Үлгілі ана

Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Біздің кейіпкеріміз Жанбота Жұмаеваны көрген жан оны алты балалы ана деп ойламасы анық. Отағасы Сатыпалдымен шаңырақ көтергендеріне ширек ғасырдан асса да өңін бермеген келіншек ширақ қимылымен, белсенді іс-әрекетімен үйде де, түзде де ортасына сыйлы.

Қайда да қоғамдық жұмыстардың ортасынан табылатын Жанбота 2020 жылы ауылда өткен сайыста «Үлгілі ана» атанса, 2021 жылы Атырау жүк тасымалы бөлімшесі басшылығынан «Жыл қызметкері» дипломына ие болыпты.  

«Күміс алқа» иегері, алты баланың анасы еңбек жолын осыдан 35 жыл бұрын Ганюшкино жол дистанциясында жол жөндеуші болып бастаған. Әкесі Қадырғали да өмір бойына станция-разъездерде кезекші, анасы Оқиза жол жөндеуші болыпты. Жанбота да жұмыс істей жүріп өлке теміржолшыларының ұстаханасы Гурьев темір жол техникумында білім алады. Бітірген соң 10-бекетке станция кезекшісі болып ауысады. 2021 жылдан бастап өзінің тұрғылықты жері бойынша Исатай станциясында станция кезекшісі болып істеп жүр.  

«Шағын разъезде тұрудың өзіндік қиындығы мен қызығы да бар. Қаладан алыс болғандықтан мұнда ерекше мектептер, лицей, гимназиялар жоқ. Біз ата-ана ретінде олардың білімді болғанын қалаймыз. Олардың өмірден өз орнын табуы үшін жатпай-тұрмай еңбектенудеміз», – дейді Жанбота.  

Үлкендері Жұлдыз бен Асылай – медицина саласын таңдапты. Ұлбосын мен Аминат студент, Жаңылсын мен Мерейлім Атырау қаласындағы мектеп-гимназияда оқып жатыр. Ұлболсын Түркия елінде университет жанынан білім жетілдіріп келіпті. Жұлдыз болса бүгінде тұрмыс құрып, үш балалы болған.  

Отағасы екеуі осы алты қызғалдағы үшін аспандағы айды алып беруге дайын. Ертең 8 наурыз күні Сатыпалдының шаңырағы шаттыққа толады. Өйткені ойдан-қырдан жиналған қыздары аналарын құттықтауға келіп, міндетті түрде бас қосады.  

Ерте тұрмыс құрған қыздардың бір ұтары – балалары өздерімен құрдастай қатар өседі. Жанботаға да жұрт қызығатыны сол, қыздары өзінің қатар құрбылары секілді, сырлас-мұңдас, бір-бірінен жасыратын құпиялары жоқ. «Қыз қамқоршы деген бекер сөз емес екен, жолдасым екеуміз ауырып сырқай қалсақ, бәрінің жандары қалмай жүгіріп жүріп дәрі-дәрмекті тауып, той-томалақ, садақаға баратын болсақ керек-жарағымызды түгендеп жүреді», – деп күледі күміс алқалы келіншек.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті

Басқа да жаңалықтар