Қазақстан өзінің транзитті ел екенін дәлелдей түсті – ҚТЖ төрағасы

Жаңалықтар
04.10.2023, 12:23
Суретті түсірген Александр Жабчук
Әділет Мұсахаев

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің тілшісі

Соңғы үш жылда Қазақстан темір жолы тасымал бойынша тарихи жетістіктерге жетуде. Осы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша жүк айналымы 7%-ға артып отыр. Бұл туралы «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев Астанада өтіп жатқан VI Халықаралық «New SILK WAY» көлік-логистикалық бизнес-форумында айтты.

Оның айтуынша, негізгі өсім транзит арқылы болып отыр, оның үлесі 25 пайыз. Мұндай көрсеткіштер Қазақстанның транзитті ел екенін айқындай түседі. 

Сонымен қатар ол тасымалды арттыру үшін инфрақұрылымдық әлеуетті жақсартуға көңіл бөлініп жатқанын атап өтті. Оның ішінде Достық-Мойынты желісінің екінші жолы салынып жатыр және Мемлекет басшысының тапсырмасымен тағы үш жобаның құрылысы басталады. Ол Бақты-Аягөз, Алматы айналма жолы және Дарбаза-Мақтаарал желісі. Оған қоса Шығыс-батыс және Солтүстік-оңтүстік бағыттары маңызды болып отыр. 

Дегенмен, бұл жобаларды іске асыруда бір қатар қиындықтар бар деген Басқарма төрағасы тасымалдаудың мультимодельді нұсқасын құру үшін қажетті басты трендтерді атап өтті.

«Қазір жаһандық тасымал өзгергенін көріп отырмыз. Мәселен, Солтүстік-оңтүстік сияқты жобалар алдыңғы орынға шығуда. Ресейдегі 300 млн тоннаға жуық жүк шығу жолын іздеуде. Ал, Қазақстан арқылы Иран мен Қытайға жеткізілетін жүгі 6 есеге артты. Сондықтан біз осындай жүк легіне бейімделе білуіміз керек. Екіншіден әлемдегі ең ірі тасымалдаушылар бізге назар аудара бастады. Бұл елімізге ірі ойыншылардың келіп, инвестиция құйуына жағдай жасайды», – деді Н. Сауранбаев.

Айта кетсек, іс-шараға 23 елден 500-ден астам делегат қатысып жатыр.

Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді