ұйымдастырушыларының бірі болғанымды мақтаныш етемін. Теміржолшылар үшін тағы бір маңызы зор жоба – ол 2006 жылдан енгізілген машинистер мен олардың көмекшілеріне салалық жәрдемақы төлеу мәселесі. Осы жобалар негізінде 2007 жылы «Ұлттық Ғылыми Медициналық орталығы» РМК-ның диссертациялық Кеңесінде «Саланы реформалау кезіндегі теміржолшыларды медициналық-әлеуметтік қолдау көрсетудің негізгі бағыттары» тақырыбында кандидаттық қорғап, медицина ғылымының кандидаты атағын алдым. 2008 жылдан бастап кәсіподақ жұмыстарымен айналысып, 2010 жылы алғаш рет «Астана» филиалының төрағасы болып сайландым. Содан бері өзіме сенім артқан еңбек адамының жанашыры болуға тырысудамын. 

– Әңгімеңізге рахмет, қызметіңіз жемісті болсын!

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады