Теміржолшы мамандығына грант саны артуда

Аймақтар
19.08.2025, 10:14
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Ақтау қаласындағы М.Тынышбаев атындағы Ақтау ALT көлік колледжі теміржол мамандықтары бойынша бес бағытта білім береді. Өткен жылы 140-қа жуық студент теміржол мамандықтарын алып шықса, биыл білім ордасы екі жүзге жуық грант бөліп отыр.

Колледждің қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Шынар Жұмабекованың айтуынша, осы оқу жылында жалпы сегіз мамандық бойынша 375 мемлекеттік грант бөлінсе, соның 175-і болашақ теміржолшыларға арналған. Теміржол бағытында берілген гранттың ішіндегі басымдылық «Теміржолдың тартқыш жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету» мамандығына берілген. Яғни бұл бағытта білім аламын деушілерге 75 грант қарастырылса, 11-сыныпты бітіріп оқуға тапсырушылар үшін «Теміржол құрылысы, жол және жол шаруашылығы» мамандығы бойынша 25 грант берілген.  

– Өткен жылы білім ордасынан 138 студент теміржол мамандықтарын алып шықты. «Теміржолдың жылжымалы тартқыш құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету» бағытында 46 студентке техник-электромеханик біліктілігі берілді. Тағы 35 түлек теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару мамандығын меңгеріп, тасымалдауды ұйымдастырушы техник біліктілігін алды. Автоматика, телемеханика және теміржол көлігінде қозғалысты басқару бойынша 29 шәкірт, Теміржол құрылысы, жол және жол шаруашылығы мамандығына сәйкес 11 студент оқу бітірді. Теміржолдың вагондар мен рефрижераторлы жылжымалы құрамдарын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету мамандығы бойынша 17 студент түлеп ұшты. Солардан бүгінгі күні бізге өздерінің хабар беруі бойынша бірнеше шәкіртіміз жергілікті теміржол мекемелерінде жұмысқа орналасты. Атап айтсақ, Нұрсұлтан Елубаев есімді студентіміз Маңғыстау теміржол бөлімшесінде тепловоз машинисінің көмекшісі болып жүр. Бекжан Оңбаев деген шәкіртіміз Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінде №10 бекетте СОБ электромонтері болып еңбек жолын бастады. Бағдат Жұмағали есімді түлегіміз «Otpan Logistic» ЖШС жолаушылар вагонының жолсерігі жұмысына орналасты. ҚТЖ ұлттық компаниясы мен колледж арасындағы меморандумға сәйкес шәкірттеріміз қазір жұмысқа орналасып, еңбек жолдарын бастап жатыр, – дейді колледж директорының өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Берік Аманиязов.  

 

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды