Былтыр пойыз қауіпсіздігіне қатысты 137 факт тіркелген

Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Кеше Компанияның орталық аппаратында өткен жылдың және ағымдағы жылдың қаңтар айының жұмысын қорытындылаған кеңейтілген кеңес өтіп, онда мал-жанның пойызға басылып қалуы, жол-көлік оқиғалары, тауарлық-материалдық құндылықтарды ұрлау, кірме жолдарда қосалқы құрамдардың жолдан шығып кетуі сынды мәселелер қаралды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетовтің төрағалығымен онлайн және офлайн форматта өткен жиынға Орталық аппараттың қозғалыс қауіпсіздігімен тікелей байланысты қызметкерлерімен бірге ҚР Бас көлік прокуратурасы, Көліктегі полиция департаментінің өкілдері, еліміздің өңірлеріндегі жүк тасымалы және магистральдық желі бөлімшелерінің басшылары мен құзырлы орган өкілдері қатысты.

Алдымен өндірістік қызметтің эксплуатациялық көрсеткіштеріне тоқталған Қанат Әлмағамбетов әрі қарай қауіпсіздік мәселесіне көшті. Өткен жылы пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін бұзған 137 оқиға болған және бұл көрсеткіш 2020 жылға қарағанда 22 оқиғаға төмендеген. Алайда, былтыр қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылғанын жасыруға тырысқан 8 оқиға тіркеліпті. Бұл оқиғалар Павлодар, Алматы, Жамбыл, Шымкент, Атырау, Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшелері мен Павлодар, Алматы магистральдық желі бөлімшелерінде орын алған. Қанат Есмұханұлы мұндай әрекетке барғандар жауапсыз қалмай, қатаң шара қолданылатынын, өткен жылы осындай әрекеттері үшін бірнеше басшы қызметтерімен қоштасқандарын атап өтті. Ал биыл мұндай жағдай болып жатса, бөлімшелер басшыларымен бірге қауіпсіздік аппаратының ревизорлары да сұралатынын мәлімдеді.
Сонымен қатар қаңтар айында қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылғанына қатысты 13 оқиға тіркелгенін айта келіп, әрі қарай еңбек қорғау ережелерінің бұзылуы, жүктердің сақталымын қамтамасыз ету мәселелеріне ойысты. Биылғы ақпан айында 7 ереже бұзушылық болыпты. Ал өткен жылы жүктің ұрлануына қатысты 20 оқиға тіркелген. Бұл 2020 жылға қарағанда 6 оқиғаға төмен. Десек те, контейнерлердегі пломбаларды бұзу оқиғаларының өскені байқалады. Қанат Әлмағамбетов теміржол көлігіндегі ұрлыққа арагідік теміржолшылардың да қатысы бар екенін жасырмады. Сондықтан, мұндай келеңсіздіктердің алдын алу үшін өңірлерде теміржолшылар арасында тәртіпті күшейтіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізу керектігі ескертілді.
Өткен жылы адамдардың пойыз астына түсіп қалған 84 оқиға тіркеліпті. Бір ғана Ақтөбе жол бөлімшесі аумағында 18 оқиға орын алған. Жол-көлік оқиғасы бойынша 2021 жылы 26 факті тіркеліп, бұл көрсеткіш 2020 жылға қарағанда 70% өсе түскен. Кірме жолдардағы вагондардың жолдан шығуы да теміржолшылардың «бас ауруына» айналғаны және бұл мәселеге зерттеу жұмысына теміржол компаниясы қатыса алмай, қауқарсыздық танытып отырғаны да айтылды. Осы мәселеге қатысты Бас көлік прокуратурасы теміржолмен бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендерін жеткізді.
Көліктегі полиция департаментінің өкілі кей жағдайда теміржолшылардың ұрлық-қарлық фактілерін бүгіп қалуы немесе тергеуге көмектеспеуі ұзақ уақытты алатынын, тіпті кейде ұрының ізін суытып алуға әкелетінін жасырмады. Сонымен бірге полиция қызметкерлері мен теміржолшылардың да бірлесе ұрлық оқиғасын жасырған фактілері болғанын, тек Көліктегі полиция департаментіне қарасты Жеке қауіпсіздік басқармасының араласуымен ұрлық оқиғасы әшкереленгенін, сәйкесінше полиция қызметкерлері де, теміржолшылар да тиісті жазаларын алғанын айтты.
Ал «Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС-нің аймақтық филиалдарымен өткен жылы қылмыс көп орын алатын теміржол телімдерінде 5294 тексеру жүргізіліпті. Сондай-ақ, қылмыстық әрекеттер жоғары станцияларға бейнебақылау орнатылып жатқаны белгілі болды

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты