Мақаттың қызы

Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Жалпы, Атырау өңірінде жергілікті кадрлардың қалыптасуы Мақаттан бастау алады. Тоғыз жолдың торабы саналатын Мақатта темір жол кәсібі бүгінде ұрпақтан ұрпаққа ауысып, сабақтастыққа ұласты.

Яғни, сонау 1960 жылдардың ортасында қалыптасқан теміржолшылардың балалары, немере, шөберелері бүгінгі күні шойынжолда абыройлы еңбек етуде. Біздің кейіпкеріміз Ұлмекен Құрманқұлова 1965 жылы Мақат кентінде дүниеге келіпті. Әкесі Ғарифолла құқық саласында қызмет атқарса, анасы Мағира локомотив депосында, өндірістік-техникалық қызмет көрсету бөлімінде еңбек еткен. Ұлмекен де мектеп бітірген соң еңбек жолын станцияда вагондар нөмірін жазатын санақшы болып бастап, аз-кем тәжірибе алған соң осы салада біржолата бағын сынауға шешім қабылдап, Алматы темір жол көлігі инженерлері институтына оқуға түседі. Оны тасымалды ұйымдастыру және басқару мамандығы бойынша бітіреді. Сосын өз мамандығы бойынша қозғалыс саласына ауысып, 2002 жылы Мақат станциясының кезекшісі, ал 2011 жылдан күні бүгінге дейін станциялық диспетчер болып қызмет атқаруда.  

– Тоғыз жолдың торабында орналасқан Мақат станциясы арқылы жүк және жолаушылар пойызы әрлі-берлі толассыз ағылып жатады. Станциялық диспетчердің міндеті – сұрыптау жүйесін, маневрлік жұмыстарды бақылау, станциядағы техникалық құралдарды тиімді пайдалану, станция жұмысын алдын ала жоспарлау, пойыздарды қабылдау-жөнелту, тарату-жинақтау, бос вагондарды реттеу сынды жұмыстар. Өзім осы Мақатта туып өскен соң, көзімді ашқаннан көріп келе жатқаным – темір жол. Менің өмірім де, өнерім де, бақытым да осы темір жол деп білем, – дейді Мақаттың қызы.  

Өзінен үлкен екі апасы да теміржолшы болды, бірі депода, бірі қызмет көрсету пунктінде еңбек етіп, бүгінде зейнеткерлікке шыққан. Ұлмекеннің жолдасы Мұрат – мұнайшы. Екеуі ұл-қыз тәрбиелеп өсіріп, олардан бүгінде немере-жиен сүйіп отыр. «Жұмыста да, отбасында да бәрі жақсы. Өзім биыл 58-ге шығамын. Зейнеткерлікке дейін үш жыл бар. Соған аман-есен жетейік. Темір жол – менің туған Мақатым үшін негізгі тіршілік көзі. Сондықтан оның түтіні түзу шыққанын қалаймыз. Жетістік те, кемшілік те аз емес, техникалық құралдар ескіріп жатыр, ғимараттар тоза бастады. Бәрін жаңартатын кез келді. Жас буындар жаңаша жұмыс жасаса екен дейміз. Еңбек орнында әсіресе нәзік жандарға жайлы болғанын қалаймыз. Мейрам құтты болсын, өмірге шуақ сыйлайтын қыз-келіншектеріміз бақытты ғұмыр кешсін», – дейді Ұлмекен Ғарифоллақызы.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті

Басқа да жаңалықтар