ҚТЖ қызметкерлері өндірістік қатынастар мен ішкі коммуникацияның жаңа қырларын үйренді

Жаңалықтар
14.12.2022, 15:26
Оқуға 2 мин
©Rail-news.kz

Осы жылдың 6-8 желтоқсан аралығында IR-ге жауапты «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының қызметкерлері үшін алғашқы оқыту курсы өтті. Тыңдаушылар жаңа дағдыларды игеріп қана қоймай, IR-ге қатысты мәселелерді шешуде тәжірибе алмасты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Оқыту барысында «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметкерлері өздерінің тұжырымдамалары мен тәсілдерімен Қордың портфельдік компанияларымен бөлісе отырып, осы вектордағы жоспарлы жұмыс  компанияда бірнеше жылдан бері жүргізіліп келе жатқанын жеткізді.  2018 жылдан бастап ҚТЖ арнайы киім мен аяқ киімнің сапасын, сондай-ақ қызметкерлердің санаторлық-курорттық демалыс процесін жақсарта алды. Бұдан басқа, еңбек ұжымдарымен кездесу үшін өңірлерге топ-менеджменттің шығу тәжірибесі енгізіліп, 2021 жылы «Қолайлы еңбек жағдайларын жасау» бағдарламасы іске асырылса, соның арқасында 572 жұмыс үй-жайын жөндеуге, теміржолшылар үшін сегіз мың бірлік тұрмыстық техника сатып алуға мүмкіндік туды. Бұл жұмыс қазіргі уақытта да жалғасуда.

Сондай-ақ, үш күн ішінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметкерлері өндірістік қатынастар мен ішкі коммуникацияның жаңа қырларын үйренді. Бағдарлама өте тығыз болды: қатысушылар өндірістік қатынастар дамуының тарихы туралы білді, жеке шектеулер мен әр түрлі еңбек бұзушылықтарына төзбеушілік саясаты туралы әңгімелесті, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі саласындағы ҚР заңнамалық-нормативтік актілерін жадтарында жаңартты.  

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың қыркүйегінде «Самұрық-Қазына» басқармасы өндірістік қатынастарды дамыту жөніндегі корпоративтік стандартты бекітті және сонымен бірге әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникациялар орталығына IR дамыту жөніндегі бірыңғай оператор мәртебесін бекітті. ӘІКО жанындағы өндірістік қатынастарды дамыту бөлімі басшысының м. а. Жаннұр Ділдабаева орталықтың компаниялар құрғанды   бұзуға ниеті жоқ екенін, бірақ қабылданған IR моделіне барынша бейімдеуге тырысатынын атап өтті.

- Біздің корпоративтік стандарт «Теңізшевройл», жергілікті портфельдік компаниялар мен халықаралық ұйымдардың тәжірибесі, әлеуметтік-еңбек қатынастары бойынша статистиканы талдау, сондай-ақ пилоттық IR-скринингтер негізінде құрылды. Нәтижесінде жұмыстың үш негізгі бағыты анықталды: әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар, жұмыс орнындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, ішкі коммуникациялар. Олардың барлығы үш күндік оқуда көрініс тапты. Бұл осындай алғашқы шара, – деді Жаннұр Ділдабаева іс-шараға қатысушыларға.

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды