Ұлы ақынды ұлықтады

Жаңалықтар
19.08.2025, 10:10
Суретті түсірген Әділ ҚАЙЫРБЕКОВ
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС ұлы ақын, ойшыл, философ, қазақтың рухани жаңғыруының символы – Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай мазмұны терең, тағылымы мол мәдени іс-шара өткізді.

Шараның алғашқы бөлігі – рухани бағыттағы пікір алмасу алаңында қатысушылар Абайдың өмір жолы, шығармашылық мұрасы, қара сөздеріндегі терең философиялық ойлар және олардың қазіргі қоғамдағы мән-маңызы туралы ой қозғап, өзара пікір алмасты. Дөңгелек үстел барысында Абайдың адамгершілік қағидалары мен ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі рөлі сөз болды.  

Келесі кезеңде қатысушылар танымдық әрі қызықты форматтағы «Qwiz Show» интеллектуалдық сайыс өткізді. Оларға Абайдың өмірбаяны, өлеңдері, қара сөздері, қанатты сөздері мен шығармаларындағы тәрбиелік мәнге қатысты сұрақтар қойылып, өз білімдерін сынға салды.  

Іс-шараға арнайы шақырылған Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институтының директоры, PhD докторы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Жандос Әубәкір, тағы басқа қонақтар тың деректермен, қызықты фактілермен және Абай мұрасының мәнін тереңнен түсіндіретін әсерлі әңгімелерімен бөлісті.  

«Бүгін біз Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына арналған мерекелік іс-шарада бас қосып отырмыз. Осы мерейтой – тек ұлы тұлғаны еске алу ғана емес, оның өшпес мұрасын жаңа буынға жеткізудің маңызды сәті. Абай – қазақ халқының мақтанышы, ұлт руханиятының темірқазығы, даналықтың символы. Өндіріс саласында еңбек етіп жүрген теміржолшылардың да ақынның өлеңдерінен, әндерінен, қара сөздерінен рухани нәр алып, ұлы Абайды ұлықтап, керемет кеш өткізгеніне шын қуанып отыр. Өркендерің өссін, Абайды танудағы білім көкжиектерің кеңейе берсін», – деп ақжарма тілегін жеткізді Жандос Мағазбекұлы.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты