Рысбике – өткел кезекшісі

Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Теміржол тармақтары көбейіп, автокөліктер саны еселеп артып, қозғалыс жиілеген сайын теміржол мен автожолдар қиылысындағы өткелдерде қауіпсіздікке ерекше назар аударылады. Яғни теміржолшылар үшін өткелдер қауіпсіздігі бірінші орында деуге болады. Осы орайда өткел кезекшілерінің жауапкершілігі арта түсері анық.

Атырау жол дистанциясының 515-ші өткелі арқылы тәулігіне 4-5 жұп жүк пойызы өтеді. Жүк пойыздары Ақжайық станциясында сұрыпталып, қайтадан кері қайтады. Міне, осы өткел кезекшісі Аманова Рысбике станция кезекшісінің хабарламасымен және кей пойыздарды сигнал арқылы қабылдап, өткізіп отырады.  

515-өткел – вокзал маңы, қаланың шет жағы болғанымен қозғалыс көп, автокөлік өте жиі жүреді. Күніне ерсілі-қарсылы жүздеген көлік өтіп, пойыздар Ақжайық станциясына күні-түні келіп-кетіп жатады. Бұл маңда кірме жолдар да көп. Соларға бару үшін пойыздар маневр жасайды, сол кезде көлік кептелісі көбейеді. Рысбикенің міндеті – пойыздарды кідіртпей өткізіп отыру. «Өтпе кезекшісі болу оңай емес. Өте жауапты жұмыс. Бүгін жұмысқа күндізгі ауысымға түстім. Жұмыс уақыты – 12 сағаттан. Жұмыс ауыр, қозғалыс қалың. Әсіресе, таңғы сегіз бен тоғыздың арасында және кешке жұмыс уақыты аяқталар кезде қалаға кіретін-шығатын көлік көп, бәрі қалаға жұмысқа барады, кешкісін үйлеріне қайтады. Біз пойыз келерден 2-3 минут бұрын жолды жабамыз. Пойыз өтем дегенше кейбір жүргізушілер сигнал беріп, шыдамы жетпей жатады. Бірақ біз үшін қауіпсіздік – ең басты талап. Оны сақтау – біздің міндетіміз», – дейді Р.Аманова.  

Рысбике ұзақ жылдар Атырау жол дистанциясының Мұқыр телімінде жол жөндеуші болып жұмыс жасаған. «Жолдасым Мәлік екеуміз Қызылқоға ауданы Мұқыр станциясы теліміндегі 279-разъезде жол жөндеуші болып жиырма жылдың үстінде жұмыс істедік. Жол жөндеушінің жұмысы оңай емес екені белгілі. Соның ішінде қысы-жазы, күні-түні жол күтімін жасау әйел адамға қиын екен. Содан балалар өсіп келеді, оларды оқытып, тоқытып, болашағын ойлау керек деп 2010 жылы қалаға көшіп келдік. Мен ҚТЖ компаниясының әйел адамдарды ауыр жұмыстан шығару жайлы арнайы бағдарламасына орай осы өткелге кезекші болып ауыстым. Өткел кезекшісі болу физикалық тұрғыдан жол жөндеушіге қарағанда жеңіл деуге болар, бірақ жауапкершілігі жоғары. Әрине, зейнет жасы әйелдер үшін 58 жас болғанда, былтырдан зейнеткерлікте болар едім. Өкінішке қарай, оны созып жібергені біз секілді өмір бойына ауыр жұмыс жасағандар үшін оңай тиіп жатқан жоқ. Денсаулық сыр берді. Енді 61-ге дейін «шықпа жаным, шықпа» деп жүреміз. Зейнетке шыққанша жұмыс жасауға осылай мүмкіндік беріп, қамқорлық жасап отырған Компанияға рахмет, енді осы жерден зейнетке шығамыз деген үмітіміз бар. Алдымен бала-шағамыз аман болсын, солардың қызығын көруге жазсын. Алда 8 наурыз мейрамы, соған орай қазақ әйелдерінің барлығына бақыт тілеймін», – дейді төрт баланың анасы, немерелерінің әжесі Рысбике Аманова.  

 

Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды

Басқа да жаңалықтар