Алматыда «ЕСЭ ASIA-2024» халықаралық контейнер форумы өтеді

Жаңалықтар
27.02.2024, 09:55
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Сәуірдің 25-26 күндері Алматы қаласында «ЕСЭ ASIA-2024» халықаралық контейнер форумы өтеді.

Іс-шара барысында бизнес қауымдастығы, мемлекеттік қызметкерлер мен сарапшылар жаһандық контейнер нарығындағы ағымдағы жағдай мен үрдістерді, Азия мен Ресей елдерінің көліктік интеграциясының мүмкіндіктері мен перспективаларын талқылайтын болады.  

Контейнерлік тасымал саласындағы ірі бизнес іс-шара 2010 жылдан бері өткізіліп келеді. Оған Ресей, Қытай, Қазақстан, Түркия, Тәжікстан мен Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азияның өзге де елдерінен 150-ден астам тұрақты компаниялары қатысуда.  

CILT Central Asia президенті Нұрлан Игембаевтың айтуынша, бұл контейнерлік тасымалдауды дамытуға және көлік компаниялары арасындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған тиімді коммуникациялық алаң. Халықаралық логистикада біліммен, ресурстармен және технологиялармен алмасу байланысты нығайтып қана қоймай, жүк тасымалын оңтайландыру үшін инновациялық жолдарды қалыптастырып, саланың тұрақты дамуын қамтамасыз етпек.

Биылғы форумның күн тәртібінде трансазиялық көлік дәліздерін қалыптастыру және кеңейту мәселелері, посткеңестік кеңістікте контейнерлік тасымалдауды дамытудың ағымдағы бағыттары бар. Бірінші күні форумға қатысушылар пленарлық пікірталаста аймақтық мемлекеттердің көлік саясаты: ынтымақтастық мүмкіндіктері; контейнерлік логистиканы дамытудағы елдердің әлеуеті; Орталық Азияның транзиттік әлеуетін іске асыру: негізгі драйверлер мен тежеушілер; Трансазиялық көлік дәліздерін дамыту перспективалары мен шектеулері. Интеграциялық мүмкіндіктер; Темір жол көлігімен жүк тасымалының өсуіне ықпал ететін негізгі факторлар; Халықаралық көлік дәліздерінің теміржол инфрақұрылымын дамытудың басымдықтары, Орталық Азия елдері арқылы транзит кезінде бөгеттерді жою перспективаларын талқылайды. Сонымен қатар форум шеңберінде «Жаһандық контейнерлендіру: сын-қатерлер мен перспективалар» тақырыбында панельдік және «Көліктік логистика және кедендік декларация. Өзекті міндеттер мен практикалық шешімдер» тақырыбында практикалық  сессиялар өтпек.  Ал екінші күні форумға қатысушыларға  Алтынкөл – Қорғас шекаралық өткеліне таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылып, олар «Алтынкөл» станциясын, «Нұрлы жол»  өткізу пунктін, «KTZE-Khorgos Gateway» құрғақ портын араламақ.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты