ҚТЖ-да рационализаторлықты дамытудың жаңа тетіктері ұсынылды

Жаңалықтар
26.10.2023, 10:19
Оқуға 2 мин
Сара Сахынбек

«ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығы» филиалы базасында Республика күні қарсаңында «Жаңашылдық - өсу перспективалары» тақырыбында рационализаторлар кеңесі болып өтті. 

Оның қорытындысы бойынша – «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Қамқор вагон» ЖШС және «Қамқор локомотив» ЖШС арасында рационализаторлық қызмет саласында даму және тәжірибе алмасу мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы үшжақты келісімге қол қойылды.

Іс-шараға «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылымдық бөлімшелерінің, еншілес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ ғылым, білім беру, конструкторлық-сынақтық орталықтары мен жөндеу ұйымдарының өкілдері қатысты.

Айта кетейік, 24 қазан күні «Кітапхана қызметкері күні» кәсіби мерекесі атап өтілді, сондықтан «Кітап - жаңашыл идеяларға жолсерік» кітап көрмесіне ерекше назар аударылды. Орталық аппараттың ғылыми-техникалық кітапханасының жаңартылған кітап қоры ұсынылды.

Кеңесте ұсынылған баяндамаларда компаниядағы рационализаторлық қызметті ұйымдастыруға және оны дамытудың жаңа тетіктеріне назар аударылып, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етудегі, заманауи ақпараттық-талдамалық материалмен қамтамасыз етудегі жаңашылдықтың маңыздылығы атап өтілді.

Конструкторлық орталықтарды дамытуға, көлік-логистика және телекоммуникация салалары үшін ғылыми кадрлар даярлауға ерекше назар аударылды.

Қорытындыда «Теміржол автоматикасы мен телемеханика жүйелері мен құрылғыларының сенімділігін арттыру», «Электрмен жабдықтау құрылғыларының сенімділігін арттыру», «Жүк вагондарын жөндеу технологиясын жетілдіру», «Тасымалдау процесінің технологиясын жетілдіру» номинациялары бойынша «Үздік рационализаторлық шешім» байқауының қорытындылары шығарылып, жүлдегерлері марапатталды.

Көкшетау, Қостанай, Қарағанды, Алматы, Ақтөбе және Атырау магистральдық желісінің ғылыми-техникалық ақпарат орталықтарының бастықтары көп жылғы адал еңбегі және рационализаторлық, ақпараттық-талдау және кітапхана қызметін дамытқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті