Қазақстан Ташкентте өткен «Көлікті үйлестіру комитетінің» арнайы отырысына қатысты

Жаңалықтар
31.10.2022, 12:29
Оқуға 2 мин

Түркі мемлекеттері ұйымының Хатшылығы Ташкентте «Көлікті үйлестіру комитетінің» арнайы отырысын өткізді. Алқалы жиында Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Венгрия және Түркменстанның құзырлі ведомстволарының басшылары бас қосты. Отырысқа еліміздің атынан Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов бастаған делегация қатысты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Вице-министр Түркі кеңесіне мүше елдер арасындағы автомобиль көлігі саласындағы ынтымақтастық артып келе жатқандығын атап өтіп,  көлік-логистикалық кешеннің дамуы – экономикалық және сыртқы сауда байланыстарының маңызды құрамдас бөлігі екендігін айтты. Сондай-ақ Алмаз Ыдырысов елдер арасындағы байланыссыз сыртқы сауданы және мультимодальды көлік жүйесін дамыту қажеттігіне тоқталды.

Басқосу барысында Транскаспий халықаралық көлік дәлізі бойындағы көлік-транзиттік операциялар және Каспий теңізінде жүк паромдарымен тасымалдауды бірлесіп іске қосу мәселесі де талқыланды. Бұдан бөлек,  «ТМҰ мүше-мемлекеттері арасындағы халықаралық аралас жүк тасымалы туралы келісім» жобасы назарға алынды.

Осы орайда айта кетерлігі, ұйымға мүше мемлекеттердің басшылары өткен жылды қорытындылап, келесі жылға қойған мақсаттарды айқындау үшін Түркі мемлекеттері ұйымы жыл сайын белгілі бір тақырыптар бойынша саммиттер өткізуді дәстүрге айналдырған болатын. 2021 жылы 12 қарашада Ыстамбұл қаласында өткен 8-ші Саммит барысында ұйымға мүше мемлекет басшылары сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін көлік және транзит мәселелерінің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар жиында Транскаспий халықаралық «Шығыс-Батыс» дәлізін тиімді және кедергісіз бағытқа айналдыру мақсатында қолайлы жағдай жасауды әкімшілік рәсімдерді жеңілдетуді жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілген болатын.

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды