ҚТЖ-да Сиань қаласындағы жүк терминалының құрылысына қатысты мәселелер талқыланды

Жаңалықтар
15.06.2023, 14:49

«ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Кедентранссервис» АҚ басшылығы мен қытайлық Xi'an Free Trade Port Construction and Operation Co., LTD компаниясының бас директоры Юань Сяоцзюнь Сиань құрғақ портының аумағындағы жүк терминалын салу бойынша бірлескен логистикалық жобаны жүзеге асыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Кездесуде техникалық және ұйымдастырушылық-әкімшілік мәселелері талқыланды. Жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу, жер телімдерін ресімдеуді жылдамдату бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді. Терминалды 2023 жылдың соңында пайдалануға беру жоспарлануда.  

Сонымен қатар қытай тарапы Транскаспий халықаралық көлік бағдарының заманауи логистиканың негізгі байланыстырушы бөлігі ретіндегі рөлін атап өтті және Ақтау қаласы портында контейнерлік хаб құру жобасына қызығушылық танытты.  

«Кедентранссервис» АҚ транзиттік жүк ағынын дистрибуциялау және шоғырландыру орталықтарын, дамыған инфрақұрылым құру үшін ішкі және сыртқы, соның ішінде Қытай аумағында терминалдар желісін жасау бойынша жобаларды жүзеге асырады.  

Xi'an Free Trade Port Construction and Operation Co., LTD компаниясының ҚТЖ-ның инфрақұрылымдық жобаларындағы әлеуетті қатысу мәселелерін зерделеу және алдағы ынтымақтастықты нығайту үшін Сиань портынан келген делегация Алтынкөл, Алматы және Ақтау портындағы терминалдарды аралады.

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады