Қауіпсіздікті қамтамасыз ету – ортақ міндет

Қауіпсіздік
19.08.2025, 10:57
Суретті түсірген Әділ ҚАЙЫРБЕКОВ
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Төрегелдиннің төрағалығымен теміржол көлігіндегі қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңейтілген кеңес өтті. Дөңгелек үстел басына теміржолшылар, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері жиналды. Жиында, мал-жан басуды және жол-көлік оқиғаларын барынша азайту, жеке тармақ иелерінің кірме жолдарында жылжымалы құрамның жолдан шығуын болдырмау шаралары талқыланды.

Сонымен қатар 2025-2027 жылдарға арналған Қазақстан темір жолдарындағы мүліктің қауіпсіздігі мен сақталу деңгейін арттыру жөніндегі жол картасының іс-шаралары қаралды.  

Кездесуге қатысушылар теміржолдағы жарақаттанудың басты себебі азаматтар мен автокөлік иелерінің қауіпсіздік ережелерін бұзуы болып отырғандығын атап өтті.  

«Белгіленбеген жерлерден өту, кейде құлаққаптарда теміржол өткелдерін кесіп өту, ішімдік ішкендер мен көлік жүргізушілерінің теміржол өткелдерінде ереже сақтамауы қайғылы статистиканың негізгі себептері болып отыр. Көбінесе локомотив бригадаларының кәсібилігі соққылардың алдын алуға мүмкіндік береді. 2025 жылдың 6 айында машинистер жол бойында бөгде адамдардың шығуына байланысты 288 шұғыл тежеу қолданды, өткелдерде ЖКОның 54 жағдайының алдын алды», – деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің директоры Марат Шакенов.  

Кеңесте адамдардың белгіленбеген орындарда темір жолды кесіп өтуі және өткелдерде тыйым салу сигналынан өткені үшін жауапкершілікті қатаңдату бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру, сондай-ақ заманауи технологияларды пайдалана отырып, бұзушыларды бейне және фотофиксациялаудың автоматты жүйесін енгізу мүмкіндігін қарастыру қажеттігі атап өтілді.  

Теміржол маңында мал жаю ережелерін сақтамау пойыздардың қауіпсіздігі мен жолаушылардың өміріне қауіп төндіретіні айтылды. ҚТЖ теміржол бойына қоршаулар салуды жоспарлы түрде жүргізіп келеді. 2025 жылы 12 000 км астам қоршау салынып, жөнделуде. Алты ай ішінде мал басу саны 33% төмендеді. Бұдан басқа, ҚТЖ әкімдіктерге құқық қорғау органдарымен және мал иелерімен бірлесіп, төрт түлік теміржол маңына жақын келгенін анықтау және уақытылы шара қабылдау үшін үй малын чиптеуді ұйымдастыру туралы ұсыныс жолдады.  

Магистральдық желі дирекциясының директоры Сәкен Рахметов теміржол өткелінде жол-көлік оқиғасының жиі орын алатынына алаңдаушылық білдірді. Оның айтуынша, оған автокөлік құралдары жүргізушілерінің жол қауіпсіздігі ережелерін өрескел бұзуы бірден бір себеп болып отыр. Олардың өрескелдігі сонша, тіпті кейде жабық шлагбаумдарды айналып өтуге және тыйым салу сигналына өтуге дейін баратыны сөз болды. Әлбетте, қауіпсіздік ережесін бұзушылық жазасыз қалмасы анық. ҚТЖ компаниясы ІІМ мен ККМ бірлесе отырып, 2025 жылдың 13 наурызынан бастап теміржол өткелдерінде Ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейткен. Енді теміржол өткелдеріндегі жол қозғалысы ережесін бұзушыларға 10- нан 20 АЕК-ке дейін (39 320 теңгеден 78 640 теңгеге дейін) айыппұл салынатын болады.  

«Теміржол өткелдерінен өту ережелерін бұзушылықтар санын азайту бойынша пәрменді шаралардың бірі – бұзушылықтарды тіркейтін фото және бейнетіркеу кешендерін орната отырып, айыппұл салуды автоматтандыру. Осы мақсатта ЦЖС пилоттық жоба шеңберінде тиісті мекемемен келісімге келе отырып, 10 өткелге бейнебақылау жүйесін орнатты. Бұл жобаның жоғары тиімділігін нәтижесі көрсете бастады. Бір мысал, Жаңа-Қарағанды – Майқұдық аралығындағы өткелде жүйе орнатылғанға дейін жылына 480 ереже бұзушылық тіркеліп келсе, «Бүркіт» жүйесі енгізілгеннен бері бұзушылық 2,4 есе төмендеген. Бұл жоба жеке инвестициялар есебінен іске асырылып, мемлекет, азаматтар және жалпы қоғам үшін мультипликативті әсер етуде. 2025 жылға арналған жоспарда 40 өткелді жарақтандыру көзделіп отыр», – деді Сәкен Рахметов.  

Дөңгелек үстел басында «Жолаушылар тасымалы» АҚ өкілі «2025-2027 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының темір жолында мүліктің қауіпсіздігі мен сақталу деңгейін арттыру жөніндегі» Жол картасы пункттерінің іске асырылу барысы туралы хабарлады. Жол картасының 4-тармағы бойынша көзделген іс-шараларды орындау шеңберінде жолаушылар вагондарында бейнебақылау жүргізу туралы жолаушыларды хабардар ету туралы нақты шаралар қабылданған. Мәселен, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның барлық өңірлік филиалдарына «ЗИКСТО» ЖШС-нен сатып алынған жаңа жолаушылар вагондарында «Бейнебақылау жүргізілуде» деген жазуы бар ақпараттық тақтайшаларды міндетті түрде орналастыруды көздейтін ресми нұсқау жіберілген. Бұдан басқа, жаңа жолаушылар вагондарын одан әрі жеткізу шеңберінде әрбір вагонды бейнебақылау жүйесімен міндетті жарақтандыру көзделген. Бұл жүйелерге дербес деректерді қорғау және тасымалдау қауіпсіздігі жөніндегі нормативтік актілердің талаптарына сәйкес бейнематериалдарды жазу және сақтау мүмкіндігі бар жоғары ажыратымдылықтағы камералар кірмек.  

Жолдың жоғарғы құрылымының элементтерін ұрлау фактілері де теміржолшылардың алаңдаушылығын тудырады. Ағымдағы жылдың 6 айында ұрлықтың 6 жағдайы және бүлінудің 4 жағдайы тіркелген. «ҚТЖ» ҰК» АҚ қауіпсіздік департаментінің директоры Марат Шакеновтің айтуынша, ұрлық жасағаны үшін жазаны қатаңдату және металл сынықтарын қабылдау пункттерін патрульдеу тәжірибесін қайта бастау қажет. Кездесуде ҚТЖ станцияларына іргелес жатқан жеке кәсіпорындардың инфрақұрылымы қанағаттанғысыз жағдайда екені көтерілді, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың теміржол мен автомобиль жолдары қиылысатын жерлерде және жаяу жүргіншілер қозғалысы қарқынды учаскелерде жол өтпелерін, туннельдер мен жаяу жүргіншілер көпірлерін салу қажеттігі сөз болды.

 

Әлеумет
23.06.2026
Ұжымдық шарт игілігі: Теміржолшылар демалыс кезінде шипажайларға жеңілдікпен жолдама алады
Аймақтар
23.06.2026
Сыр өңірінде жүк тасымалы жаңа деңгейге көтерілді
ҚТЖ келбеті
23.06.2026
Семейлік инженер халықаралық тәжірибе жинақтады
Станция тынысы
23.06.2026
Махаббат станциясы
Спорт
23.06.2026
Қызылордалық теміржолшылар ракетка шеберлерін анықтады
Спорт
23.06.2026
Жамбылдық теміржолшылар бильярдтан Кәсіподақ кубогін сарапқа салды
Жаңалықтар / Мұрағат
23.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №48 23 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
22.06.2026
Қазақстанның көлік саласына инвестициялар
Жаңалықтар
22.06.2026
Брюссельде Еуропа мен Азия арасындағы негізгі маршруттың болашағы талқылануда
Жаңалықтар
22.06.2026
ҚМГ мен ҚТЖ мұнай өнімдерінің логистикасына цифрлық бақылау енгізді
Инфрақұрылым
22.06.2026
Талдықорған теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
22.06.2026
ҚТЖ халықаралық көлік дәліздері үшін LTE-R бірыңғай цифрлық желісін құрады
Қауіпсіздік
22.06.2026
Теміржолшылар төтенше жағдайға қаншалықты дайын?
ҚТЖ келбеті
22.06.2026
Түлкібастық инженердің жобасы миллиондаған қаражатты үнемдеді
Жүк тасымалы / Апта саны / Инфографика
22.06.2026
ҚТЖ желісімен 130 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Инфрақұрылым
22.06.2026
Ақтөбе вокзалы мерзімінен бұрын, тамыз айында пайдалануға берілмек
Әлемде
22.06.2026
ЕҚДБ Өзбекстан темір жолын цифрландыруға 38,4 млн еуро бөледі
Жаңалықтар
21.06.2026
Жолаушылар пойызының машинисі бес жасар баланы басудың алдын алды
Жаңалықтар
20.06.2026
Алатау қаласында жаңа автокөлік көпірі пайдалануға берілді
Жолаушылар тасымалы
20.06.2026
«Жолаушылар тасымалы» АҚ билет құнын есептеудің жаңа жүйесін енгізеді