Бейнебақылау камерасына баға берсек...

Цифрландыру
26.09.2025, 10:59
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда ғана газетімізде локомотивтерге бейнетіркегіш құралдар орнату жайын сөз еткен мақала жарық көрді. Онда 2025-2027 жылдарға арналған Жол картасына сәйкес «ҚТЖ-Жолаушылар локомотивтері» ЖШС 76 жолаушылар локомотивіне бейнетіркегіш орнату жоспарланғаны айтылған. Қазіргі кезде 60 локомотив толық жабдықталып, жыл соңына дейін тағы 5-іне орнатылып, қалған 11 локомотив келесі жылы жабдықталмақ.

Жалпы, локомотивтерді күтіп-баптау мен пайдалануға жауапты мамандар бұл жабдықтарды орнатудағы мақсат – пойыздардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етуде тиімді екенін айтады. Бірақ оны іске асыру оңай емес әрі бұл расымен де өте өзекті мәселе болып тұр. Осы орайда бүгінгі әңгімемізді өңірлерде қолданыста жүрген локомотивтердің бейнетіркегіш камералармен жарақтандырылуы жөнінде өрбітпекпіз.  

Аймақтағы ең ірі Арыс локомотив пайдалану депосымен байланысып, нақты деректер алудың сәті түспеді. ТЧЭ-32 мекемесі оңтүстіктегі ең іргелі әрі ауқымды локомотив пайдалану депосы болып табылатындықтан, біршама көрсеткіштерді осы жерден байқауға болатындай еді. Себебі, бұл кәсіпорынның шоғырланған орны республикалық маңызы бар қала санатындағы Шымкентте емес, яки болмаса, облыс орталығы деп танылған Түркістанда емес, облыстық маңызы бар Арыс қаласында орналасқан. Солай бола тұра бұл депо осы күндері Жамбыл мен Қызылорда облысы және Өзбекстанға шығар жылжымалы құрамдар қозғалысын қамтамасыз етіп келеді. Яғни, қарамағындағы айналым деполары (Шымкент, Түркістан) арқылы осы үш бағыттағы пойыздардың жүріп-тұруын үйлестіреді деген сөз.

Күллі түркінің рухани астанасы атанған Түркістан қаласы облыс орталығы атанған соң, қаладағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің даму динамикасы күрт жоғарылағаны белгілі. Мұндай сипат өңірдің теміржол шаруашылығы саласына да оң өзгеріс алып келіп, күре жолдың бойына қан жүргіртті. Осыны негізге ала отырып, Түркістан локомотив пайдалану депосына хабарласып, жай-күйін сұрағанымызда депо бастығының өндіріс жөніндегі орынбасары Нұрсұлтан Исабеков бүгінгі таңда мекемеде ТЭ33А сериялы 17 бірлік магистральдық тепловоз бен ТЭМ-2 сериялы 3 бірлік локомотив бар екенін алға тартты.  

– Біздің қолданыстағы 20 бірлік локомотивтің ешбірі де бейнетіркегіш камерасымен жабдықталмаған. Себебі, бұлардың зауыттан шыққан кездегі техникалық сипаттамасында аталған мәселе мүлдем қарастырылмаған. Ал енді оған қосымша өзгеріс енгізу үшін әрине біз тиісті мекемелердің келісім, рұқсатымен ғана іске асыруымыз керек. Дегенмен, бейнетіркеу камерасын орнату мәселесі Ұлттық компанияның басымдыққа ие жоспарының санатына енгендіктен, бұл бағытта тиісті деңгейде жұмыстар жүргізілуде деп ойлаймын, – дейді Нұрсұлтан Бауыржанұлы.  

КӨРШІ ЕЛ ТӘЖІРИБЕСІНЕ СҮЙЕНСЕК...  

«Бақсақ – бақа екен» демекші, бейнетіркегіш камера орнату мәселесі оп-оңай іске асырып, жеңіл орындай салатындай жоба емес екен. Өндірістің ішінде жүрген мамандардың сөзінше, қосымша құрылғы орнатудың машақаты майшаммен қаралатын жағдай ма дерсің. Ал енді бұл қанша жерден озық технологиялы оңтайлы әдіс десек те, жаңашыл сипаттағы құрылғыны қолданыстағы «ескі» локомотивтерге үйлестіріп қондыруға айрықша еп те керек сыңайлы. Әрине, бұл мәселе бәлкім соңғы жылдары жаңадан шыққан локомотивтерде оң шешімін тапқан болар. Бірақ, біздің деполарда кеңес заманында шыққан электровоздар мен тепловоздар аз емес екені әмбеге аян. Енді не істемек керек?!.  

Осы аралықта «ол неге керек?» деген сұрақ көзіқарақты оқырманның көкейінде туындауы заңдылық шығар. Енді соған жауап іздеп көрелік...  

Іс жүзінде локомотивтердің соқтығысуы салдарынан туындайтын зардап-залалдың ақ-қарасын ажырату кезінде көп жағдайда осы бейнетіркегіш құралдары өзінің тиімділігін көрсетеді. Сол себептен де оқыс оқиғалар кезінде машинистер өз әрекетінің дұрыстығын дәлелдеу үшін ұялы телефонының бейнекамерасын пайдалануға мәжбүр. Бір қызығы мұндай сәттер аз емес көрінеді...  

Жалпы, осы бейнетіркегіш құралдарын орнатудың тиімділігі соңғы 3-5 жылдықта көрші Ресей елінде қолданысқа ене бастады. Ал теміржолды технологиялық жабдықтармен жарақтандыруда екі ел бір-бірімен етене араласып жатыр. Осы жағдайды ескерсек бейнетіркегіш құралдарын орнату әдісін көрші елден үйренуді жатсынудың еш әбестігі жоқ. Сондықтан да орайы келгенде ресейлік теміржолшылардың осы бағыттағы әрекетін мысал ретінде алға тартқанды жөн көрдік.  

Жалпы, мұндай жаңашылдықты жүзеге асыруда ресейлік «ТМХ Интеллектуальные Системы» ЖШС-і болып табылады. 2022 жылы Ресей аумағындағы өнеркәсіптік аумақтарда сынақтан өткізіле бастаған мұндай жоба 2024 жылы Қазақстандағы ірі көмір өндіруші кәсіпорынның бірі «Богатырь Көмір» ЖШС-нің локомотивтеріне сынақ ретінде орнатылды. Жоба аясында 15 локомотив қашықтан бейнебақылау жүйесімен (СДВ) жабдықталды. Нәтижесінде, кәсіпорындағы қауіпсіз қозғалыс көрсеткіші күрт жоғарылаған. Өйткені, СДВ Жоба Күллі түркінің рухани астанасы атанған Түркістан қаласы облыс орталығы атанған соң, қаладағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің даму динамикасы күрт жоғарылағаны белгілі. Мұндай сипат өңірдің теміржол шаруашылығы саласына да оң өзгеріс алып келіп, күре жолдың бойына қан жүргіртті. Осыны негізге ала отырып, Түркістан локомотив пайдалану депосына хабарласып, жай-күйін сұрағанымызда депо бастығының өндіріс жөніндегі орынбасары Нұрсұлтан Исабеков бүгінгі таңда мекемеде ТЭ33А сериялы 17 бірлік магистральдық тепловоз бен ТЭМ-2 сериялы 3 бірлік локомотив бар екенін алға тартты. – Біздің қолданыстағы 20 бірлік локомотивтің ешбірі де бейнетіркегіш камерасымен жабдықталмаған. Себебі, бұлардың зауыттан шыққан кездегі техникалық сипаттамасында аталған мәселе мүлдем қарастырылмаған. Ал жүйесі локомотивті тізгіндеу кезінде машинисттің төңіректі алақандағыдай анық бақылауына зор мүмкіндік берген. Осылайша, өндіріс орындарында жұмысшылардың жарақат алуы азайып, локомотивтердің соқтығысу оқиғалары да төмендеген. Ал маневрлік қозғалыс кезінде машинисттің сол учаскедегі жағдайды еркін бақылауына зор мүмкіндіктер ашылған.  

ҚҰРЫЛҒЫ ҚАЛАЙ ОРНАТЫЛАДЫ?  

Ресейлік компанияның жобасы негізінде әзірленген жүйенің негізгі бөлігі болып табылатын бақылау камерасы локомотивтің алдыңғы бөлігіндегі автоматты муфтаның тұмсығына «ілінеді», ал бейне көрсететін моноблокты компьютер экраны машинист кабинасына орнатылады. Осы екі аралық мобильді бейнебақылау блогымен байланысты LTE желісі немесе қызмет көрсету аймағын қамтитын өндірістік Wi-Fi, яки болмаса басқа қолайлы радиоарна желілері арқылы қамтамасыз етіледі.  

Айрықша атап өтерлігі сол – жылжымалы құрам сапында вагон санының көп не аз болуы бейнебақылау жүйесінің қалыпты жұмыс істеуіне ешқандай да кері әсері тимейді. Сол сияқты бейнетіркеу камерасын вагон соңындағы автоматты муфтаның тұмсығына орнату үшін де қосымша бекітпе құрылғылар қажет етілмейді. Тіпті, құрылғыны бас-аяғы 15 секундта орнатуға болады.

Ал іске қосылған камераның көмегімен машинист тәуліктің кез-келген уақытында 100 метр қашықтыққа дейінгі аралықты анық бақылауда ұстай алады. Сонымен қатар, инфрақызыл диапазондағы кескіндердің көмегімен 50 метрге дейінгі радиустар пен 40 пайыздық көрсеткішке тең еңіс-дөңестерде қалыпты бақылау жағдайы қамтамасыз етіледі. Ол аз десеңіз, монитордағы кескінді сызықтар арқылы қозғалыс кезінде қандай да бір кедергіге дейінгі арақашық оңай анықталады. Ал бейнетіркегіш камерадағы аккумуляторлық батареяның қуаты -40 °C-тен төмен температурада кемінде 12 сағатқа дейін жұмыс істеуге қауқарлы.

Осылайша, іс жүзінде сынақтан өтіп машинистер арасында оң бағаланған бейнетіркегіш камера, әсіресе көріну шектелген қиын жағдайларда жұмысын жеңілдететін ыңғайлы, пайдалы және сенімді құрал ретінде өзін тиімді жағынан көрсетті.

Аймақтар
27.08.2026
Абай облысында Дегелен вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
27.08.2026
Қызылордада теміржолшылар «Әл-ауқат апталығын» бастады
Жаңалықтар
27.08.2026
Stadler компаниясы Қазақстандағы жаңа өндіріске 14 миллиард теңгеден астам инвестиция салмақ
Әлемде
27.08.2026
Өзбекстанда Қытайдың CRRC компаниясы шығарған алғашқы push-pull пойызы пайдалануға берілді
Инфрақұрылым
27.08.2026
Сингапур Орта дәлізді дамытуға атсалысады
Жолаушылар тасымалы
27.08.2026
Алматы – Ташкент бағытында «Әйелдер вагоны» іске қосылады
Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды
Әлемде
26.08.2026
Болгарияда Skoda Group электропойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Әлемде
26.08.2026
Жапонияда Токио – Нагоя маглев желісінің құрылысы қайта жандануы мүмкін
Жаңалықтар
26.08.2026
Қазақстанда қала маңы электр пойыздары жаңартылады
Жаңалықтар
25.08.2026
Бурабай курортының теміржолшысы 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Жүк тасымалы
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл