100 жас есім: Модульдік оқу жалғасуда

Жаңалықтар
28.11.2023, 09:46
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «100 жас есімі» бағдарламасы аясында қарашаның 20-сы мен 23-ші аралығында оқытудың 3 модулі онлайн форматта өтті. Оның ашылуына қатысқан компанияның бас инженері Батыр Котырев аталған бағдарламаның артықшылықтарын айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.  

Бағдарлама аясында жас мамандар арнайы шақырылған спикерлерден дәріс тыңдап, түрлі тақырыпта өткен вебинарларға қатысты. 4 күнге созылған модульдік білім алу қорытындысында емтихан тапсырып, алған білімдерін қорытындылады.  

– Оқыту кезінде Zoom платформасы арқылы «Қаржылық сауаттылық», «Уақытты басқару» және «Тәртіп әдебі» тақырыптарында вебинарлар өткізілді. Оқытудың 3-ші модулінде кәсібилігімізді тағы мәрте шыңдадық, жаңа білім игеріп, дағдыларды дамыттық. Мысалы, «Қаржылық сауаттылық» тақырыбындағы вебинарды спикер Әсел Ауылбекова өткізді. Бұл семинардан бюджетті басқарудың тиімділігін, қаржылық пирамидалардың, несиелердің түрлерін, бағалы қағаздар нарығының құралдарын танып білдік. Осындай оқыту бағдарламасын жүзеге асыратын Әлеуметтік саясат департаменті, оқытуды ұйымдастырушылар командасына және спикерлерге алғыс білдіремін, – дейді «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Экспресс» филиалы Алматы учаскесінің жолсерігі Диана Бимбетова.  

Сонымен қатар «Уақытты басқару» вебинарын спикер Алмаз Амалбеков өткізді. Бұл семинарда қатысушылар уақытты қалай тиімді басқаруға, адамдардың психотиптерін қалай жіктеуге, Эйзенхауэр матрицасын қызметте қалай тиімді пайдалануға болатынын анықтап білді. Оқытудың соңғы күні «Тәртіп әдебі» тақырыбында спикер Латина Сатарованың вебинарында нағыз кәсіпқойдың этикалық қасиеттері, мүдделер қақтығысы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, әріптестер арасындағы ішкі коммуникациялар сынды тақырыптар қозғалды.

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты