ҚТЖ-да мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті

Жаңалықтар
23.02.2024, 08:49
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ мен оның еншілес ұйымдарында мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті. Күн тәртібінде мемлекеттік тілді дамыту секторының 2023 жылдың екінші жартысындағы жұмыстары мен компанияда мемлекеттік тіл саясатын іске асыру және құжат айналымы, аталған комиссияның биылға жоспарын бекіту, қызметкерлер арасында қазақ тілінің қолданылу барысын анықтау сауалнамасының қо- рытындысы және осы бағыттағы ұсыныстар қаралды.

Жиынға «ҚТЖ» ҰК» АҚ аппарат басшысы, әрі аталған комиссия төрағасы Серік Кеулімжаев және барлық деңгейдегі филиал, департамент, еншілес ұйымдар директорлары мен олардың орынбасарлары қатысты.  

– Президентіміз ҚасымЖомарт Тоқаев «Қазақ тілі мәңгілік мемлекеттік тіл тұғырында болады. Ана тіліміздің қолданыс аясын арттыра беру – мемлекеттің міндеті. Бұл жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді» деген болатын. Мемлекет басшысы осы бағытта нақты тапсырмалар беріп, елімізде 2023-2029 жылдарға арналған мемлекеттік тіл саясатын дамыту тұжырымдамасы бекітілген. Соны негізге ала отырып, компаниямызда бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес мемлекеттік тіл саясаты дамытылатын болады, – деді Серік Кеулімжаев.  

Комиссия төрағасы осындай мемлекеттік стратегиялық маңызды құжатта көзделген міндеттерді орындау үшін компанияда арнайы комиссия құрылып, басшылық оның ережесін бекіткенін атап өтті.  

Ұлттық компанияның Мемлекеттік тілді дамыту секторының меңгерушісі Ербол Тоқтағазы ҚТЖ-да бұл саясат қалай жүзеге асырылып, қандай басым бағыттарға көңіл бөлінетінін айтты, алдағы мақсат-міндеттері және жоспарымен де таныстырып өтті. Бұл құжатта негізгі мақсат ретінде компанияда мемлекеттік тілді оқыту, қолдану іс-қағаздарының ана тілінде қолданылуын қамтамасыз ету, мәдени-көпшілік, бұқаралық спорттық шаралар өткізуде қызметкерлердің мемлекеттік тілді қолдануы, көрнекі ақпараттарда пайдалану, құжат айналымындағы үлесін арттыру, насихаттау жұмыстары қарастырылған.  

Былтыр компанияның сыртқы және ішкі шығыс құжаттарының мемлекеттік тілде шығарылуы төмен деңгейде болды. Алдағы уақытта жақсы көрсеткішке қол жеткізу үшін нақты шешімдер қабылдап, тиісті жұмыстар жүргізу қажеттілігі отырыста айтылды.  

Осы саясатты жүзеге асыру аясында компанияда мемлекеттік тілді білуге арналған «Ана тілім – ардағым», «Үздік маман», «Мемлекеттік тіл – достық тірегі» байқауларын өткізу, аударма, терминология мәселелері бойынша семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру, мемлекеттік тілді білудің арқасында жетістікке жеткен тұлғаларды дәріптеу, «Үздік құрылымдық бөлімше», «Үздік филиал», «Үздік еншілес ұйым» аталымдары бойынша марапаттау іс-шара жоспарында көзделген.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады