«Көлік министрлігі пойыз вагондарын жаңарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді» – министр

Жаңалықтар
12.10.2023, 17:46

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары атқарылған жұмыс шеңберінде есеп беріп, Үкімет мүшелері – министрлерге өз сауалдарын жолдады.  

Отырыс барысында көлік министрі Марат Қарабаев авиабилет бағасын төмендету бойынша қабылданып жатқан шаралар, сондай-ақ «Астана-Алматы», «Талдықорған-Өскемен» және «Үшарал-Достық» автомобиль жолдарын қайта жаңарту жөніндегі жобалардың іске асырылу барысы туралы халық қалаулыларының тарапынан туындаған сұрақтарға жауап берді.

Теміржол саласындағы жолаушылар тасымалының сапасы төңірегінде қойылған сауалға жауап бере отырып, Көлік министрлігінің басшысы аталған мәселе жылжымалы құрам паркінің жай-күйіне тікелей байланысты екенін атап өтті. Бүгінгі таңда жолаушылар вагондары паркінің орташа пайдалану мерзімі 18 жылды құрайды. Ведомство басшысының айтуынша, 2010 жылдан бастап бүгінге дейін 1 238 вагон сатып алынған.

«Жолаушылар тасымалының сапасын жақсарту мақсатында көлік министрлігі вагондар паркін жаңарту және вагон ішіндегі сервис сапасын жақсарту бойынша жүйелі жұмыстарды жүргізіп келеді. Биыл отандық «ЗИКСТО» зауытымен 150 вагон сатып алу бойынша шарт жасастық. Өткен жылы  Stadler компаниясынан 537 вагон сатып алуға келісімшарт жасалған болатын. Келер жылы қосымша 157 вагон сатып алуды жоспарлап отырмыз», - деді Марат Кәрімжанұлы.

Осылайша, қолға алынған нақты шаралардың нәтижесінде 2030 жылға қарай вагондарды орташа пайдалану мерзімі 18 жылдан 13 жылға дейін төмендейді деп жоспарланып отыр.

 

Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды
Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады