Қылмыстық іс бойынша сіздің өтінішіңіз қабылданбаса не істеу керек?

Жаңалықтар
17.06.2023, 18:40

ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Аймақтық көліктік басқармасы құқықтық көмек алуды түсіндірді.

ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің және оның аумақтық басқармаларының қызметіндегі басым бағыттардың бірі ретінде есепке алу-тіркеу тәртібі саласындағы заңдылықты қадағалау, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы хабарламаларды есепке алуы, тіркеуі және шешуі болып табылады.

Тіркелмеген, сондай-ақ негізсіз шешім қабылдау арқылы есептен жасырылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтауға ерекше назар аударылады.

«Егер сіз қылмыс құрбанына айналып, бұл жөнінде құқық қорғау органдарына хабарлап, олар қылмыстық істі тіркеу шараларын қабылдамай немесе Сіздің өтінішіңіз қараусыз қалдырса, Сіз құқықтық көмек алу үшін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі көмитетінің Аймақтық көліктік басқармасына Астана қаласы, Ж. Омаров көшесі, 60 мекен жайына хабарласуыңызға болады: 8 (7172) 32-05-40, - делінген хабарламада.

Өтініштердің тиісінше қаралмауының мәселелері бойынша жедел әрекеттерді ұйымдастыру мақсатында Комитет «SMS-хабарлама» қызметін әзірледі және оны Басқарма белсенді қолдануда.

Өтініш берушіге автоматты режимдегі байланыс арқылы қабылданған шешім туралы хабар беріледі, қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда SMS-те көрсетілген телефон нөмірі бойынша жүгінуге болатындығы түсіндіріледі.

«Қылмыстарды есептен жасыру өңірдегі криминогендік ахуалды жалған түрде жайлы етіп көрсетуге алып келді. Қылмыстарды жасыру келеңсіздігіне көнбеңіз, өйткені Сіздің конституциялық құқықтарыңыз бұзылады», - делінген хабарламада.

 

Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды